Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


Сынамалық тапсырмалар – 1.7 бөлімін, патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз



бет4/6
Дата03.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сынамалық тапсырмалар – 1.7 бөлімін, патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз.



КРЕДИТ №2
1 тақырып: КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАНТТЫ ДИАБЕТ

Мақсаты:

Көмірсу алмасуының біртектес бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру


Оқыту міндеттері:

  1. көмірсу алмасуының негізгі көрсеткіштерінің өзгерістерінің патогенезін зерттеу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары



  1. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  2. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  3. Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі.

  4. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  5. Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  6. І және ІІ түрлі қантты диабет туралы түсінік

  7. Диабеттік синдромның әрбір симптомдарының патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.

  8. Қантты диабеттің асқынуы. Микро – және макроангиопатиялардың патогенезі


Жүргізу түрі: Дискуссия, сынамалық тапсырмаларорындау
Тақырып бойынша тапсырмалар:


1 тапсырма.

Гормондардың көмірсу алмасуыны тигізетін ықпалының кестесін құру. Сонда демейтін ықпалы (+) тежейтін ықпалды (-) ешқандай әсері болмаса (0)-мен белгілейді




Гормондар

Гликогенолиз

Гликогенез

Глюконеогенез

Гликемия

Қосымша ықпалдар

Инсулин

-

+

-

-




Глюкагон

+

-

0

+




Адреналин

+

-

0

+




Глюкокортикоидтар

+

-

+

+




АКТГ

+

-

+

+




СТГ

+

-

0

+




Тироксин

+

-

0

+



ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 130 - 139.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 52-60.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 251-269.

  4. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 163 - 174

Қосымша

  1. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 228-238.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 271-293.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 266-301.

  4. Г.В.Зайчик и др. Основы патохимии. – М: Медицина, 2000.

  5. Вагнер Ф., Роусс Г. Введение в клиническую биохимию. Санк-Петербург,1998- 402с.

2 тақырып: ГИПОКСИЯ



Сабақтың мақсаты:

Гипоксияның әртүрінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру. Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру



Оқыту міндеттері:

  1. гипоксияның жіктелуін, эндогенді және экзогенді гипоксияның этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  2. тақырыпты талдағанда қолданылатын медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс дағдыларын қалыптастыру

  3. алған теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).

  2. Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.

  3. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

  4. Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).

  5. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері.

  6. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.

  7. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.

  8. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.

  9. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.

  10. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері

  11. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 15к.%, ал веналық қанда – 10 к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы -74%, ал көктамырда – 48 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық- веналық айырмашылық қандай, және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

2. Артериялық кандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 6к %. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98% ал көктамырда 30%. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

3. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 16к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, көктамырда 80 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

4. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10к.%, ал веналық қанда 4к.%. Қанның оттегілік көлемі төмендеген. Оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?

5

60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.



  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

  2. Берілген жағдайда гипоксия түрлерінің даму бірізділігі қандай?

  3. Бұл жағдайда не себепті раО2, рvO2, оттегі бойынша артерио-веноздық айырма, рН өзгереді, қалай?

6

18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.

1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?

2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?

2 тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының

тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.


Қызбаның әйгіленімдері

Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы

Терінің бозаруы




Терінің құрғауы




Бүрісу, бұлшық еттер дірілі







3 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі

өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.

Ағза немесе жүйе

Қызбаның әйгіленімдері

Әйгіленімдердің патогенезі

ОЖЖ

Бас ауруы

Ұйқы басушылық

Селқостық

Балалардағы тырысқақ, селкілдек






Жүрек

Тахикардия




Асқорыту жүйесі



Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, тіл өңезденуі. Барлық ас қорыту бездерінің сөлденістік белсен-ділігінің бәсеңдеуі. Жиырылулық немесе атоникалық іш қату.









ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 537-548.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 2 . Раздел Внутреннее дыхание.

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 221 – 228 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 201-211.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.

3 тақырып: ҚАБЫНУ



Сабақтың мақсаты:

  • Жіті қабынудың этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Оқыту міндеттері:

- жіті қабынудың этиологиясы мен патогенезін, организм үшің маңызын зерттеу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация.

  2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

  4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  5. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  6. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

  7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

  9. Қабынудың жалпы және жергілікті белгілері

  10. Қабынудың организм үшін маңызы.

  11. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.


Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, тәжірибелер жасау, ситуациялық есептерді шығару, бейнекөрініс көру.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру


1 тапсырма. Бақаның тілінде қабыну кезіндегі әлтерация және қан тамырларының

әсерленістерін зерттеу.

Әдісі: Бақаны, жұлынын зақымдап, қимылсыздындырады.Тілінің препаратын дайындайды. Қабынуды тілінің астына азотқышқылды күмістің ұнтағын салып туындатады. Тілдің бүлінген және бүлінбеген жерлерін жәй көзбен қарап, салыстырады. Сонан соң тілдің үстіне метилен көгінің бірнеше тамшысын тамызып, тазаланған сумен тез шайып тастайды. Бүлінген жасушалар және қан тамырларының бояуды сіңіру қабілетін бүлінбеген жермен салыстырады. Тіршілігін жоғалтқан ошақта және оның шеткері жағында қан тамырларының өзгерістерін зерттейді.
2 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу

















1


































3































1

























2









































































































































































































































































4











































5





















































































6

































































































5































6













8






















10
















9































7










8























































10

























11































12






































































13































































































































11








































14











































15
















































































































16










12


















































































17

























13
















18



































































19
































































20











































21






















Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы
2012 -> К. С. Тілеуқабылова стив джобс – Аpple корпорациясының негізін қалаушы Қарағанды 2014 алғы сөЗ
2012 -> 1 кесте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Б. Г. НҰҒман қожа ахмет яссауи


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет