ТЫҢДАЛЫМ
АЙТЫЛЫМ
ОҚЫЛЫМ
ЖАЗЫЛЫМ
Кейіпкер
- Оқушылар кейіпкерді талдауда қандай мәселелерді қозғауы мүмкін?
- Сіз оқушыға кейіпкердің образын ашу үшін қандай сұрақтар қояр едіңіз?
|
Декорация
- Оқушылар декорациялық безендірілуін талдауда қандай мәселелерді қозғауы мүмкін?
- Сіз оқушыға декорациялық безендірілуін талдауы үшін қандай сұрақтар қояр едіңіз?
|
Түстер
- Оқушылар фильмдегі түстерді талдауда қандай мәселелерді қозғауы мүмкін?
- Сіз оқушыға түстердің маңызын талдауы үшін қандай сұрақтар қояр едіңіз?
|
Камера
- Оқушылар фильмді түсірудегі камераның рөлін талдауда қандай мәселелерді қозғауы мүмкін?
- Сіз оқушыға фильм түсірілімі және сапасын талдау үшін қандай сұрақтар қояр едіңіз?
|
Талдау картасы
Талдау картасындағы тапсырмаға сай ұсынылатын сұрақтар
Кейіпкер:
- Сізді ең қызықтыратын кейіпкер кім?
- Олар өздерін қалай ұстайды? Басқалармен қандай қарым-қатынас жасайды?
- Сіз кейіпкерлердің не ойлайтыны мен не сезінетіні туралы қайдан біле аласыз?
- Кейіпкерлер қалай сөйлеседі және не туралы сөйлеседі?
- Кейіпкерлер берілген рөлді қаншалықты ашты деп ойлайсыз?
- Оқиғаның басты кейіпкері кім?
Талдау картасындағы тапсырмаға сай ұсынылатын сұрақтар
Камера:
- Сіз артқы көріністен нені байқадаңыз?
- Үлкейтіліп көрсетілген нені байқадаңыз?
- Біз кімнің көзқарасымен көреміз?
- Кейіпкерлердің көзқарастарын қалай көреміз?
- Әртүрлі кейіпкерлердің көзқарастарын біз қалай көреміз?
- Оқиғаны баяндауда камераның көмегі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |