Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет191/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жоғары 
қысыммен 
майлағыш-салқындатқыш 
сұйықтықты 
(МСС) 
пайдаланыңыз. 11-тарау бұрғыны бағдарламалауды және жоңқаны майдалайтын әрі 
салқындатқыш сұйықтықты саңылауға шығаратын шұқу қайталымының маңыздылығын нақты 
сипаттайды. Дегенмен егер сізде ақылды цех бар болса, осының бәрін ұмытсаңыз болады, 
себебі сіз жоғары қысыммен салқындатқыш сұйықтықты және өтпелі құралдарды немесе 
салқындатқыш сұйықтықты бергішті пайдаланасыз. Осы жағдайда ең терең деген ұңғыманы 
бұрғылаудың өзі ешқандай орынсыз шұқуды қажет етпейді. Қатты қорытпалы бұрғылар, әрине, 
ең жақсылары болып табылады, алайда ауыстырмалы ұштығы бар немесе тіпті ауыстырмалы 
кесетін пластиналары бар бұрғылар да жеткілікті, әсіресе саңылау артынан бұрғылау 
қайрағымен не кеңейткішпен өңделетін болғанда.
Саңылауды өте тік, жұмыр және тегіс етіп жасау керек пе? «Google» 
іздегішінде «менің ауданымдағы жанғыштауды» теріңіз. Егер сіз айтарлықтай 
үлкен қалада тұратын болсаңыз, онда тым болмағанда жанғыштау мүмкіндігі 
бар бір цех болуы тиіс. Жанғыштау қозғалтқыш блоктарындағы, тежегіш 
цилиндрлеріндегі, гидравликалық коллекторлардағы және басқа да көптеген 
қолданыс саласындағы нығыздау үстіңгі қабаты қажет болатын тұстардағы
абразивті үдеріс болып табылады. Көптеген механикалық цехтар үдерісті 
арнайы ажарлаумен және жанғыштаумен айналысатын цехтарға сеніп 
тапсырады, алайда кейбірі қажетті жабдыққа қаражат салып, оны өздері 
жасағанды қалайды. Басқа да кез келген өндіріс жағдайындағыдай, осының 
өзіңіздің жасауыңызға тұратын-тұрмайтыны төрт факторға байланысты: 
саны, сапасы, жеткізу мерзімі және бағасы 
Бұранда кесу 
Ол бірдей дәрежеде СББ жону білдектерінде де, көп мақсатты білдектерде де 
орындалады және саңылау жасаудағы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін құралдар мен 
әдіснамалардың кең шоғырын пайдаланады. Дәп сол бұдан да көп тәсілдерді ұсынатын
бұранда кесуге де қатысты. Тәсілді таңдау кесудің көлеміне, операциялардың санына, 
дайындаманың материалына, ал кейде жеке қалауыңызға және тәжірибе деңгейіне 
байланысты болып келеді.
Джейн сізге жіберген тауда жүретін велосипедтің алғашқы бөлшегі амортизатордың
бекіткіші болып табылады. Ол жерде қатқыш шектіктермен саңылаулар жеткілікті, бірақ сіз 
қазір ғана саңылауларды бұрғылау туралы алдыңғы тарауды оқып шыққандықтан, сізде 
бұрғылауға, өрістетуге және кейбір жағдайларда қажетті өлшемге дейін тегістеуге қатысты 
ешқандай қиындық туындамауы тиіс. Алайда амортизатордың бірнеше саңылауы «3 / 8-16 
UNC 3B» бұрандасын қажет етеді. Оны қалай жасамақсыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет