Жалпы металлургия


Күміс және оның сипаттамасы



бет44/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

3 Күміс және оның сипаттамасы

Күміс (лат. Argentum, Ag) — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы хим. элемент, ат. н. 47, ат. м. 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Негізгі минералдары: аргентит Ag2S, пираргирит Ag3SbS3, прустит Ag3AsS3, саф К., т.б. К. жұмсақ, созылғыш (1 г К-тен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығызд. 10,5 г/см3, балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері +1, +2, +3, сиректеу +4. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. К-тің активтігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт, галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары температурада қыздырғанда да әрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды. К. қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада К. препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртех. және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Қазақстанда Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. кен орындарында кездеседі.


Қолданылуы. Күмістің 10%-дайы ақша мен медаль жасауға, 20%-дайы күміс пен күмістелген құймалар даярлауға, ал 70% -дайы электротехникада, электрондық өнеркәсіпте, зымыран мен ұшақ жасауға, химиялық аспаптар мен жабдыңтар өндірісінде, фото мен кино өнеркәсібінде, фарфор мен керамика өндірісінде, медицинада пайдаланылады.
Жер қыртысында күмістің орташа мөлшері 7 • 10-6%. Бұл металдың жоғары концентрациясы постмагмалық жаралымдарға тән. Мұнда күміс алтынмен, мыспен, қорғасын және мырышпен бірге кездеседі. Күмістің концентрациялану коэффициенті 1000 шамасында. Құрамында күміс бар 60-қа жуық минерал белгілі. Олардың негізгілері сом-тума күміс Ag (қүрамында алтын, мыс, висмут, сүрме, сынап қоспалары болады), аргентит AgS, пираргирит Ag3SbS3 пен прустит Ag3AsS3.
Күмістің шетелдердегі барланған қоры 360 мың тонна шамасында, ал жалпы қоры 500 мың тонна. Негізгі қор АҚІП, Мексика, Канада, Перу, Австралия кенорындарында шоғырланған. Металдың 90%-ға жуық қоры жиынтықты кенде. Ірі кенорындардағы күмістің барланған қоры 1 мың тоннадан асады, орташа кенорындарда — 100 тоннадан 1 мың тоннаға дейін, ұсақ кенорындарда — 100 тоннаға дейін. Күмістің жылдың өндірісі (ТМД-ны қоспағанда) 7400 тонна, ол 45 елде өндіріледі. Оның 70% -ға жуығы түсті металдар кенін өңдегенде, 10-15%-ы алтын-күміс кенорындарынан, ал қалғаны дербес күміс кенорындарынан алынады.
Күмістің әлемдің құны 0,2-0,5 $/г шамасында өзгеріп отырады. Қазақстан күміс өндірісі бойынша ТМД мен Азия елдері арасында бірінші орын алады. Өндірілген күмістің мөлшері: 1990 жылы — 700 тонна, 1994 жылы -550 тонна. Ол құрамында күміс бар кенорындардың мыс, колчеданды полиметалл, қорғасын-мырыш және алтын-күмісті кенін жиынтықты түрде өңдеген кезде ілеспе металл ретінде өндіріледі. Қазақстанда күмістің негізгі қоры шоғырланған нысандар. Кенді Алтайдың колчеданды мыс кенорындары (Малеев, Орлов, Тишинск, т.б.) — 39,5, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қорғасын-мырыш кенорындары (Жайрем, Мырғалымсай, т.б.) — 28,5; Жезқазған ауданының мыс кені (Жезқазған, Жаман Айбат, т.б.) — 23,9; Орталық Қазақстанның мысты порфир кенорындары (Аңтоғай, Бозшакөл, т.б.) -5,6; Орталық Оңтүстік Қазақстанның алтын-күмісті кенорындары (Тасқора, Арқарлы, т.б.) — 2,5. Соңғы жылдары Торғайдың Соколов кенді алаңында күмістің Павлов дербес ұсақ кенорны анықталған. Алдағы уақытта қазақстандық өнеркәсіптің негізгі бағыттамасы — аталған типті кенорындар концентраттарын кешенді өңдеп, күміс айырып алу
Күміс бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен. Күмістің емдік қасиеті бүгінгі медицинада да толықтай дәлелденген.































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет