«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет80/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

№19. Ответы
 
1. 3, 4, 5. 
2. 1, 2, 4. 
3. 2. 
4. 3. 
5. 1.
 


96 
Клиникалық жағдай №20 
47 жастағы инженер-электрик дәрiгерге келесi шағымдармен қаралды: 
төстің төменгі үштігі мен семсерше өскіншесінің астындағы тамақтан соң 
15-20 минуттен кейiн пайда болатын ауырсыну, жүрек айнуы, кейде 
ауырсыну күшейген кездегi жеңiлдiк әкелетін құсу. Ауырсыну алдында 
семсерше өскіншесінің астында күю сезімі пайда болады. 
Анамнезiнен: өзiн 6 айдан берi дертті санайды, ұзақ іссапардан соң 
семсерше өскіншесінің астында ауырсыну пайда болған. Дәрiгерге 
қаралмаған. Соңғы өршуi 4 күн бұрын эмоциялық күш түсуден соң дамыған. 
Науқас қызылшамен, баспамен ауырған. Науқастың жұмысы іссапарлармен, 
психикалық күш түсулермен байланысты. Цитрусты жемiстер жақпайды.
Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесiнде везикулалық 
тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. Тiлi ылғалды, ақшыл шөгiндiмен 
жабылған, тiстерiнде кариес. Iшi тыныс актiне қатысады. Пальпацияда 
эпигастрий аймағында семсерше өскіншеге жақын ауырсыну бар. Бауыры 
ұлғаймаған.
Шұғыл ЭКГ жасалды: ырғақ көзі синусты, ЖЖС 70 мин. ЖЭӨ 
қалыпты. Тісшелер вольтажы сақталған.
ФЭГДС: өңеш өтімділігі сақталған, кілегейінің түсі қалыпты. 
Асқазанда аш қарынға сөл мөлшері көп, кардий бөлігінде 0,5х0,8 см жара 
бар, оның түбінде фибрин шөгінділері көрінді. 
1. Клиникалық синдромдары, дифференциялық диагнозы. 
2. Болжам диагнозы. Дәрігер тактикасы. 
№20. Жауаптары: 
1. Прекардиаль аймағының ауырсыну синдромы, асқазан кілегей қабатының 
морфологиялық өзгерістері синдромы. Ауырсыну төстің төменгі үштігінің 
астында орналасқанмен, тағамдану бұзылыстарымен байланысты, түсірілген 
ЭКГ-да патология жоқ және де асқазан кілегей қабатының морфологиялық 
өзгерістері ФГС-да дәлелденді. 
2. Болжам диагнозы: 
Нег. ауру: Жара ауруы, асқазан кардий бөлігінің алғаш анықталған жарасы 
(0,5х0,8 см-лік жара), өршу фазасы.
Жынысы мен жасын есепке алып, ЭКГ-ны динамикада жасап тұру қажет. НР 
ассоциацияланғандығы дәлелденсе, ем кешеніне Маастрих-4 ұсыныстарымен 
эрадикациялық емді қосу; дәлелденбесе ем кешеніне эрадикациялық 
дәрмектерді қоспай, қалғандарын жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет