Жалпы металлургия



бет42/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Әдебиеттер: нег. 2 [353-430], [518-520], қос. 3 [140-157, 291-305]
Бақылау сұрақтары:



  1. Алюминий элементіне сипаттама беріңіз

  2. Магний элементіне сипаттама беріңіз



Дәріс 11. Асыл металдар өндірісі (алтын, күміс, платина)


Жоспар



    1. Алтын әне оның сипаттамасы

    2. Алтынның қосылыстары

  1. Күміс және оның сипаттамасы

  2. Платина және оның сипаттамасы

  3. Рутений және оның сипаттамасы



Алтын – әдемі сары түсті, ауыр, жұмсақ, өте пластикалы, химиялық жағынан инертті металл.
Химиялық таза түрде сирек кездеседі.
Алтын және оның қоспалары жанасулар дайындауда кең қолданылады. Эпиксальді технологияларға салынған жұқаөткізгіш алтын қабаттары интегралды электрлі сызбаларда ішкі өткізгіш ретінде қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы алтын орын кендері:
- басты алтын қоры (96,5 %) – Солтүстік Қазақстан (Жетіғар, Көкшетау);
- Орталық Қазақстан (Майқаин, Солтүстік-Балхаш, Шыңғыс-Тарбағатай, Сарысу-Теңіз);
- Шығыс Қазақстан (Қалбин, Рудный-Алтай);
- Оңтүстік Қазақстан (Заиль, Жоңғар, Шу-Илий).
Бүгінгі күнге Қазақстан жерінде 360 кен орны табылды.


Алтын (лат. Aurum, Au) — элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ°С, қайнау температурасы 2947°С.
Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Грекия мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.
Ғалымдар алтынның адамға тигізетін залалы да бар екенін дәлелдеп шықты. Канадалық ғалымдар алтын бұйымдардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе күтпеген шешімге келді. Олар алтын бұйымдардың қызу қанды адамдардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізетінін, тіпті депрессияға түсулеріне себеп тудыратынын айтады. Ғалымдар алтын бұйымның адам терісіне тигенде оның ағзасындағы зат алмасуды баяулатып, жүйке жүйесінің қозуына әсер ететінін дәлелдеп шықты.
Мамандар бұл шешімге келе отырып, алтын бұйымдардан мүлдем бас тарту керектігін алға тартпайды. Алайда, олар қызу қанды адамдарға ұйықтар алдында алтын бұйымдарын шешіп жатуға кеңес береді. Себебі, адам ұйықтап жатқанда оның ағзасы әлсіз болады.
Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. “Патша арағында” (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5*10−7%), теңіз және мұхит суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.
Алтын табиғатта сап түрде кездесетін металл. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі.
Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 - 4 г) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды. Екінші бір әдіс алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 - 0,2% ерітіндісімен 2 - 3 рет қайталап шаймалап жуады, сонда:

4Au + 8NaCN + 2H2O + O2 = 4Na[Au(CN)2] +4NaOH


Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың, жәрдемімен ығыстырып шығарады:


2Na[Au(CN)2] +Zn = Na2 [Zn (CN)4] +2Au


Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag2SO4-кe айналады. Кейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, электролит ретінде Н[АuС14] ертіндісін қолданады сонда күміс анод шламы түрінде қалады.


Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсақ. металл. Қалыңдығы, 0,0001 мм фольга жасауға болады.
Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58,3% алтын болады (алтын заттардың пробасы 583).
Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, хлор суында және «патша сұйығында» ериді.
«Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының коспасы:

3HCl + HNO3 = 2Cl+NOCl+2H2O,


Au + 2Cl + NOCI = AuCl3 + NO,
АuСl3 + НСl = Н[АuСl]4

Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:


2Au + 6H2SeO4 = Au2(SeO)4 + 3SeO2 + 6H2O


Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650° С фосфор буымен реакцияласады. Алтыннан монета (ақша) жасайды (тұтынуға шығарылған қағаз ақшаның қорғауышы ретінде банкта жатады); тіс салады, баска металдардың бетіне жалатады және әсемдікке тұтынатын әшекей бұйымдар жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет