«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет76/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
 
Клиникалық жағдай №18 
71 жастағы әйел үйінде емхананың жедел жәрдем дәрігерлерімен 
қаралды. Шағымдары: төс артының күшті ауыруы, ауыруының сол 
жауырынына, мойнына, төменгi жақ аймағына тарауы, ауыруы 45 мин. 
бұрын басталған, қалыпты жағдайдағы ентігуі. 
68 жасында сол қарыншаның базаль қабырғасының миокард инфарктін 
басынан өткерген. Соңғы жылы стенокардия ұстамасы күш түскенде пайда 
болып, 1-2 таблетка нитроглицериннен басылып жүрген. Қабылдаған
дәрмектерi: нитросорбид, конкор. Екі күн бұрын түнде төс артының 
ұстамалы ауырсынуына жедел жәрдем дәрiгерiн шақырған.
ЭКГ базаль қабырғасының тыртықтық өзгерiсi мен қарыншаларының 
алдыңғы қабырғасының, аралық перденің ишемиясы бар деп бағалап, дәрiгер 
антиангиналық дәрмектердi егiп, ұстама басылған соң, үйiнде қалдырған.
Об-тi: абдоминдік семіздік, жалпы жағдайы ауыр, аяқ бастары тығыз 
iсiнген. Тыныш жағдайда аралас ентiгу, тыныс жиілігі 26-28 минутына
тыныс шығаруы ұзарып, ысқырықты сырылдар естіле бастады, ерiндерi 
цианозды. Өкпесiнiң төменгi бөлiктерiнде майда көпiршiктi, үнсіз ылғалды 
сырылдар бар. Жүрек тондары әлсiз, ЖЖС 92 мин, экстрасистолия. АҚ 
120/80 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасында.
ЭКГ: ырғақ көзі синусты, монотопты қарыншалық экстрасистолалар. 
Рq арақашықтығы 0,21сек, QRS ені 0,13 сек, R тiсшесi I, aVL,V
5-6
тіркемелерінде биiк, жайылған, екiге айрылған, ST сегментi қиғаш төмен 
ығысқан, теріс Т тiсшесiне ауысады. V
1-2
тіркемелерінде қарыншалық 


91 
комплекстiң формуласы QS түрінде, ST сегментi изосызықтан жоғары, Т 
тісшесі оң. 
1. Жетекші синдромдары. Болжам диагнозы. 
2. Дәрiгерлiк тактика. 
3. Жедел жәрдем дәрiгерлерінiң көмегiн, қателерін саралаңыз. 
№18. Жауаптары: 
1. Ангинозды статус (миокардтың ишемиялық некрозы), өткізгіштіктің 
бұзылысы – АВБ 1 дәрежелі (Рq арақашықтығы 0,21сек, ЖЖС 92 
жағдайында) және Гис будасының сол аяғының толық блогі, жүрек 
ырғағының бұзылысы (қарыншалық монотопты ЭС), СҚЖШ/ОЛЖН бірінші 
сатысы (жүректік астма) ЖШФК
II
(кіші шеңдерде және үлкен шеңберде 
іркіліс) негізінде және миокардтың зақымдануынан дамыды. 
Болжам диагнозы: 
Негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың қайталанған инфаркті, өткір кезеңі. 
Жүрекше-қарыншалық блок (АВБ) I дәрежесі. Гис будасының сол аяғының 
толық блогі, қарыншалық экстрасистолия. Миокардтың басынан өткерген 
инфаркті (мерзімі). 
Асқ.: Сол қарыншалық жіті шамасыздық (ЖШФК
II
негізінде дамыды), 
жүректік астма. 
2. Жедел жәрдем стансасымен тез байланысып, кардио-реанимациялық 
бригаданы шақыру, келгенге дейін қолда бар дәрмектерді қолдану (БАБ ішке, 
аспиринді шайнату, АҚ төмендемесе нитроглицерин 0,5 мг тіл астына); 
кардиоцентрмен байланыс жасап, ангиографияға тікелей жеткізу. 
3. Жедел жәрдем алғаш келгенде шұғыл госпитализациялауға көрсетпелер 
болғандығын бағаламаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет