Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Берілістер мен жылдамдықтарды зерттейміз



Pdf көрінісі
бет214/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Берілістер мен жылдамдықтарды зерттейміз 
16-
тарауда мен механикалық өңдеу шекарасын кеңейту туралы сөз қозғаймын. Мен 
оны «тұрақты үдеріс әзірленіп болғанға дейін» деп пайымдаймын. Оған қол жеткізудің көп 
бөлігі берілістер мен жылдамдықтарды меңгеру болып табылады.
1-
тарауда сіз, бәлкім, басында қарап алғыңыз келетін таңғаларлық ұқсастық бар 
(«Берілістер мен жылдамдықтар: кеттік!» қыстырмасын қараңыз), алайда келесі тарауларда
берілістің жылдамдығына, жылдамдыққа және кесудің тереңдігіне қатысты толығырақ 
техникалық түсіндірме келтіріледі. Олардың көпшілігі дюймдар мен футтарда келтірілген 
(осы үшін кешірім өтінемін, бірақ мен Құрама Штаттардың тумасымын), алайда сіз 
метрикалық өлшемдер жүйесін қалайтын болсаңыз, онда аударма кестелері мен баламалы 
формулалар кесетін құралды өндірушілердің кез келгенінің веб-парақшасында болады 
немесе құралдар каталогының соңында көрсетілген. Сіз осында айтылғанды растау үшін ол 
жерден міндетті түрде қажетті ақпаратты табасыз.
Кесу жылдамдығы 
Барлық кесетін құралдардың кез келген материалды кесуінің ұсынылған жылдамдығы 
болады. Алюминий немесе азкөміртекті болат секілді анағұрлым жұмсақ металдарды кесудің, 
титан немесе инконель секілді қарама-қарсы металдарға қарағанда анағұрлым жоғары 
жылдамдығы болады. Тура осылайша, қатты қорытпалы және керамикалық кесетін құралдар 
дайындаманың материалына қарамастан өздерінің анағұрлым қатты, анағұрлым тозуға 
төзімді бауырларымен салыстырғанда тасбақа іспетті тез кесетін болаттан (ТКБ) жасалған 
құралдарға қарағанда анағұрлым жоғары жылдамдыққа қол жеткізе алады (Егер қазір 
басыңызды қасып отырсаңыз, 5-тарауды қараңыз).
Кесу жылдамдығы минутына футтармен (империялық өлшемдер жүйесі) немесе 
минутына метрлермен (метрикалық өлшемдер жүйесі) көрсетіледі. 
Бұрғы немесе ұштық фреза секілді айналмалы құрал үшін оның шеткері бөлігі үстелге 
бекітілген дайындамаға қатысты қаншалықты тез айналатынының өлшемі болып табылады.
Ол жону білдектерінде пайдаланылатын құралдардың да сипаттамасы болып келеді, бір 
ерекшелігі оларды кесу жылдамдығы айналмалы дайындама (тұрақты) жону құралының 
жиегіне қатысты қаншалықты тез қозғалатынымен өлшенетіндігінде.
Мұны ұғу қиынға түсуі мүмкін, алайда көшеде домалап келе жатқан дөң туралы 
ойланып көріңізші. Егер осы резіңкенің бөлігі 60 секундта жүріп өтетін болса, оның баламалы 
«кесу жылдамдығы» минутына 1,320 футты құрайтын болады (ол сағатына 15 мильге тең 
болады), бұл алюминийден жасалған дайындаманы өңдейтін қатты қорытпалы құрал үшін 
әдеттегі мән болып табылады. Ал енді автокөлігіңіздің белағашы «Мишлен» өлшемді 
дөңгелекке бекітілген ұштық фрезасы бар көп мақсатты білдек орталығының сүмбісі деп 
елестетіп көріңіз. Оны дөңгелектер ауада ілініп тұратындй етіп көтеріңіз, секіріп, спидометр 
сағатына 15 мильге жеткенге дейін газды жылдамдықпен басыңыз. Міне! Ұштық 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


219 
фрезаның/дөңгелектің сыртқы жағы сіздің табаныңыздың астындағы үстіңгі қабатта минутына 
1,320 фут жылдамдықпен ұшып өтеді (SFM ‒ үстіңгі қабатты өңдеудің минут ішінде футпен 
алғандағы жылдамдығы).
Жақсы, дегенмен бөлшек пен оның минут ішіндегі айналымдары қалай тез айналады? 
Көп мақсатты білдектің газ басқысы (ағымдағы кесу жылдамдығын көрсететін бергіші де) 
болмағандықтан, сүмбінің айналымы біз СББ бағдарламасына енгізуіміз тиіс мән болып 
табылады. Осыны анықтау үшін (сізге калькулятор қажет болуы мүмкін) кесудің ұсынылған 
жылдамдығын 3,82 мәніне көбейтіңіз (мен 4-ке дейін жуықтаймын), содан соң құралдың 
диаметріне бөліңіз. Мысалы, менің жұбайымның «Хёндэ Санта-Фе»-сі үшін күлкілі бағамен 
барлық маусымға арналған «235/55R19» дөңгелектерінің диаметрі 29 дюймнан сәл асады, 
сонда мәні (3,82 x 1320 SFM (минутына футпен берілген жылдамдық) / 29,2 = 173 
айналым/мин. 
Біз СББ бағдарламалау аймағына барынша жақындап келеміз. Бұл үшін 
кешірім өтінемін, алайда көп мақсатты және жону білдектерінің (әрі кесетін 
құралдардың) жұмыс істеуіне орай төмендегідей беріліс пен жылдамдықтың 
мағынасын түсіну үшін G-кодтар туралы бастапқы білім қажет. Егер сіз үшін 
талқыланып жатқандар түсініксіз болса, онда 11-тарауға көшіңіз. 
Жону білдектері аздап ақылдылау, бірақ анағұрлым күрделі болып келеді. Олар сүмбінің 
тұрақты айналым санымен көп мақсатты білдектер қолданған тәсілді (жону білдектерін іске 
қосу үшін «G97» пәрмені қажет) немесе «G96» пәрменімен шақырылатын кесудің тұрақты 
жылдамдығын (КТЖ) қолдануы мүмкін. Біз «Санта-Фе»-мен келтірген мысалда «G96 S1320» 
сүмбі айналымының 173 айналым/мин жылдамдығын іске қосады, ал өңделетін
дайындаманың диаметрі 29,2 дюйм болады. Дегенмен де сіз құралды ортасына таман 
орналастырған кезде сүмбінің жылдамдығы артады, бірақ тура сол кесу жылдамдығын 
ұстанады (бұл КТЖ қысқартуындағы Т «тұрақты» болып табылады): 
10 дюйм = 504 айналым/мин 
5 дюйм = 1,008 айналым /мин 
2 дюймо = 2,521 айналым /мин 
1 дюймда сүмбі тоқтаусыз 5042 айналым/мин жұмыс істейтін болады, бұл ‒ үлкен 
бөлшек үшін қауіпті жылдамдық. Сенбесеңіз, өзіңіз есептеп көріңіз: (3,82 х 1320) / 1 = 5042. Бұл 
маңызды тұсты меңзейді, өңделетін диаметр немесе айналмалы құралдың диаметрі неғұрлым 
кіші болса, минут ішіндегі айналым саны соғұрлым көбірек болады (тым кішкентай айналмалы 
кесетін құралдардағы кесу жылдамдығы бойынша нұсқаулықтар үшін 14-2-суретті қараңыз.
14-2-
сурет: 500 фут/мин, (СОР) 500 
айналым/мин (көбіне анағұрлым жоғары) 
өңдеу жылдамдығымен үстіңгі қабатты 
өңдеген кезде 1/8-дюймдық кескіш үшін 
шамамен 16 000 айналым/мин қажет 
болады, ал 1/16 дюймдық құрал үшін екі 
есе көп керек, бұл көп мақсатты
білдектердің мүмкіндіктерінен едәуір асып 
кетеді.
Мұның шешімі маркасы мен моделіне 
байланысты сүмбінің жылдамдығына оңай 
жете алатын жылдамдатқыш бастиек 
болып табылады 
«
БИГ
КАЙЗЕР
» 
рұқсатымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет