Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


Студенттердің машықтық жұмысы



бет6/6
Дата03.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#175670
1   2   3   4   5   6

Студенттердің машықтық жұмысы

1 Тапсырма.

Бақаларда жүрек жеткіліксіздігінің зорығудан болатын түрінің үлгісін алу.


Әдісі: Бақаның жүрек препараты дайындалады (жүрек қуысына сұйықтық ине арқылы алдыңғы құрсақ қабырғасындағы ортаңғы көк тамырға енгізіледі, қолқаға қойылған канюлядан сыртқа аға бастайды). Жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады (ЖСЖ, минөттік көлем, систолалық көлем).

Канюля бүйірінде арақашықтығы 10 см өсінділері бар шыны деңгекпен резеңке түтік арқылы жалғанады. Ол Сұйықтықты белгілі бір биіктікке көтеріп жүректің атқаратын жұмысын анықтау үшін жасалған. Жүрек қызметінің көрсеткіштері діңгектің әрбір бөлігіне келгенде анықталып отырады. Алынған мәліміттер кестеге толтырылады және бір-бірімен салыстырылады.




Су бағанасының биіктігі см

1 мин-гі ЖСЖ

1 мл-дегі минөттік көлем

Систолалық көлем

Жүрек жұмысы мл/см

Бастапқы жағдай

10 см


20 см

30 см


40 см













Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  1. Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгерді?

  2. Жүрек гиперфункциясы қай механизмдермен қамтамасыз етілді?

  3. Қандай өзгерістер компенсация сатысының декомпенсация сатысына ауысқанын көрсетеді?

2 тапсырма. Бақада жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрінің үлгісін алу.



Әдісі: Жоғарыдағы үлгіні қолдана отырып, жүрек қызметінің көрсеткіштерінің бастапқы нәтижелері анықталады. Содан кейін жүрекке бірнеше тамшы 10%-қ (KCL) хлор ертіндісі тамызылады. Қайтадан жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады. Артынан жүректі физиологиялық ертіндімен жуғаннан кейін тағы да көрсеткіштер анықталады.


Эксперимент сатылары

ЖСЖ 1 мин

Минөттік көлем

1 мл


Сиситолалық көлем 1 мл

Бастапқы жағдай

Зақымдағаннан кейінгі

Жуылып тасталғаннан кейінгі











Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  1. Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгерді?

  2. Тәжірибеде жүректің жиырылу қызметі қай механизммен жүреді?

  3. Пайда болған жүрек қызметінің бұзылысы қайтымды ма ?

3 тапсырма.




Суреттегі синустық-жүрекшелік түйін жасушаларының мембраналық потенциалының өзгерістерін қолдана отырып синустық тахикардия және брадикардияның даму тетіктерін түсіндіріңіз


ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 424- 446, 460-471

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-154, 162 -169

  3. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 1996г., С. 388-409, 430-447

  4. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 с. 398-421.

  5. Патологическая физиология. Учебник, п/р А.Д.Адо, В.В.Новицкого,Томск, 1994г., стр. 294-317.

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 306-323, 332-344

Қосымша:

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 106-121, 140-195.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 452-490.

  3. Г.В.Розенштраук. Физиология и патофизиология сердца. – М.:Медицина, 1990, 620с.

  4. Д.Морган, Л.Хеллер. Физиология сердечно-сосудистой системы. – 2000. – СПб.

  5. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 619-649

3 тақырып. ТЫНЫС АЛУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ



Мақсаты:

  • сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Оқыту міндеттері:

  • тыныс жеткіліксіздігі дамуында ұяшықтардағы вентиляция, өкпе қылтамырларындағы газдардың диффузиясы және перфузиясының бұзылыстарының маңызын түсіндіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезіне, орналасуына, қанның газдық құрамының өзгеруіне байланысты түрлері.

  2. Өкпе вентиляциясының бұзылыстары. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрлері, себебі, патогенезі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бітелуіндегі өкпе көлемдерінің өзгерістерінің себептері мен патогенезі

  3. Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрлері, өкпеішілік, өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері.

  4. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері.

  5. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен өкпелік гипотензияның себептері мен механизмдері.

  6. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Ауызша талдау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару.


Машықтық жұмыс:

1 тапсырма.

Суретті пайдалана отырып тыныс жолдарының бітелуінде кеудеішілік және кеудеден тыс тыныс жолдарының кеңістігі қалай өзгеретіндігін түсіндіріңіз. Бұл өзгерістердің даму тетіктері қандай?





Жауабы

Тыныс алу жолдарында түзілетін оң қысым нәтижесінде кеудеден тыс тыныс алу жолдарының дерті кезінде олардың олардың кеңістігі ұлғайып, бітелу деңгейі азаяды. Демалу кезінде тыныс алу жолдарындағы теріс қысым айналасындағы (атмосфералық) қысымнан төмендеп, тыныс алу жолдарындарының тарылуына әкеледі. Кеудеішілік тыныс жолдарының дерттерінде демді шығарғандағы плевралдық оң қысым тыныс алу жолдарының кеңістігін тарылтса, демді ішке алғанда плевралдық теріс қысым – кеңітеді.




2 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шығару

1 . Тәжірибелік жануарға 3% уксус қышқылының ерітіндісін көктамырға енгізгенде тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз

Бастапқы пневмограмма:

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Тыныс алу өзгерістерінің патогенезі қандай?

  2. Тыныстың бұл бұзылысының патофизиологиялық маңызы қандай?




2.

Натрий нитритімен уланған бақаның берілген пневмограммадағы тыныс алу сипатының өзгерістерін сараптаңыз.



ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.

  2. Майкл А.Гриппи. Патофизиология легких. Перевод с англ. – М.Бином, 1997. – 327с.

  3. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

4 тақырып. АС ҚОРЫТУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ.



Мақсаты: Ас қорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Оқыту міндеттері:

  • Ас қорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін ситуациялық есептер шығарғанда өолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері, салдарлары.

  2. Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.

  3. Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары.

  4. Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  5. Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары (гипер- и гипосекреция, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахлоргидрия, ахилия) туралы түсінік, даму тетіктері, салдарлары.

  6. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «Агрессия факторлары» мен «қорғаныстық факторлардың» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.

  7. Қуыстық және қабырғалық ас қорытылудың бұзылыстары, себептері, салдарлары. Мальабсорбция, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.

  8. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.


Оқыту мен жүргізу тәсілдері:

Ауызша талдау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару.



1 тапсырма.

Ситуациялық есептер шығару

1- есеп.

32 жастағы ер кісі дәрігерге 4 жыл бұрын пайда болған жұтынудың бұзылысына шағымданып келді. Қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 с соң төс сүйегі артындағы қысу сезімін байқайды. Алғашында бұл сезімдер сирек болған, соңғы жылы әрдайым және әрбір тамақ ішкен сайын пайда болады. сұрағанда жылдан астам кеудесінде «толқындау» және оянғаннан кейін жөтел мазасын алатындығы анықталды. Бұл сезімдер су ішкеннен соң азаяды. Науқас тамақ ішу кезінде тұншығу немесе шаршағыштық сезім, мұрыннан, ауыздан тағамның кері қайтуы, жұтқыншақтағы ауыру сезімі, қыжылдау, дене массасының азайғандығы, асқазан-ішек жолдарынан қан кететіндігі – осылардың барлығының болмайтындығын айтады. Науқастың бұлшық еттері ауырмайды, қыжылдау болмайды, өзінде де, туыстарында да жүйелі коллагеноз болмаған. Қарап тексергенде және лабораториялық тексерулер – қанның жалпы анализі, ЭТЖ, қант, креатинин және бауыр мен қан ферменттерін тексергенде, барлығы қалыпты жағдайда.



    1. Жұтынудың бұзылыстары немен байланысты: өңештің бе немесе жұтқыншақтың ба?

    2. Әрі қарай қандай тексерулер жүргізу қажет?

    3. Рентгенограмма нені анықтайды? (оқытушыдан мәліметтерді сұраңыз)

    4. Науқаста жұтыну бұзылысының патогенезі қандай?

2-есеп. 35 жастағы науқас эпигастр аймағында мезгіл-мезгіл тамақтан соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды.

Науқас ашушаң, мазасыз, темекіні көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.



  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

  2. Науқаста қандай агрессиялық факторлар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай механизм жатыр?

  3. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

  4. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 424- 446

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 199-221.

  3. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. –С. 392-402.

  4. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г. - С. 388-409, 471- 490

  5. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000. - С. 514 - 547.

  6. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 143-154

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 365 - 400

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 239 – 265, 273 - 291.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 538 – 573, 576 - 595

  3. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. С. 23 - 195.

5 тақырып. БҮЙРЕК ПатофизиологияСЫ



Мақсаты:

    1. Бүйрек қызметі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, олардың зақымдануында туындайтын организмдегі өзгерістердің патогенезін меңгеру

Оқытудың міндеттері:

  • Бүйрек қызметі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • Зәрдің сан дық және сапалық өзгерістерінің патогенезін түсіндіре білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер.

  2. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері

  3. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

  4. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі

  5. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

  6. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

  7. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі


Оқытудың тәсілдері:

Ауызша талдау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару, сынамалық тапсырмаларды орындау


1 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару.

1.

Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз.

Диурез – тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер

Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер

ҚҚ – 175/95 мм с.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)


2.

40 жастағы созылмалы гломерулонефриті бар науқастың рентгенограммасында жайылмалы остеопороз анықталды. Сүйектердің деминерализациясын көрсететін сурет мешелді еске түсіреді. Науқасқа Д витаминін тағайындау еш нәтиже бермеді.

1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістің механизмі қандай?

2. Д витаминіне төзімділігін түсіндір



ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

    1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 519-555

    2. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 420-427 с.

    3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .

    4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538

    5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-

192

Қосымша

    1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

    2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 598-623.

    3. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.


беттің беті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет