Жаңақорған ауданында күрделі құрылыс саласындағы 2012 жылы атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет



Дата23.02.2016
өлшемі54 Kb.
#11391
Жаңақорған ауданында күрделі құрылыс саласындағы 2012 жылы атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет.
Аудандық құрылыс бөлімінің қаржылық жоспары Жаңақорған ауданының 2012-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, төмендегі бағдарламалар бойынша 2012 жылға 8291,0 мың теңгеге бекітілген.

12 айға жоспарланған 8291,0 мың теңге қаржының 7611,0 мың теңгесі игеріліп, 91,7 пайызға орындалды.



Атап айтқанда:

1. Аудандық бюджеттен құрылысы 2011 жылы аяқталған Бесарық бекетіндегі 250 орындық мектеп құрылысы мен Жаңақорған кентіндегі жаңадан салынған тұрғын үй аумақтарының инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының техникалық құжаттарын жасатып, мемлекеттік тіркеуден өткізуге бөлінген 1435,0 мың теңге қаржыға тапсырыс беріліп, толығымен игерілді. Одан басқа құрылыс бөлімі арқылы аудан көлеміндегі орнатылған трансформаторлардың жер учаскелерінің мемлекеттік актілеріне бөлінген 517,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

2. «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру» бағдарламасы шеңберінде Жаңақорған кентінің жаңадан салынған Ипподром, МАИ бекеті, Алтыкрант, Саяжай аумақтарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаралған 4400,0 мың теңге толығымен игеріліп, ағымдағы жылдың 28 қараша күні мемлекеттік сараптаманың №14-0418/12 28.11.12 санды оң қорытынды алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 418828,0 мың теңге.

3. Мемлекеттік тұрғын үй қорының құрылысы бағдарламасына аудан әкімдігінің 13.04.2012ж №35 қаулысымен жергілікті бюджеттен «Жаңақорған ауданынан салынатын екі бөлмелі бір қабатты арендалық тұрғын үй құрылысының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеу» жұмыстары үшін, жергілікті бюджеттен 589,0 мың теңге қаралып, осы жылдың 4 қазан күні №19-0779/12 санды мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Тұрғын үйдің жалпы сметалық құны 11862,4 мың теңге.

4. Әкімшілік ғимарат ЖСҚ-ын қайта есептеуге жергілікті бюджеттен 670,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың 31 тамыз күні №14-0254/12 санды мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Әкімшілік ғимаратының жалпы сметалық құны 17174,0 мың теңге.

5. 2011 жылы «Жаңақорған кентінен коммуналдық жабық базар құрылысының» жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1900,0 мың теңге бөлініп, сараптаманың оң қорытындысы алынбағандықтан 2012 жылға өтпелі жоба болып қалдырылған.


Аталған жобаға жергілікті бюджеттен 2012 жылдың қараша айында 680,0 мың теңге қаржы бөлінгенімен, уақыт мерзімінің шектеулі болуына және бөлінген қаржының жетімсіздігіне байланысты тиісті қаржы көлемі игерілмей бюджетке кері қайтарылды.

Бүгінгі таңда, әзірленген жоба-сметалық құжаттамалар тиісті органдардың қарауына қаржыландыруға ұсынылған.

Жаңақорған аудандық құрылыс бөлімі арқылы 2012 жылы атқарылған жұмыстардың есебі

1 қаңтарға (Мың теңге )

Бағдарлама атауы

Жылдық жоспар

Игерілгені: о.і.

қалдық


ескерту

Жыл басынан

2012 жылдын

желтоқсан айында

«Жаңақорған ауданынан салынатын екі бөлмелі бір қабатты арендалық тұрғын үй құрылысының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеу» жұмыстары

589,0

589,0

-

-

100% Жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілді. сметалық құны 11862,4мың теңге

№19-0779/12

04.10.2012ж


Ауыл әкімдерінің ғимаратына ЖСҚ-н қайта есептеу

670,0

670,0

-

-

Жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілді, сметалық құны 17174,0 мың теңге

№14-0254/12

31.08.2012 ж


Жаңақорған кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу

4400,0

4400,0

700,0

-

100% Жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілді. сметалық құны 418828,0

мың теңге

№14-0418/12

28.11.2012ж



Коммуналдық жабық базар құрылысыныңЖСҚ-н әзірлеу

680,0

-

-

680,0

ЖСҚ-ға бөлінген қаржының жетімсіздігінен игерілмей бюджетке кері қайтарылды.

Жинағы:

6339,0

5959,0

700,0

680,0






Жаңақорған ауданында күрделі құрылыс саласындағы 2013 жылға бөлінген қаржылар жайлы

МӘЛІМЕТ

Аудандық құрылыс бөлімі ММ-не 2013 жылға аудандық мәслихаттың


2012 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті ХІҮ сессиясының №101 шешіміне сәйкес Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй құрылысына РБ 11200,0 мың теңге, ОБ 2255,0 мың теңге, барлығы 13455,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Бірақ, Жаңақорған кентінен салынатын 2 бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржының жетімсіздігіне байланысты аудандық мәслихаттың


2013 жылғы 28 ақпандағы кезектен тыс ХҮ сеесиясының №110 шешімімен 9092,0 мың теңге қосымша қаржы бөлініп, барлығы 22547,0мың теңге қаржыға конкурс жарияланды. Конкурстың қорытындысы сәуір айының соңында шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет