Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет39/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76

5. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      17. 6-сынып оқушыларда:


      1) айнымалысы бар өрнек;
      2) айнымалысы бар теңсіздік;
      3) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі;
      4) функцияның анықталу облысы;
      5) екі айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі;
      6) жиын және бос жиын;
      7) жазықтық, сфера және шар туралы түсініктері болуы керек.
      18. 6-сынып оқушылары:
      1) қатынас;
      2) пропорция;
      3) координаталық (сандық) түзу (ось);
      4) оң сан;
      5) теріс сан;
      6) санның модулі;
      7) санның абсолют шамасы;
      8) берілген санға қарама-қарсы сан;
      9) бүтін сан;
      10) рационал сан;
      11) шексіз периодты ондық бөлшек;
      12) коэффициент;
      13) ұқсас қосылғыштар;
      14) перпендикуляр кесінділер;
      15) параллель кесінділер;
      16) түзуге жүргізілген перпендикуляр;
      17) координаталық жазықтық;
      18) координаталық ширек;
      19) тікбұрышты координаталар жүйесі;
      20) центрлік симметрия;
      21) осьтік симметрия;
      22) масштаб ұғымдарының мағынасын түсінуі қажет.
      19. 6-сынып оқушылары:
      1) пропорцияның қасиетін;
      2) тура және кері пропорционалдық тәуелділіктердің қасиеттерін;
      3) қарама-қарсы сандар қасиетін;
      4) модульдің (санның абсолют шамасының) белгісін;
      5) рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдардың қасиеттерін;
      6) жұп санның анықтамасын;
      7) тақ санның анықтамасын;
      8) a > 0, а < 0 теңсіздіктерінің мағынасын;
      9) ақиқат санды теңдіктердің қасиеттерін;
      10) ақиқат санды теңсіздіктердің қасиеттерін;
      11) айнымалы мәнінің анықтамасын;
      12) мағынасы болмайтын санды өрнектің анықтамасын;
      13) айнымалының мүмкін мәндерінің анықтамасын;
      14) айнымалының мүмкін емес мәндерінің анықтамасын;
      15) тепе-тең өрнектердің анықтамасын;
      16) тепе-тең түрлендірудің анықтамасын;
      17) тепе-теңдіктің анықтамасын;
      18) тепе-теңдікті дәлелдеу тәсілдерін;
      19) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын;
      20) мәндес теңдеулердің анықтамасын;
      21) қосылғыштарды теңдеудің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне көшіру арқылы теңдеуді шешу тәсілін;
      22) сан аралықтарының атауларын мен белгілеулерін;
      23) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын;
      24) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік шешімінің анықтамасын;
      25) мәндес теңсіздіктердің анықтамасын;
      26) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімінің анықтамасын;
      27) функцияның анықтамасын;
      28) функция аргументінің анықтамасын;
      29) функция мәндер жиынының анықтамасын;
      30) функцияның берілу тәсілдерін;
      31) өспелі функцияның анықтамасын;
      32) кемімелі функцияның анықтамасын;
      33) сызықтық функцияның анықтамасын;
      34) сызықтық функцияның қасиеттерін;
      35) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын;
      36) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару тәсілдерін білуі тиіс.
      20. 6-сынып оқушыларының:
      1) санның модулін табу;
      2) рационал сандарды салыстыру;
      3) рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану;
      4) шексіз периодты ондық бөлшектерді оқу мен жазу;
      5) өрнектің коэффициентін табу;
      6) ұқсас қосылғыштарды біріктіру мен жақшаны ашу;
      7) тепе-тең түрлендірулерді орындау;
      8) тепе-теңдіктерді дәлелдеу;
      9) құрамында жақша мен ұқсас қосылғыштары бар теңдеулерді шешу;
      10) айнымалысы бар өрнекті, теңдікті және теңсіздіктерді, тепе-теңдіктерді ажырату;
      11) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шығару;
      12) айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шығару;
      13) сан аралықтарын кескіндеу;
      14) сан аралықтарының бірігуін табу;
      15) сан аралықтарының қиылысуын табу;
      16) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шығару;
      17) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шығару;
      18) айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шығару;
      19) шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын есептеу;
      20) координаталық түзу және координаталық жазықтықта координатасы рационал сан болатын нүктелерді салу;
      21) координаталық түзуде және координаталық жазықтықта нүктенің  координаталарын табу;
      22) координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығын табу;
      23) нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табу;
      24) центрлік-симметриялы және оське қарағанда симметриялы фигураларды салу;
      25) формула, кесте және график бойынша берілген аргументке сәйкес функцияның мәнін және берілген функцияның мәніне сәйкес аргументтің мәнін табу;
      26) у = kx+b функциясының графигін салу;
      27) сызықтық функцияның қасиеттерін анықтай білу;
      28) графигі бойынша сызықтық функцияны формуламен беру;
      29) формулалармен берілген сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуларын анықтай білу;
      30) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін салу;
      31) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін қосу және алмастыру тәсілдерімен, графиктік тәсілмен шығару;
      32) мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шешу біліктігі болуы қажет.

6. 5-6-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің тұлғалық және
жүйелі-әрекеттік нәтижелері

      21. Тұлғалық нәтижелер. 5-6-сыныптарының оқушылары:


      1) қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет;
      2) әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну; жанұялық құндылыққа сыйластықпен қарауды;
      3) өз елінің табиғатын сақтау және көркейтуге ұмтылатынын;
      4) салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын; шығармашылық жұмысқа, жұмыстың нәтижесіне деген ынтасын;
      5) қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауын;
      6) өзіндік жұмыстарды орындау біліктігін;
      7) өздігінен білім алу қабілетін;
      8) білім мен қызмет түрлерін игеру мен кеңейтуге қызығушылығын;
      9) тапсырманы орындауда шығармашылықпен қарауын;
      10) үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық, басқаларға деген мейірімділік пен кішіпейілділікті көрсете білуі тиіс.
      22. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. 5-6-сыныптарының оқушылары:
      1) математикалық материал бойынша берілген алгоритмді;
      2) анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу біліктігін;
      3) әртүрлі жағдайларда математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;
      4) ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;
      5) санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану біліктігін;
      6) математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;
      7) дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;
      8) тану, жобалау, құрастыру және зерттеу әдістерін;
      9) математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
      10) математикалық формулаларды қолдану біліктігін, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру біліктігін;
      11) оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
32-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптары үшін
«Алгебра» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Алгебра – математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Ол ғылым мен техниканың тілі болып табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады және бейнеленеді. Алгебра пәні мектепте оқытылатын көптеген пәндерді, ең алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика, информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді.
      3. Оқыту мақсаты - оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда тұлғааралық және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.
      4. Оқыту міндеттері:
      1) тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін: логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б. қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
      2) оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру арқылы оқушының тұлғасын, рухани өрісін дамыту;
      3) индукция және дедукция, жалпылау және нақтылау, талдау және дәлелдеулер, абстракциялау және ұқсастық арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; тұжырымдарды негіздеу және дәлелдеу біліктігі арқылы логикалық ойлауын дамыту;
      4) өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;
      5) әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;
      6) қарым-қатынас мәдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, патриоттық сезімді тәрбиелеу;
      7) оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына, болашақ мамандығына және әрбір оқушының жеке білімге деген қызығушылығына, сұранысына және бейімділігіне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқытуға оқушыларды бейіндік дайындығын қамтамасыз ету.
      5. 7-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.
      6. 7-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Натурал және бүтін көрсеткіштік дәреже», «Бірмүше мен көпмүше», «Қысқаша көбейту формулалары», «Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Жуықтап есептеу элементтері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсын және соңында 7-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.
      7. 7-сыныпта оқытудың міндеттері:
      1) рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану біліктігі мен дағдысын пысықтау, координаталық түзу мен координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктелерді салу біліктерін пысықтау;
      2) қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіру, жақшаны ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді шешу біліктігін пысықтау, бір айнымалысы бар теңсіздіктерді және олардың жүйелерін; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту, сызықтық функцияның графигін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару біліктілігін жетілдіру, мәтінді есептерді шығару біліктілігін жетілдіру;
      3) натурал көрсеткішті дәреже, көрсеткіші нөлге тең дәреже ұғымын қалыптастыру, бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын қалыптастыру, рационал бөлшек, бөлшек-рационал өрнек ұғымдарын қалыптастыру;
      4) «бірмүше» және «көпмүше» ұғымдарымен, олардың дәрежелері және стандарт түрлерімен таныстыру, жуықтап есептеулермен таныстыру;
      5) натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін, бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін, қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектің негізгі қасиетін игеру;
      6) көпмүшелерге арифметикалық амалдарды қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, қысқаша көбейту формулаларын қолдану, рационал бөлшектерге амалдар қолдану, бөлшек-рационал өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау, тепе-теңдіктерді дәлелдеу, абсолют және салыстырмалы қателіктерді табу біліктігін қалыптастыру.
      8. 8-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат түбір», «Квадрат теңдеулер», «Квадраттық функция», «Теңсіздіктер», «Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық статистика» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы алгебра курсын және соңында 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.
      9. 8-сыныпта оқытудың міндеттері:
      1) рационал сандармен арифметикалық амалдар орындауда есептеу біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді шығару біліктілігін пысықтау;
      2) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру; сызықтық функцияның графигін салу біліктігін жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру;
      3) айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту; өрнектерді түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін бекіту; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын қолдану біліктігін бекіту;
      4) иррационал және нақты сандар, квадрат түбір ұғымдарын қалыптастыру;
      5) функциясымен, квадраттық функциямен, олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру;
      6) интервалдар әдісімен таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру;
      7) құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру; квадрат және рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін қалыптастыру; рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін қалыптастыру.
      10. 9-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Сандар тізбегі», «Тригонометрия элементтері», «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың элементтері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-8-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 5-9-сыныптардағы математика курсын қайталау кіреді.
      11. 9-сыныпта оқытудың міндеттері:
      1) нақты сандармен амалдарды орындау біліктігін жетілдіру; бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктігін жетілдіру; көпмүшені көбейткіштерге жіктеу және жіктеу кезінде қысқаша көбейту формулаларын да қолдану біліктігін жетілдіру; рационал өрнектерді түрлендіру; тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін жетілдіру; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; бір айнымалысы бар теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару біліктігін жетілдіру; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шығару біліктігін жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару біліктігін жетілдіру; квадрат теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; рационал теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; y=kx+b, y=ax2+bx+c (а0), y=ax3, (k0), түріндегі функциялардың графигін салу және графиктері бойынша функциялардың қасиеттерін атау біліктігін жетілдіру; квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы және интервалдар әдісімен шығару біліктігін жетілдіру; интервалдар әдісімен рационал теңсіздіктерді шығару біліктігін жетілдіру; мәтінді есептерді шығару біліктігін жетілдіру;
      2) екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері ұғымдарын қалыптастыру; тізбек пен арифметикалық және геометриялық прогрессиялар; шексіз кемімелі геометриялық прогрессия; бұрыш пен доғаның радиандық өлшемдері ұғымдарын қалыптастыру; кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары (у = sinх, у = cosх, у = tgх, у = ctgх) ұғымдарын қалыптастыру; статистикалық, классикалық және геометриялық ықтималдықтар ұғымдарын қалыптастыру;
      3) сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерімен таныстыру; сандар тізбегі және оның берілу тәсілдерімен таныстыру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесінің формулаларымен таныстыру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формулаларымен таныстыру; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін табу формуласымен таныстыру; математикалық индукция әдісімен таныстыру; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктермен таныстыру; келтіру формулаларымен таныстыру; екі бұрыштың қосындысы мен айырымының синусы, косинусы, тангенсы және котангенсының формулаларымен таныстыру; тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формулаларымен таныстыру; қосбұрыш пен жартыбұрыштардың формулаларымен таныстыру; ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың элементтерімен таныстыру;
      4) арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесінің формулаларын игеру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формулаларын игеру; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін табу формуласын игеру; тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттерін игеру; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді игеру; келтіру формулаларын игеру; синустың, косинустың, тангенстің және котангенстің екі бұрышының қосындысы мен айырымының формулаларын игеру; тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формулаларын игеру; қосбұрыш пен жартыбұрыштың формулаларын игеру;
      5) екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру; екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің жүйелерінің көмегімен мәтінді есептерді шығару біліктігін қалыптастыру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін табу біліктігін қалыптастыру; арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы п мүшесінің қосындысының мәнін есептеу біліктігін қалыптастыру; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысының мәнін табу біліктігін қалыптастыру; математикалық тұжырымдарды дәлелдеуде математикалық индукция әдісін қолдану біліктігін қалыптастыру; бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері арасындағы байланысты беретін формуланы қолдану біліктігін қалыптастыру; тригонометриялық функциялардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін қалыптастыру; оқиғаның классикалық және геометриялық ықтималдығын табу біліктігін қалыптастыру.
      12. «Алгебра» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 7-сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;
      2) 8-сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;
      3) 9-сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ.
      13.Алгебраны оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
      1) «Қазақ тілі» пәнімен алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту; теоремаларды дәлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында сөйлеу қабілетін дамыту;
      2) «Геометрия» пәнімен графиктерді салу, кестелерді құру, теңсіздіктер мен олардың жүйесін шешу барысында сызу құралдарымен жұмыс атқару тәсілдерін қолдану; теңсіздіктер және олардың жүйесін шешу барысында геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктігін қолдану; жаңа алгебралық ұғымдарды енгізу кезінде анықтама түсінігін, натурал көрсеткішті дәрежелердің қасиеттерін игеру мен функцияның өсуі немесе кемуін анықтау және тепе-теңдіктерді дәлелдеу кезінде дәлелдеу түсінігін қолдану;
      3) «Физика» пәнімен функцияның берілу тәсілдері мен қасиеттерін игеру барысында денелерді қыздыру мен суыту, қайнау және балқу мен қатаю процестерінің графикалық түсініктерін қолдану;мәтін есептерді шығару кезінде масса, қоспа, температура және т.б. ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасы туралы білімдерін қолдану;
      4) «Химия» пәнімен мәтінді есептерді шығару барысында оқушылардың қорытпа, ертінділер, ертіндінің қоюлануы туралы білімдерін қолдану;
      5) «Информатика» пәнімен формуланы теру, кестені форматтау тәсілдерін, объектінің параметрлерін реттей білу және т.с.с. компьютермен жұмыс атқару дағдыларын қолдану;
      6) «Технология» пәнімен өзіндік құн, кіші бизнеске жіберілетін шығынның түрлері; тауар мен қызмет көрсетудің бағасын есептеп шығаруды жасау бойынша білімдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      14. 7-сыныпқа арналған алгебра пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


      1) «5-6-сыныптардағы математика курсын қайталау (6 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану. Санның модулі. Тура және кері пропорционалдық тәуелділіктер. Координаталық түзу. Координаталық жазықтық. Формула. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер. Функция. Сызықтық функция. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Мәтінді есептерді шығару;
      2) «Натурал көрсеткішті және бүтін көрсеткішті дәреже (15 сағ)». Натурал көрсеткішті және көрсеткіші нөлге тең дәреже. Бүтін көрсеткішті дәреже. Санның стандарт түрі. Дәреженің қасиеттері: негіздері бірдей дәрежелерді көбейту және бөлу; дәрежені, көбейтінді және бөлшекті дәрежеге шығару. Құрамында дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру. у=ах2 функциясы, оның қасиеттері және графигі. у=ах3 функциясы, оның қасиеттері және графигі. k0 функциясы, оның қасиеттері және графигі;
      3) «Бірмүше және көпмүше (16 сағ)». Бірмүше және көпмүше. Бірмүше және көпмүшенің дәрежесі. Бірмүше және көпмүшенің стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту. Бірмүше және көпмүшені бірмүшеге бөлу. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару және топтау тәсілі арқылы көпмүшелерді жіктеу. Көпмүшелерді тепе-тең түрлендіру;
      4) «Қысқаша көбейту формулалары (25 сағ)». Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы. Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадратының формулалары. Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулалары. Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен кубтарының айырымының формулалары. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру;
      5) «Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдану (25 сағ)». Бүтін өрнек. Бөлшек өрнек. Рационал өрнек. Рационал бөлшек. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті. Рационал бөлшектерді қосу және азайту. Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару. Бөлшек-рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру;
      6) «Жуықтап есептеу элементтері (5 сағ)». Жуық сан. Жуық шама. Жуық мәннің абсолют қателігі. Жуық мәннің салыстырмалы қателігі қателік. Жуық сандарға амалдар қолдану;
      7) «7-сынып алгебра курсын қайталау (10 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану. Координаталық жазықтық. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйелері. Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Көпмүше. Қысқаша көбейту формулалары. Рационал бөлшектермен арифметикалық амалдар орындау. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру. y=kx+b, y=ax2, y=ax3, (k0) түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Мәтінді есептерді шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет