Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №335 қаулысы Әділет департаментінде 2016 жылдың 24 наурызда №5418 болып тіркелді «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі»



Дата01.07.2016
өлшемі72.43 Kb.
#170276
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №335 қаулысы

Әділет департаментінде 2016 жылдың 24 наурызда №5418 болып тіркелді

«Жаңақорған аудандық ішкі

саясат бөлімі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы


23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының
8) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған  «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      

Жаңақорған ауданының

әкімі Р. Рустемов

      
2016 жылғы «29» ақпандағы

Жаңақорған ауданы әкімдігінің

№335 қаулысымен бекітілген



«Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің Ережесі



  1. Жалпы ережелер

1. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.

3. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №37 үй.

«Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

13. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.



2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері
14. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты және азаматтық, қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізу;

2) қоғамдық-саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен
іс-қимылдар жүргізу;

3) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу.

16. Функциялары:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

3) аудандағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;

4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

6) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

7) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.



  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жаңақорған ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) бөлімнің мүдделерін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;

6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

8) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;

9) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



24. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Жаңақорған аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет