Жалпы металлургия



бет43/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

2 Алтынның қосылыстapы

Алтын қосылыстарда бір және үш валенттік көрсетеді, бірақ үш валентті қосылыстары берігірек. Бір валентті алтынның тұздары бір валентті мыстын, қосылыстары сияқты диспропорцияланып үш валентті қосылыс және дербес алтын береді:


3AuCI=AuCl3 + 2Au,
3AuCl + KCl = K[AuCl4] +2Au

Бір валентті алтыннын комплексті қосылыстары ауриттер тұрактырақ, мысалы K[Au(CN)2]. Алтынның (I) оксиді да қыздырса тотығу-тотықсыздану реакциясына ұшырайды


2Au2O = 4Au + O2

Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек. Алтынның (III) оксиді Au2O3 - қара қоңыр, Au2S3 - қара, Au(ОН)3 - күрең түсті барлығы қатты заттар, суда еритіні тек AuСl3.


Алтынның (III) гидроксиді Au(ОН)3 амфотерлі зат, сілтілерде және қышқылдарда еріп аниондық комплекстер түзеді:

NaOH + Au(OH)3 = Na[Au(OH)4],


Au(OH)3 + 4HCl = H[AuCl4] +3H2O,
Au(OH)3 + 4HNO3 = H[Au(NO3)4] +3H2O

Аниондық комплекс түзілуінен алтынның галогенидтері галогено-аураттарга айналғыш келеді:


NaBr + AuBr3 = Na[AuBr4]


AuCl3 гидролизінде аквоқышқылдap түзіледі.


AuCl3 + H2O = H2[AuOCl3]


Алтынның оңайырақ алынатын қосылысы AuCl3 өзге косылыстары осыдан алынады. Алтынның барлық қосылыстары айырылғанда металдық алтын бөлініп шығады.


Қолданылуы. Алтын ақшалық күнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік өнім, зергерлік бұйымдарға қолданылады.
Кен орны. Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. көп бар.
Құрамында алтыны бар кендерден тұратын Васильков кенорны Қазақстан Республикасының Ақмола облысында Көкшетау қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл алтын кенорны Қазақстандағы ең ірі кенорны болып табылады, металл қоры 360 т. деп бағалануда. Кенорнының кенін байыту қиын және ол сыртын сульфид қаптаған ұсақ дисперсиялы алтыннан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет