Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет40/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   246
74-132

3-тарау. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)
1-параграф. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны
20. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
1) 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағат;
2) 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағат.
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
1) 10 – сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағат;
2) 11– сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағат.
21. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша оқыту ұйғыр,өзбек, тәжік тілінде жүргізілетін сыныптардағы оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
1) 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағат;
2) 11-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында108 сағат.
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат;
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат.
22. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.
23. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым;
5) тілдік бағдар.
24. «Тыңдалым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) назарын шоғырландырып тыңдау;
3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
4) көркем шығармаларды тыңдау;
5) негізгі ойды анықтау;
6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
25. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіндегі ақпаратты анықтау;
2) стильдік ерекшеліктерді анықтау;
3) көркем шығармаларды оқу;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;
6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
26. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;
2) эссе жазу;
3) шығармашылық жазба жұмысы;
4) мәліметтерді жинақтау;
5) жинақы мәтін құрастыру;
6) орфография және пунктуация.
27. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөздік қорының алуандығы;
2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;
3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;
4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;
5) сенімді және еркін жауап беру;
6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.
28. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөз таптары;
2) сөйлем.
29. 10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазу, оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдау, мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау, мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу;
2) айтылым: ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, мәтіндегі абзацтардың, бөлімдердің орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау, пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу, әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру;
3) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факт мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау, ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау, ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, эссе, тезис, интервью) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасау, мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ қорытындылар жасау, мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау;
4) жазылым: публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазу, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу, шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен тиімді қолданып жазу, тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну, ғылыми-көпшілік және көркем мәтіндердегі негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін құрастыру, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;
5) тілдік бағдар: сөз таптары, тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып дұрыс қолдану, сын есімнің жасалу жолдарын білу, сан есімнің жасалу жолдарын білу, есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану, үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану, құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу.
30. 11-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, тыңдалған мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды түртіп жазу және ақпараттарды жүйелеу, оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегісөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау, мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу;
2) айтылым: ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану, ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монолог пен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас орнату, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау, көпшілік алдында сенімді және еркін сөйлеу, әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
3) оқылым: мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, анықтау, ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау, ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, аннотация,) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру, ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, аннотация, үндеу) бойынша салыстырмалы (құрылымы, қызметі, мақсатты аудиториясы, оқырманға әсері) талдау жасау, қосымша ғылыми-анықтамалық ақпарат көздерінен алынған материалдар негізінде мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасау, мәтінді негізгі мәселеге баға бере отырып, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу;
4) жазылым: ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, өз ойын дәлелдеп эссе жазу, шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу, тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация), кәсіби және публицистикалық бағыттағы мәтіндердегі басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;
5) тілдік бағдар: сөз таптары, ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану, сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану, үстеудің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай орынды қолдану, мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану, сөйлем, оқшау сөздердің қызметін білу, айқындауыш мүшелер (қосалқы, қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет