«Жалпы медицина» факультетінің курс студенттеріне арналған фармакология пәнінен модуль бойынша сұрақтар



бет1/2
Дата01.10.2024
өлшемі27.47 Kb.
#504199
  1   2
Фарм руб


«Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттеріне арналған фармакология пәнінен 1 модуль бойынша сұрақтар

1. Терапия бөлімшесіне препаратқа әдеттен тыс реакциясы бар науқас келіп түсті. Тұқымқуалайтын ферментопатиялардың әсерінен дәрілік заттарға сезімталдықтың жоғарылауы және реакциялардың бұрмалануы қалай аталады?


2. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқасқа дигоксин препараты тағайындалды. Препараты қабылдағаннан кейін екі аптадан кейін интоксикация белгілері пайда болды.
Дәрілік заттың организмде интоксикация тудыратын мөлшерде жиналуына әкелген құбылыс қалай аталады?
3. Д. Науқас жедел ринитке байланысты шырышты қабықтың ісінңін басу мақсатта мұрынына дәрінің тамшы түрінде қолданды. 3- күннен кейін тұрақты пайдалануынан препараттың ісінуге қарсы әсері байқалмады.
4. Гипертониялық кризді жою үшін науқасқа магний сульфатының ертіндісі тағайындалды. Бұл препаратты енгізудің қандай жолын таңдау керек...
5. Дәрігерге жүгінген науқасқа анацидті гастрит диагнозы қойылды. Асқазанның жұмысын жақсарту үшін науқасқа Ацидин-пепсин таблеткалары тағайындалды. Фармакотерапияның бұл түрі қалай аталады?
6. Дәрігер жүрек аймағындағы ауырсынуға (стенокардия) препарат тағайындаған. Әсер ету механизмі: тіл асты аймағындағы салқындық (терморецептор) рецепторларды тітіркендіреді, ол коронарлық тамырларды кеңейтеді және ауырсынуды жеңілдетеді.
Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз.
7. У. науқасқа тіс экстракциясы (жұлу) барысында күрделі эфир тобындағы дәрімен анестезия жасалды. Біраздан кейін басының айналуы, жалпы әлсіздік, АҚҚ төмендеуі, терісінің қызаруы, майда бөртпелер, терісінің күлдіреуі байқалды. Ауыр жағдайдағы коллапс және анафилактикалық талықсу дамиды.
Науқасқа қандай анестетик енгізілді?
8. Жедел гастрит кезінде эпигастрий аймағындағы ауырсынуды азайту үшін дәрігер жүкті әйелге жергілікті анестетикті, күніне 3 рет 1 ұнтақ тағайындады.
Дәрігер науқасты емдеу үшін анестезияның қандай түрін және қандай препаратты қолданды?
9. Бұл препараттың концентрленген ерітіндісін жергілікті анестезия немесе ішке қабылдау үшін қолданғанда артық дозалануы мүмкін. Уланудың алғашқы белгілері қабылдағаннан кейін бірнеше минуттан кейін байқалады. Көңіл күйдің көтерілуі, қозғалыстың қозуы, қанағаттану сезімі, қолдың және бүкіл дененің дірілдеуі тән. Үлкен мөлшерде енгізген кезде іштің ауыруы, терең естен тану, қан айналымы және тыныс алу бұзылыстары байқалады.
Препаратты анықтаңыз.
10. Ауырсынуды басу үшін сыртқа қолданылатын дәрілік зат. Теріге және шырышты қабаттарға жаққанда жүйке ұштарының тітіркендіруін шақырады, ол салқындық, аздап шаншу және күйдіру сезімін тудырады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабынуымен жүретін ауруларды жиі қолданылады (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит). Бұл орташа қан тамырларын кеңейтетін әсері бар Валидол препаратының бөлігі. Невроз, истерия кезінде тіл астына қолданылады. Препаратты анықтаңыз.
11. Тұтқыр және қабынуға қарсы қолданылатын өсімдік ектес препарат. Тұтқыр әрекеті тығыз альбуминдердің түзілуімен ақуыздардың тұнбасын тудыру қабілетімен байланысты. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, мұрынның қабыну процестерінде күйік, жаралар, жарықтар, төсек жаралары кезінде шаю үшін қолданылады; Препаратты анықтаңыз.
12. Табиғи шығу тегі бар дәрілік зат. Бүркеуші қасиетке ие, асқорыту жолының кілегей қабатын тұз қышқылы, токсин және басқада қоздырушылар әсерінен қорғайды. Іш өту, қыжыл, іштің кебуі кезінде қолданылады.
Препаратты анықтаңыз.
13. Науқастың саусағындағы панарицияны емдеу үшін жергілікті анестетик қолдану керек. Дәрігер амид туындыларынан ацетанилид туындысы тобынан дәрі тағайындады. Бұл қандай препарат...
14. Б. студентте қапырық бөлмеде зачет тапсыру кезінде бас айналуы, тері жамылғысының бозаруы, құлағының шулауы, айқын әлсіздік пайда болды. Естен тану –диагнозы қойылды.
Қандай препарат қажет және оны қалай енгізу керек?
15. Емтихан тапсыру барысында ауасы тар бөлмеде бас айналуы, тері жамылғысының бозаруы, құлақ шуылы, қатты әлсіздік пайда болды.
Студентке қандай препарат тағайындау керек...
16. Тағамдық уланумен түскен науқасқа асқазан жуудан кейін 0,5г белсендірілген көмір тағайындалды.
Белсендірілген көмір қандай әсер көрсетеді...
17. Науқас Б., 22 жастағы студент, клиникаға «Күш түсу стенокардиясы» диагнозымен түсті. Жүрек аймағындағы ауырсыну әдетте сессия уақытында емтихан алдында және көңіл күйінің қобалжу кезінде пайда болады. Физикалық жүктеме кезінде ауырсыну мазаламайды. Миокардтың жиырылу қызметі бұзылмаған. Науқасқа тіл астына, тәждік қантамырдың рефлекторлы кеңеюін шақыратын препарат тағайындалды.
Препаратты анықтаңыз...
18. Науқас А., дуоденальды зондтау алдында аранына күрделі эфир тобындағы жергілікті анестетик жағылды. Осыдан кейін науқаста иық, мойын бұлшықеттерінің дірілі, одан соң жалпы тырысу басталды. Бет терісі бозғылттанды. 10 минуттан кейін науқастың тынысы алуы тоқтады.
Дуоденальды зондтау алдында қандай анестетик қолданылды...
19. Науқас У., тіс экстракциясы(жұлу) кезінде күрделі эфирлер тобындағы препаратпен өткізгіштік анестезия жасалды. Осыдан кейін науқаста бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериальды қан қысымының төмендеуі, терісінде қызару, ұсақ бөртпелер, түлеу пайда болды. Ауыр жағдайда коллапс және анафилактикалық шок дамуы мүмкін.
Науқасқа қандай препарат енгізілді...
20. Аллергиялық конъюнктивитпен ауыратын науқас дәрігерге қаралды. Дәрігер ОЖЖ тежейтін әсері жоқ, антигистаминдік әсері ұзақ препарат тағайындады. Препаратты таңдаңыз...
21. Көлік жүргізушісі дәрігерге амброзияның гүлдеуімен байланысты мұрыннан су ағуға, жөтелге, көзден жас ағуға шағымданды. Осы науқасқа аллергияға қарсы препарат тағайындаңыз...
22. Киікоты шөбінің гүлденуі кезінде пайда болатын аллергиялық ринитті емдеуге қолданылатын препаратты тағайындауды сұрап дәрігерге студент келді. Қандай препарат қолданған тиімді...
23. Көктемгі кезеңде аллергиялық риитпен ауыратын 30 жастағы ер адам, мамандығы көлік жүргізушісі дәрігерге қаралуға келді. Дәрігер науқасқа шамалы седативті әсері бар және әсер ету ұзақтығы 24 сағат антигистаминдік препарат тағайындады. Науқасқа қандай препарат тағайындалды...
24. Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйел апта бойы аллергияға қарсы препарат қабылдады. Осыдан кейін науқаста ұйқышылдық дамыды. Препаратты көрсетіңіз...
25. Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйелге ОЖЖ-не тежегіш әсері жоқ антигистаминдік препараттардың ІІ-ші ұрпағынан препарат тағайындалды. Препаратты көрсетіңіз...
26. Ұйқысыздықпен ауыратын 35 жастағы науқастағы аллергиялық сипаттағы бөртпелер мен қышыманы емдеуге антигистаминдік және ұйықтататн әсерлері бар препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз...
27. І-ші ұрпақтағы Н1-гистамин рецепторының тежегіші. Есекжем, шөптік қызба, вазомоторлық мұрыннан су ағу, қышымалы дерматит, аллергиялық конъюктивитте қолданылады. Тыныс демікпесінде тиімсіз. Седативті және ұйықтататын әсерлеріне қарай көлік жүргізушілерге, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін мамандық иелеріне тағайындауға болмайды. Ганглиоблокаторлық әсер етеді, осыған орай артериялық қысымды төмендетеді. Препаратты анықтаңыз...
28. Мес клеткаларының тұрақтандыратын дәрі. Тыныс демікпесінің алдын алуға және кешенді емдеуге қолданылатын арнайы препарат. Қалта ингаляторы спинхайлер көмегімен ингаляция жасауға капсуладағы ұнтақ түрінде тағайындайды. Препаратты анықтаңыз...
29. Адреномиметик. Анафилактикалық шокта, тыныс демікпесінің ұстамасын жоюға, дәрілерді қолданғанда болатын аллергиялық реакцияларда қолданылады. Гипертензияда, қант диабетінде, айқын атеросклерозда қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз...
30. Инфекциялық полиартритпен ауыратын науқас ұзақ уақыт қабынуға қарсы дәрі қабылдады. Біршама уақыттан кейін науқаста бетінің ісінуі байқалып,дәрігерге қаралды. Несепте белок пен эритроциттер анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады...
31. Науқас дәрігерге асқазанның жара ауруының асқынуына шағымданып келді. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, қара нәжіс (мелена), әлсіздік пайда болды. Анамнезінен науқас екі апта бойына қызу және бас ауырумен жүретін салқын тиіп ауруына байланысты препарат қабылдағаны анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады...
32. Индолсірке қышқылының туындысы, күшті стероидты емес қабынуға қарсы препарат. Ревмакардитті, арнайы емес инфекциялық полиартритті, тромбофлебитті және де басқа қабынумен бірге жүретін ауруларды емдеуге қолданылады. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында, жүктілікте, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды. Оны қолданғанда бас айналуы мүмкін, осыны науқасқа ескерту керек. Кейде галлюцинация, депрессия сияқты психикалық бұзылыстар байқалады. Бұл жағдайды көлік жүргізушілеріне және станокт а жұмыс істейтін адамдарда препаратты қолдану кезінде ескеру керек. Препаратты анықтаңыз...
33. Фенилпропион қышқылының туындысы. Қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсері бойынша бутадионға жақын. Ревматоидты артриттің буындық және буыннан тыс түрлерін емдеуге қолданады. Препаратты анықтаңыз...
34. ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші. Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсерінің механизмі гемостазға әсер етпей бос оттектік радикалдардың түзілуін тежеумен байланысты. Остеоартритте, буыннан тыс ревматикалық ауруларда, ауырсыну мен қабыну процесстерінде қолданылады. Препараттың аз мөлшерінде де асқазан-ішек жолдарына айқын теріс әсер етеді. Препаратты анықтаңыз...
35. Фенилсірке қышқылының туындысы. Айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Препарат ревматоидты артритте, остеоартрозда тиімді. Басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен салыстырғанда науқас жақсы көтереді. Дәрінің көп мөлшерін қабылдағанда бас ауруы, мұрыннан қан кету, микрогематурия, аллергиялық бөртпелер байқалады. Препаратты анықтаңыз...
36. Оксикамдар тобынан стероидты емес қабынуға қарсы дәрі. Бензотиазин туындысына жатады, фйқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Ұзақ әсер етеді. Жедел ауыр жағдайларда көп мөлшерде тағайындайды. Анальгетикалық әсері ішкеннен соң 30 минуттан кейін, ал қабынуға қарсы әсері емдеу басталғаннан бірінші апта соңында басталады. Буын ауруларында, жұмсақ тіндер мен тірек-қимыл аппаратының жарақаттық қабынуларында қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
37. Энолий қышқылының туындысы, ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші (ЦОГ-2 тежеуі басқа препараттармен салыстырғанда өте жоғары). Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсер көрсетеді. Ревматоидты артритте, остеоартритте, артрозда, буындардың дегенеративті ауруларындағы ауырсыну синдромында симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады. Асқазан-ішек жолдарының жоғары бөлімдерінің ауруларында, сондай-ақ антикоагулянттармен емдеу барысында мұқият қолдану қажет. Препаратты анықтаңыз...
38. Фенилсірке қышқылының туындысы. Айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызуды түсіретін әсерлері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Преапарат ревматоидты артрит пен остеоартроздарда тиімді. Препаратты анықтаңыз...
39. Қосылыс метил спиртімен уланғанда қолданылуы мүмкін, алкогольдегидрогеназаны тежеу арқылы формальдегидтің түзілуін жояды. Қосылысты анықтаңыз...
40. Препарат уларды байланыстыратын және организмнен шығуын қамтамасыз ететін антидоттар тобына жатады. Жүрек гликозидтерімен, ауыр металл тұздарымен улануда қолданылады. Сульфгидрильді топтың жетіспеушілігін жояды. Белсенді сульфгидрильді топтары қанда және тінде этил уларымен байланысып, несеппен шығарылатын улы емес кешен түзеді. Антидотты анықтаңыз...
41. Препарат фолий қышқылының антиметаболиті болып саналады. Дегидрофолатредуктаза мен тимидилсинтетазаны тежейді, нәтижесінде ДНҚ синтезін тежейді. Лейкозды емдеуде тиімді. АІЖ кілегей қабатын зақымдайды, конъюнктивит туғызады. Препаратты анықтаңыз...
42. Препарат нитрозомочевина туындысы болып саналады, айқын цитотоксикалық әсері бар. ДНҚ көлденең байланысуын қамтамасыз етеді. Өкпенің кіші клеткалық обырында және лимфогрануломатозда қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
43. Препараттың құрамында металл бар, тек цис-конфигурация түрінде белсенді. Антиметотикалық әсер етеді, клеткаға еніп ДНҚ байланысады және көлденең байланыстар түзеді. Тек көктамырға енгізеді, гематоэнцефальдық кедергіден нашар өтеді. Препаратты анықтаңыз...
44. Асқазанның, тоқ ішектің және сүт безінің обырында қолданылатын қатерлі ісіктерге қарсы дәрі. Тимидилсинтетазаны тежеп, ДНҚ түзілуін тоқтатады. Препаратты көктамырға енгізеді, бауырда жартылай метаболизмге ұшырайды және бүйрек арқылы шығарылады. Жағымсыз әсерлері: қан түзілуінің тежелуі, АІЖ кілегей қабатының жаралануы, шаштың түсуі, тырнақтардың зақымдалуы, дерматиттер. Препаратты анықтаңыз...
43. Дәрілердің сіңуін, таралуын, метаболизмі мен шығуын зерттейтін фармакология тарауының атауын белгілеңіз...
44. Парентералды енгізу жолдарына жататын енгізу жолын белгілеңіз...
45. Ащы ішектен көптеген дәрілер қандай жолмен сіңетінін белгілеңіз...
46. Дәрілік зат жалпы қан айналымына түскен соң дамитын әсердің аталуын белгілеңіз...
47. Метаболизмдік трансформацияның үрдістерін белгілеңіз...
48. Организмде дәрілік заттардың тотығу, тотықсыздану, гидролиз арқылы химиялық өзгерістері қалай аталатынын белгілеңіз...
49. Дәрілік заттар конъюгация арқылы қандай типтік бағытта өзгеретінін белгілеңіз...
50. Бауыр микросом ферменттерінің тежегіштеріне не тән екенін белгілеңіз...
51. Дәрінің биотиімділігі дегеніміз не екенін белгілеңіз...
52. Қан плазмасының шартты көлемінің белгілі бір уақытта дәріден тазару уақытын сипаттайтын терминді белгілеңіз...
53. Қан плазмасында дәрілер мөлшерінің 50%-ке азаю уақытын сипаттайтын терминді белгілеңіз...
54. Қандай қосындылар бүйрек өзекшелерінен пассивті реабсорбцияланатынын белгілеңіз...
55. «Фармакодинамика» ұғымын белгілеңіз...
56. Арнамалы рецепторлармен әрекеттескенде биологиялық әсерлерге ұқсас өзгерістер тудыратын дәрілердің аталуын белгілеңіз...
57. Бір дәрінің екінші дәрінің әсерін жоятыны қалай аталатынын белгілеңіз...
60. Дәрінің арнамалы жағымсыз әсерлері қандай мөлшерден дамитынын көрсетіңіз...
61. Дәрілердің бейарнамалы жағымсыз әсерін белгілеңіз...
62. Бір дәрінің екінші дәрінің әсерін жоятыны қалай аталатынын белгілеңіз...
63. Дәріні қайталап қолданғанда әсердің төмендеуінің терминін көрсетіңіз...
64. Дәрілік заттың белгілі бір локализациялы тек функционалды біртекті рецепторлармен байланысуы қалай аталатынын белгілеңіз...
65. Организмнің жеке қасиеттеріне байланысты дамитын дәрілердің жағымсыз әсерін белгілеңіз...
66. Дәріге тәуелділік дегеніміз не...
67. Абстиненттік синдромға не тән екенін көрсетіңіз...
68. «Тахифилаксия» терминінің анықтамасын белгілеңіз...
69. Организмде дәрілік заттардың жинақталуы терминін көрсетіңіз...
70. Дәрілік заттың қан плазмасында жинақталуы неге әкелетінін белгілеңіз...
71. Дәрілердің ұрыққа теріс әсер етіп, баланың кемтар болып туылуына әкелетін жағымсыз әсерінің терминін белгілеңіз...
72. Дәрілік заттардың мутагендік әсерін белгілеңіз...
73. Дәрілік өсімдіктердің шикізатынан спирт қосу арқылы алынатын дәрілік түрді белгілеңіз...
74. Фармацевтке нұсқау берілген рецепттің бөлігін белгілеңіз...
75. Инфильтрациялық анестезияға қолданылатын препаратты белгілеңіз...
76. Тек беткейлі анестезияға қолданылатын препаратты белгілеңіз...
77. Ұзақ әсер ететін (24 сағатқа дейін) жергілікті анестезиялаушы препаратты белгілеңіз...
78. Ең улы болып саналатын жергілікті анестетикті белгілеңіз...
79. Суда нашар еритін жергілікті анестетикті белгілеңіз...
80. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын дәрілік топты белгілеңіз...
81. Дикаин анестезияның қай түрінде қолданылатынын белгілеңіз:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет