«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет88/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

Клиникалық жағдай №5 
Миокардтың инфарктімен стационарда 3 апта бойына емделудегi 53 
жастағы науқаста кеуде сарайының сол бөлiгiнде ауырсыну дамыды.
Ауырсынуы интенсивтi, тұрақты, тыныс алғанда күшейедi. Сонымен қатар
науқас әлсiздiкке, тершеңдiкке, дене қызуының 38,5
0
С көтерiлуiне 
шағымданды.
Обьективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық, дене 
қалыбы белсендi. Кеуде сарайының пiшiнi астениялық, эпигастрий бұрышы 
90
0
. Тынысы кеуделік, жиiлiгi 20 минутына, кеуде сарайы пальпацияда 
резистенттi, ауырсынусыз. Сол иық буынында ауырсыну, қозғалысының 
шектелуi бар. Өкпе перкуссиясында өкпе дыбысы анық, аускультациясында 
везикулалық тыныс. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi: оңы – төстiң оң 
қырынан 2,0 см оңға, солы – сол бұғана орта сызығынан 1,0 см солға. Жүрек 
тондары әлсiзденген, ырғақты. Қар сықырына ұқсайтын шу төстiң сол 
қырымен 4 қ/а естiледi, фонендоскоппен басқанда күшейедi, басқа 
аймақтарға тарамайды, тыныс актiне қатысы жоқ. 
Қанның жалпы анализiнде: эр. 4,0x10
12
/л, гемоглобині 120 г/л, лейк. 
9,8x10
9
/л, эоз. 12%, т/я 6%, с/я 65%, лимф. 12%, мон. 5%, ЭТЖ 22мм/сағ. 
ЭКГ: I, AVL, V
2
-V
4
тiркемелерiнде Qr, стандартты және кеуде 
тiркемелерiнде ST сегментi көтерiлген (конкордантты), терiс Т тiсшесiне 
жалғасады.


105 
1. Қазiргi жағдайдағы жетекшi синдромы. 
1. Кардиалгиялық 
2. Коронарлық шамасыздық 
3. Жүрек шамасыздығы 
4. Дресслер синдромы 
5. Қабынулық 
2. Инфарктің келесі кезеңiнде осы асқыну жиi кездеседi: 
1. Аса өткiр (аса жедел, 30 миуттен 2 сағатқа дейін). 
2. Өткiр (жедел, 2 сағаттан 2-10 күнге дейін). 
3. Өткiрлеу (жеделдеу, 2-10 күннен 4 аптаға дейін). 
4. Инфарктен кейінгі. 
5. Инфаркталды (30 минутке дейін). 
3. ЭКГ келесі өзгерiс миокардтың рецидивтеушi инфарктін жоққа 
шығарады: 
1.I, AVL, V
2
-V
4
тiркемелерiндегi Qr.
2. Стандартты және кеуде тiркемелерiндегi ST сегментiнiң конкордантты 
көтерiлуi, терiс Т тiсшесiне өтуi.
3. V
2
-V

-дегi Qr. 
4. Кеуде тiркемелерiндегi терiс Т тiсшесi. 
5. Стандартты және кеуде тiркемелерiндегi ST сегментiнiң дискордантты 
көтерiлуi, терiс Т тiсшесiне өтуi.  
4. Осы асқынуға шалдыққан науқастың патологияға ұшыраған 
құрылымдарын атаңыз. 
1. Өкпе және плевра. 
2. Плевра және перикард. 
3. “Иық” синдромын дамытқан иық-жауырын синовий қабаты. 
4. “Иық” синдромын дамытқан иық-жауырын буынының синовий қабаты 
және перикард. 
5. Өкпе, плевра және перикард. 
5. Осы асқынудың емі. 
1. Үлкен дозада гепарин және преднизолон. 
2. ҚҚСЕД, ГКС аз дозада.
3. Гепарин және ҚҚСЕД. 
4. Жүрек гликозидтерi және преднизолон. 
5. ҚҚСЕД және гликозидтер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет