Темірдің жанама тотықсыздануы 673-1223К (400-950оС)-та мына реакциялар жүреді:
3Fе2О3 + СО = 2Ғе3О4 + CO2 (5)
2Fе3О4 + 2СО = 6Ғе3О4 + 2CO2 (6)
6FеО + 6СО = 6Ғе + 6CO2 (7)
3Fе2О3 + 9СО = 6Ғе + 9CO2 (8)
Тікелей тотықсыздану реакциясы бойынша темір тотығының таза темірге тотықсыздануы:
FеО + СО = Ғе + CO2 (9)
CO2 + С = 2СО (10)
FеО + С= СО + Ғе (11)
Темірдің көміртектенуі. Сұр шойынмен ақ шойынның құрамында көміртегінің мөлшері 3,5%-тен 4,5%-ке дейін болады. Ақ шойынның құрамында көміртектенуі 400-500оС температурада 3FеО+5СО= Ғе3С+4CO2 *реакциясы бойынша жүреді. Пештің ортасында 2СО = CO2 + С реакциясы бойынша түзілген қара күйе (С) шихтаның қуысына еніп, темірді көміртектендіреді: 3Fе + С = Ғе3C реакцияларды біріктіріп былай жазуға болады:
2СО = CO2 + С (12)
Fе + С = Ғе3C (13)
3Fе + С = Ғе3C (14)
Құрамында 4,3% С бар шойын балқу температурасы 1403К (1130оС) эвтектика құрайды. Көміртектенген шойын пеш күймесінде 1423-1523К (1150-1250оС) температурада балқып, кокс түйіршіктерінің арасымен ағып пештің түбіне жиналады. Көміртектенген шойынның балқу температурасы 1423-1523К (1150-1250оС).
3 Металдардың тікелей және жанама тотықсыздану заңдылықтары
Домна пешінің үдерістері қалыпты жағдайда жүргенде шлактың түзілуі темірдің тотықсыздануы, көміртектену және шойынның балқу процесінен кейін жүріп, пештің күймесінде неесе иіннің жоғары жағында аяқталуы тиіс.
Академик А.А.Байковтың теориясы бойынша, оксидтердің тотықсыздану сатылы түрде өтеді: жоғарыдан төменге қарай. >570оС температурада тотықсыздану тікелей, ал газбен тотықсыздану келесі кезеңдерден өтеді: Ғе2О3→Ғе3О4→ҒеО→Ғе; <570оС температурада: Ғе2О3→Ғе3О4→Ғе; қатты көміртегімен тотықсыздану тікелей, ал газбен тотықсыздану кері (жанама) деп аталады.
Көміртегі оксидімен жанама тотықсыздану реакциялары мынадай:
>570оС температура кезінде
1) Ғе2О3+СО =2Ғе3О4+СО2 + 53740; (15)
2) 2Ғе3О4+СО2 = 3ҒеО+СО-36680; (16)
3) ҒеО+СО=Ғе+СО2 +16060; (17)
<570оС температура кезінде:
1) 3Ғе2О3+СО =2Ғе3О4+СО2 + 53740 (18)
2) 1/4Ғе2О4+СО = 3/4Ғе+СО2+2870 (19)
Олардың сипатты ерекшеліктері мынадай: реакция өнімі әрқашан СО болуы және олардың жылу шығынысыз өтуі болып табылады. Көміртегімен тікелей тотықсыздану реакциясы СО түзілуімен жүреді және жылу шығынының көп мөлшерін қжет етеді, мысалы:
ҒеО + С =Ғе+СО -152670 (20)
Тікелей тотықсыздану реакциясына келтірілген мысал реакцияның жүру механизмін көрсетпейтінін атап өту қажет. Мәселе мынада, көміртегінің қатты оксидтермен тікелей өзара әрекеттесуі шектеулі, өйткені тегіс емес кесектер арасындағы байланыс беті өте шағын. Сондықтан тікелей тотықсыздау газ фазасы арқылы жүреді және екі кезеңнен тұрады:
ҒеО + СО =Ғе + СО2 (21)
СО2 + С = 2СО (22)
Бұл қосындыдан кейін тікелей тотықсызданудың қорытынды реакциясын береді.
ҒеО + С =Ғе + СО (23)
Тікелей тотықсызданудың жанама тотықсызданудан айырмашылығы мынада: тікелей тотықсыздану реакциялары дамыған сайын үрлеуішке жететін көміртегі мөлшері азаяды [1,6].
Темір кендері және оларға сипаттама. Шойын қорыту өндірісінің шикізаттар ына темір рудалары, флюс, кокс жатады. Темір көптеген тау жыныстарының құрамында кездеседі. Бірақ құрамында темір элементі бар тау жыныстарының бәрі бірдей темір рудасы бола бермейді. Өңдегенде құрамында елеулі мөлшерде темір элементі бар тау жынысын темір рудасы деп атайды.
Темір рудасының құндылығы мынадай шарттармен анықталады:
Құрамындағы темірдің мөлшері.
Бос жыныстарың құрамы (SiO2; Al2O3; 2SiO2-H2O т.б.).
Зиянды қоспалардың (Р, S, Аs т.б.) мөлшері.
Физикалық күйі.
Тотықсызданғыштық қасиеті.
Құрамындағы темірдің мөлшеріне байланысты темір рудалары бай (45-70%) және кедей (30-42 %) рудалар болып екге бөлінсе, химиялық және минералдық құрамына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Магнитті рудалар (магнитті теміртас Ғе3О4) – құрамында 50-65% темірі бар, тығыз қара сұр түсті темірдің шала тотығы. Магнитті рудалар тотықсыздануы қиын рудалар қатарына жатады. Бұл руданың негізгі кендері Магнитогорск, тагил-Кувшин, Қостанай, Курск және Оралда.
Гематит (қызыл теміртас Ғе2О3) – құрамында 55-65% Ғе бар, түсі қара-қызғылттан қар сұрға дейін өзгеріп кездесетін темір тотығы. Гематиттің құрамында зиянды қоспалар мөлшері аз жіне ол оңай тотықсызданады. ТМД елінде бұл руданың маңызды кендері Курск магнит аномалиясы мен Кривой –Рог бассейнінде және т.б. жерлерде кездеседі.
Қоңыр теміртас (n-Fe2O3*mH2O) құрамында; 37-55% Ғе бар, табиғатта түсі сарыдан сары қоңырға дейін өзгеріп кездесетін темірдің сулы тотығы. Руда тез тотықсызданады және құрылымы қуыс, кейде құрамында күкірт, фосфор, күшәлә сияқты зиянды қоспалар болады. Мысалы, Қазақстан темір рудаларының құрамында едәуір фосфор кездеседі. Бұл руданың негізгі кендері Орал (Бокальск), Керчь, аят, Лысаков, липецк, тула т.б. жерлерде.
Карбонатты рудалар (ҒеСО3) – құрамында 30-40 % Ғе бар, сарғыш ақ түсті тмір карбонаты. Руданың бұл түріне сидериттер мен шпатты теміртас жатады. Карбонатты рудалардың құрамындағы бос жыныстар SiO2, Al2O3, MgO түрінде кездеседі, бұл руда темірге кедей рудалар тобына жатады. Сидери рудасының бай кендері Бокальскіде, Златоусте, Киров облысының Омутинск ауданында орналасқан.
Әдебиеттер: нег. 2 [353-430], [518-520], қос. 3 [140-157, 291-305]
Достарыңызбен бөлісу: |