Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер
Жалақының түсінігі және еңбегі үшін көтермелеудің басқа да түрлерінен айырмашылығы
Еңбекақыжүйесінде ҚР Президентінің 1995 жылғы 15 желтоқсанынындағы “Қазақстан Республикасы халықыныңөмірінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы” жарлығының, 1997 жылғы 1 сәуірдегі “Мемлекеттік бюджет есебіненқаржыландыратынҚР органдарыныңқызметкерлерінің еңбек ақысының бірыңғай жүйесі туралы” жарлығының, ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы “ҚР еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудыжетілдіру туралы” қаулысының және т.б. актілердің маңызы зор.
“ҚР еңбек туралы” заңының70 – бабы
Жұмыс беруші осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге мінднтті.
Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделігіне қарай белігленеді.
Қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруғаматериалдық мүдделігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қоыртындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және матераилдық көтермелеудіңбасқа да нысандарыенгізілуі мүмкін.
Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен жүргізіледі.
Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талапатары мен жұмыстарының белігілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Аталған анықтамаларды әзірлеу менқолданудың тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі біркүрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктіліканықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |