Жаңатілек ауылдық округі әкімі Заңғар Сағадатұлы Сұңқарбековтің
ауыл тұрғындарымен кездесудегі жылдық қорытынды есебі
Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелген істерге есеп беруі жылдағы міндеттері.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылған мәселелер ауыл әкімдеріне үлкен міндеттер жүктейді. Жолдауда айтылғандай елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендету, зейнетақыны көбейту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру, медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, т.б. Елбасының жарлығы бойынша 2013 жыл Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 20-жылдығы деп жарияланды.
Жыл бойы ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстар осы мерейтойымыздың аясында жүргізіліп отыр.
Жаңатілек ауылдық округіне екі елді мекен кіреді, олар Жаңатілек, Мұрынтал ауылдары. Округте 1245 тұрғын, 264 отбасы бар, 32 үй мал ұстамайды, оның ішінде 183 зейнеткер, тыл ардагерлері 26, алтын, күміс алқасы бар аналар 79, ауған соғысына қатысушылар 2 адам. Округте 2 мектеп, 1 мектеп жанындағы шағын орталық, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі,
2 медициналық пункт, 1 Жаяу Мұса атындағы мұражай жұмыс істейді.
Б. Хайдаров атындағы мектепте 183 оқушы, Мұрынтал ауылында
8 оқушы білім алуда.
Ауылдық мәдениет үйінде белгіленген жоспарлар бойынша мемлекеттік және атаулы даталар мерекелері, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 7 медбике жұмыс атқарады. Ауыл тұрғындарының денсаулықтарының жақсарту мақсатында тиісті көмектерін беруде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтың арқасында халықтың жылдан жылға әл-ауқаты артып келеді, дүниеге келетін сәбилер саны көбеюде. Бүгінгі күні дүниеге келген сәбилер саны - 25.
Республикалық, облыстық мерзімді баспасөзге жазылу толығымен орындалды.
Округте телефондық байланыс жақсы жолға қойылған, Аctiv, BeеleineKZ
2 ұялы байланыс қондырғылары орнатылды, 162 телефон нүктесі жұмыс жасап тұр. «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан», «Евразия» телеарналарымен қатар отандық «Отау ТВ» және сандық теледидар қондырғылары орнатылған.
Әскер қатарына шақырушылар уақытымен жіберіліп, әскери техникалық мектепте 2 жасөспірім оқуда.
Ауыл шаруашылығы жөнінде айта кетер болсақ 24-шаруа қожалығы жұмыс істейді. Төрт түлік мал өсірумен айналысады, «Ынтымақ» шаруа қожалығы егін салумен айналысады. Барлығы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіреді, мәдени-әлеуметтік шараларға демеушілік жасап отырады.
Шаруашылықтарын дамытып, малдарын асылдандыруға т.б. жұмыстарға келесі шаруа қожалықтары үкімет тарапынан қаржылай несие түрінде көмек көруде. «Жасталап» ш/қ басшысы Мұрат Жұмаділов – 4365000 теңге, «Ботан» ш/қ басшысы Серік Дөнешов – 1981000 теңге, «Ыңтымақ» ш/қ басшысы Алдамжар Алтынбек – 1035000 теңге, «Бабыр» ш/қ басшысы Адамбек Рамазан – 1271000 теңге алды.
Елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға профилактикалық іс – шараларды ауылдық ветеринарлық инспектор және екі лицензият мал дәрігерлері малдарды егіп, емдеу жұмыстарын жүргізді. Жеке меншік және шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық өнімдерін Екібастұз қаласына муниципалдық базарға, Павлодар қаласының базарына, Астана қаласына жоспар бойынша сатылып отыруына ықпал етіліп, жағдай жасалды. Мал саны биылғы жылы ірі қара мал саны – 4946 бас, қой – 5718 бас, оның ішінде сырғаланғаны – 4319, ешкі – 2979 бас, жылқы – 1506 бас, кұс – 2427.
Әлемдік экономикалық дағдарыстың әсеріне қарамастан халықтың әл – ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Ауылдық округтегі жұмыссыздарды жұмысқа тарту мақсатында, бос жұмыс орындарын тиімді пайдалану және атаулы әлеуметтік көмек алушыларды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде төмендегі жұмыстар атқарылды,аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелерінен жыл бойы қоғамдық жұмыстарға 26 адам, әлеуметтік жұмысқа - 3 адам 1 жылдан жұмысқа тартылды. Есепте тұрған жұмыссыздар қатарынан 5 адам жұмысқа орналастырылды.
Тоқсан сайын округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары зерттелініп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар анықталып отырады. Округ бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ауылымыздың жастары 7 адам Павлодар қаласы жіберілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 1-адам Абдрахманов Тұрар қатысты. Макишева Гүлжан, Укубасов Зейнолла, Жұматов Мардан.
Округімізде қамқорлық айлығы аясында, ауылымыздың мүгедек, жетім-жесір, тыл ардагерлері санатына жататын адамдарға
Жергілікті тұрғындар мен мекеме ұжымдарының бірлесуімен тазалық жұмыстары, көріктендіру және санитарлық жұмыстары өз дәрежесінде өткізілді. 700 тонна көн-қоқыстар арнаулы жерге апарылып төгілді. Бұл жұмыстарға аудандық «Серпіліс» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кісіпорнының тракторларының және жеке меншіктегі көліктердің көмегімен бұл жұмыстар іске асырылды.
Тәуелсіздік алған күннен бастап, бүгінгі күн – мемлекеттігі бекем, қазығы берік, төрт құбыласы сай қазақ елінің айбыны асып, атағы әлемге әйгіленген күн.
Округте ауыл тұрғындарының жағдайларын жақсарту мақсатында барлық қолдан келетін мүмкіндіктерді жасап, халыққа қызмет көрсетуге дайынбыз.
Достарыңызбен бөлісу: |