«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет61/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

класына, мынадай нысандарда:
1)диагностикалық зертханаларда (бөлімшелерде);2)радиоизотоптық зертханаларда;3)рентген кабинеттерінде түзілетін медициналық қалдықтар жатады.
Д класындағы медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, көму Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2198 болып тіркелген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 97 бұйрығы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа өмірлік циклы бар (қатты, сұйық және газ түріндегі), Д класының радиоактивті медициналық қалдықтарды тиісті сақтау қоймаларында олар толық ыдырағанға дейін сақтауға рұқсат етіледі, содан кейін олар А класының медициналық қалдықтары тәрізді жойылады. Д класының радиоактивті "ұзақ өмір сүретін" медициналық қалдықтары арнайы полигондарға көмуге жіберіледі.


51. Санитариялық-эпидемиологиялық барлау, міндеттері, оны жүргізу тәртібі, құрамаларында және оған қойылатын талаптар.Бір және бірнеше жұқпалы аурулары бар ошақтарды эпидемиологиялық тексеру: қажетті күштер мен құралдар, жүргізу тәртібі.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау–медициналық барлаудың бір бөлігі. Бұл медициналық қызметпен әскердің санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын, олардың орналасу ауданын және алдағы болатын соғыс әрекетін, әскердің жылжу бағытын, ықтимал қарсылас әскерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, олардың орналасу ауданын және медициналық қызметтің жағдайын, жергілікті тұрғындар мен басқа да контингенттерден, табиғи ошақтардан немесе қарсыластың әскерінен әскерге жұқпалы аурулардың ену мүмкіндігін анықтайтын, олар туралы мәліметтер жинайтын шаралар жиынтығы.
Міндеттері:
-барлауды жоспарлау, қажетті күш пен қару бөлінуін, барлау нысаналарын анықтауды, мерзімін бекіту, байланыс түрін, сонымен қатар, барлау кезіндегі ақпарат тарату кезеңділігін пысықтау;
-әскерге жұқпалы аурулардың енуіне кедергі жасауға ұсыныстар мен шешім дайындап, тұрғылықты жерге барлау жүргізу;
-барлаудың қорытындысын дайындау және эпид. барлаушының есеп картасын дайындау.

Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын негізгі талаптар-ға:үзіліссіз дер кезінде жүргізу, нақты мәліметтер жинау, бір бағытта жүргізу, эшелонмен тасу жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет