Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет97/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Пневматикалық: сізге стандартты жабдық ретінде пневматикалық патронды 
ұсынатын СББ білдегін өндірушіні табу қиынға соққанымен, кез келген жону білдегін 
онымен қосымша оңай жабдықтап алуға болады. «Мембранды патрондар» деп те 
аталатын олар әдеттегідей гидравликалық басқруы бар аналогтарына қарағанда 
дәлірек және оларды морт бөлшектерді қысу үшін қолайлы ететін қысудың өте төмен
қысымына дейін немесе бірінші және екінші жұмыс диаметрлерінің арсында 
орталықтандыру маңызды болатын тұстарда орнатыла алады.
Патрондар ауыр болып келеді. 8-дюймдық патронның салмағы
жұдырықшаларымен бірге 25 фунттай болады. Мұның аса көп болып 
көрінбеуі де мүмкін, бірақ сіз жону білдегінің алдында қарғыс атқыр затты 
мойынға кіргізуге тырысып 5 минут бойы еңкейіп тұрған кезде үйге келген 
соң ағылшын тұзымен ыстық ваннаға түсу қажет болуы мүмкін. Бар болған 
жағдайда патронды көтеру үшін жүк көтергішті немесе көз ілмегін
қолданыңыз; жоқ болса, 2х4 діңгектерді алыңыз да, қондырғының ішінде 
тірекше жиегін орнатыңыз, содан кейін оны монтаждау барысында 
патронды (және өз қолыңызды) демеу үшін пайдаланыңыз.
.
Барлық аталып кеткен қысу әдістері араға уақыт салып көп мақсатты білдектерде де 
қолданылуы мүмкін; дегенмен сіз осы тарауда сәл кейінірек білетіндей, фрезер 
білдектерінің басым көпшілігінің атауыздары механикалық болып келеді, яғни қолмен 
қысылады. Фрезерлеу операцияларының барысында патрондар да, атауыздар да біз 
үміттенгендей қимылсыз болып қалады, сәйкесінше, ортадан тепкіш күштер жону 
білдегіндегідей мәселелер тудырмайды, дегенмен әлі де болса көп мақсатты білдектерді 
ауа немесе гидравликалық басқаруы бар атауыздармен жабдықтау қолмен жасауға 
қарағанда болжамды және қауіпсіз әдісті қамтамасыз етеді, мұнымен қоса оператор азырақ 
шаршайтын болады. 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


101 
6-1-
сурет: СББ білдегіндегі үш 
жұдырықшалы 
патрон. 
Ұшындағы 
«жұмсақ» 
жұдырықшалар 
домалақ 
дайындамаларды бекіту үшін 
қайралған 
Егер үш жұдырықшалы патрон қатты тартылып кетсе не болады? Сіздің 
дайындамаңыз оп-оңай үшбұрышты немесе «триангуляциялық» болып 
кетуі мүмкін. Өкіншке орай, триангуляцияны үнемі назардан тыс қалдырып 
жатады. Оны микрометр секілді екі нүктелі өлшегіш қондырғының көмегімен 
анықтау мүмкін емес, себебі үшбұрышты бөлшектің «қырлары» бір-біріне 
тікелей қарама-қарсы және бөлшек мүлдем жұмыр болып көрінеді, бірақ, 
шын мәнінде, ол саясаткерден де тұрақсыз. Мұның шешімі ‒ саңылауларды 
және сыртқы диаметрлерді координаттық өлшегіш машинаның (КӨМ), 
дөңгелек өлшегіштің немесе үш нүктелі микрометрдің көмегімен үнемі 
қайтара тексеру қажет (бұл туралы 10-тарауда нақтырақ). 
Бұл «гистерезис» деп аталады. Айналып жатқан патрон табан астында 
баяулаған кезде немесе кері қарай айнала бастаған кезде ‒ бұл СББ 
білдектерінде әрдайым болып тұрады ‒ жұдырықшалардағы қысымның 
арту үрдісі бар. Бұл дайындаманы, әсіресе жұқа қабырғалары бар немесе 
алюминий секілді жұмсақ материалдан жасалғанды деформациялауы не 
тіпті сындырып жіберуі де мүмкін. Патрон өндірушілердің кейбірі 
гистерезисті корпустың ішіндегі парондардың қарсы салмағы көмегімен
теңгереді, олар баяулаған кезде қарсы бағытта қысым көрсетіп, сол мезетте 
гистерезисті тоқтатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет