Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет183/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Солға ма әлде оңға ма? 
Мен қарт білдекшімін, сондықтан фрезаға түзетудің табынушысы болған емеспін. 
Маған әрқашан тригонометрия туралы кітапты ашып, бағдарламаланған радиустар мен 
бұрыштарды бапқа келтіру, «G41» және «G42» ерекшеліктеріне қарағанда жеңілдеу болып 
көрінетін. «Егер осылай болмаса, онда менің жете түсінбегенім». Қалай болса да мен көп 
мақсатты білдектегі жырашықтардың, жамдардың, интерполяцияланған саңылаулардың 
және басқа бөлшектердің көлемін бақылау қажет болған тұстарда фрезаға түзету жасаудың 
маңыздылығы туралы дауласпаған болар едім.
Атауынан көрініп тұрғандай, «фрезаға түзету», шын мәнінде, құралдың радиусқа 
немесе фрезаның диаметріне негізделген қозғалыс траекториясын ретке келтіреді (құрал 
қозғалысының бағдарламаланған траекториясымен салыстырғанда). «G41» пәрмені «D» 
мәнімен бірге құралды осы шамаға оның бағдарламаланған жолынан солға қарай жылжытады 
(көрініп тұрғандай, егер фреза қозғалысы бағытында қарасақ), ал «G42» оны оңға қарай 
жылжытады. Көптеген машиналар «D» деп белгіленіп, қосқан кезде жалпы жылжуды құрайтын
тозу жиынтығы мен геометриялық жылжуды пайдалануды қолдайды. Келесі берілген 
фрезерлеу коды болып табылады (11-3-суретті қараңыз): 


184 
11-3-
сурет.
Көпмақсатты СББ 
білдегіндегі диаметрі 1/2 дюйм 
бүйірлік фрезаға түзетудің 
мысалы
.
 
«Корп. Хаас Аутомэйшн (Haas Automation, Inc.)» 
рұқсатымен 
Фрезаға түзетуді пайдалану кезінде құралды бөлшектен «D» (№2 жол) мәніне 
қарағанда аздап үлкендеу қашықтықта орналастыру, бөлшекке оны қосқан кезде 
көрсетілгендей (№6 жол) бір бағытпен таяну және операция аяқталған соң «G40» пәрменінің 
(№10 жол) көмегімен фрезаға түзетуді тазарту маңызды болып табылады.
Кешірім өтінемін, жону білдектеріне қайтадан оралсақ. «G40», «G41» және «G42» көп 
мақсатты білдектердегідей жону білдектерінде де жақсы жұмыс істейді, бір ерекшелігі олар 
жасайтын жұмыс фрезаға түзетудің орнына «кескіш ұшының радиусына түзету» деп 
аталады. Ереже негізі бұрынғыдай. Құралды позициялау, өңдеуді бастау, әсем шығу ‒ міне, 
осылар да қажет. Айырмашылығы, кескіш ұшының радиусы жону құралын және соған 
түйісетін жылжытуды шақырған кезде автоматты түрде іске қосылады.
Бағдарламаға берілген түсіндірмелердегідей, егер бұл сіздің міндетіңізді 
жеңілдететін болса, жолдардың нөмірлерін пайдаланыңыз. СББ білдектері
оларға ішкі бағдарлама сілтеме жасаған кезде ғана қызықты (осы тараудың 
аяғына таман қарастырамыз). Алайда жолдардың нөмірлері ‒ қағаз таспалар 
дәуірінің тағы бір сарқыншағы, ал көптеген цехтар құралды алмастырған 
сайын оларды барынша аз пайдалануға тырысады, мысалы, жаңа 
операцияны тағайындау үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет