Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
$$$А
Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз
-
Бұлар үйге кіргенде, түн ортасы жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан жатпады
-
Уақыт өткен сайын, су киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсіп, мұз оранған дене дірілдей түсті
-
Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік
-
Машина жақындаған сайын қала да қойнын ашып,көшелері кеңи береді
-
Басында бірін-бірі онша білмесе де, осында келгеннен кейін, отбасы мүшелеріндей қатты араласып, туыстай болып кеткен еді
$$$С
Себеп-салдар мәнді сөйлемдері бар аралас құрмаласты табыңыз
-
Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнгенге санаймын да, бүгіннен бастап жіберемін
-
Қарағандының қары қауырт еріп, сай-салалар суға толып, өзендер тасығалы тұр
-
Шарды түбінде елбасылары салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмайды, оны екі тілмаштың бірі санайды
-
Өмірдің ащы-тұщысын бірдей таттық: шаңырақ көтергенімізге жарты жыл толмай жатып, соғыс басталды
-
Осы минутта күдері Жақыпбек көзіне мейрімді әке сияқты болып көрінсе, көзіне жас іркіліп қалып тұрды
$$$С
«Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз
-
Жолдан бұрыстау болғанмен, егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін
-
Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болғанды
-
Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті
-
Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да,мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады
-
Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді
$$$Е
«Келген үшеудің бірі Жабай еді, болған іске өкініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты», - деген сөйлемнің сызбасын көрсетіңіз
-
Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
-
Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы
-
Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
-
Басыңқы, басыңқы, басыңқы
-
Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
$$$ А
Араласты табыңыз
-
Күн ашық болғандықтан,орталық алаңға жиналдық, дегенмен кешегі жоспарымызды жүзеге асыра алмадық
-
Ол үйге келіп, кітабын іздеп көргенмен, оны еш таба алмады
-
Ерте келсек те, тапсырманы орындасақ та, бізге рахмет айтқан ешкім болмады
-
Ол қалаға кеше келген, бірақ баратын жерінің мекен-жайы өзгеріп кетіпті, сондықтан анықтама бюросына келді
-
Ол газетті ашса да, интернетке қараса да, әлгі оқиға туралы таба алмады
$$$В
Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
-
Күн санап кеңес тәртібі орнығып, болыстың ұйымдардың өзі де ерекше қызмет атқарып отырды
-
Атаман үкіге еңкейіп, қолын суға малды да, бір қызыл сағанды мұз бетіне лақтырып тастады
-
Уақыт керуеніне бөгет жоқ
-
Істің қазіргі ұсқынына қарағанда, береке бітіммен тынатын түрі жоқ
-
Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған,бір сөзі де өзгермеген
$$$D
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз
-
Біз қол бос болғандықтан, іш пысқандықтан емес, білімді болу үшін оқитынбыз
-
Санада нұр, көкіректе арман болса, болышақ жарқын болмақ
-
Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртынды сүйе алмайсың
-
Қазірде де ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр: ән тоқтай қалса, кішкентай қыз қарақаттай көздерін ашады
-
«Боз інген» күйін тартқанда, боз торғай шырылдауын, бұлбұл сайрауын қояды.
$$$А
Шырағым, сен абыржыма. Берілген сөйлемдегі қаратпа сөзді көрсетіңіз.
А. Шырағым
В. Сен
С. Абыржыма
D. Сен абыржыма
Е. Шырағым, сен
$$$D
Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы қандай?
А. Баяндауыш формасы арқылы
В. Есімше арқылы
С. Көсемше арқылы
D. Шартты рай тұлғасы арқылы
Е. Интонация арқылы
$$$Е
«Студенттің дәптері» қандай байланысу формасына жатады?
А. Меңгеру, есімді тіркес
В. Қиысу, етістікті тіркес
С. Қабысу, етістікті тіркес
D. Жанасу, есімді тіркес
Е. Матасу, есімді тіркес
$$$А
Денесі талдырмаштау болғанымен, Кенжетайдың бір кісіден таяқ жемейтін күші бар еді. Сабақтас сөйлем қалай жасалған?
А. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
В. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
С. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
сөйлем
D. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
сөйлем
Е. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
сөйлем
$$$В
Жаңылмасам, сіз осы заводтың директоры боласыз? Сөйлемдегі қыстырма сөзді көрсетіңіз.
А. Сіз
В. Жаңылмасам
С. Осы
D. Заводтың
Е. Директоры боласыз.
$$$D
Әкем Балжандарға хат беріп, туыс, жолдастарын сырттан таныстырып жүр.
Берілген сөйлемде бірыңғай мүше болып тұрған
А. Бірыңғай анықтауыш
В. Бірыңғай бастауыш
С. Бірыңғай баяндауыш
D. Бірыңғай толықтауыш
Е. Бірыңғай пысықтауыш
$$$С
Мен бұл жерге әдейі келдім. Берілген сөйлемдегі «әдейі» сөзі пысықтауыштың қандай түріне жатады?
А. Мезгіл
В. Мекен
С. Мақсат
D. Себеп
Е. Сын-қимыл
$$$В
Бұл жолы үшеуі табалдырықтан аспай тұра қалды да, аққұба жігіт есіктің ілмегін салды. Берілген сөйлем салаластың қандай түріне жатады?
А. Түсіндірмелі салалас
В. Ыңғайлас салалас
С. Себеп-салдар салалас
D. Қарсылықты салалас
Е. Кезектес салалас
$$$С
Бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, әйткенмен, сонда да тәрізді жалғаулықтардың қатынасы арқылы салаластың қандай түрі жасалады?
А. Мезгілдес салалас
В. Себептес салалас
С. Қарсылықты салалас
D. Шартты салалас
Е. Салыстырмалы салалас
$$$С
Сөз тіркесіне берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз.
А. Толық мағыналы, кем дегенде үш, төрт сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.
В. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.
С. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.
D. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің тұлғалық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.
Е. Ауыспалы мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан байланысуын сөз тіркесі дейді.
$$$В
Басыңқы сыңардың қай сөз табы болып келуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
А. Етістікті, сын есімді сөз тіркес
В. Етістікті, есімді сөз тіркес
С. Есімді, анықтауышты тіркес
D. Етістікті, пысықтауышты тіркес
Е. Етістікті, есімді тіркес
$$$А
Құрамына қарай сөз тіркесі қандай түрге бөлінеді?
А. 2
В.3
С.4
D.5
Е.6
$$$Е
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің байланысу формалары нешеу?
А.1
В.2
С.3
D.4
Е.5
$$$В
«Баласын сағынды» тіркесі қандай байланысу түріне жатады?
А. Қиысу
В. Меңгеру
С. Матасу
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$В
Ілік септігіндегі жалғаулы сөздің байланысын қалай атайды?
А. Меңгеру
В. Матасу
С. Қабысу
D. Жанасу
Е. Қиысу
$$$С
«Сенің қуанышың» тіркесі қандай байланысу түріне жатады?
А. Қиысу
В. Меңгеру
С. Матасу
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$А
«Мен жаздым» тіркесі қандай байланысу түріне жатады?
А. Қиысу
В. Меңгеру
С. Матасу
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$А
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың байланысуын қалай атайды?
А. Қиысу
В. Меңгеру
С. Матасу
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$С
«Ит өлген жер» тіркесінің беретін мағынасы
А. Ым-жымы бір
В. Ораша
С. Алыс
D. Жақын
Е. Ойда-жоқта
$$$А
«Бөлмеде отыр» басыңқы сыңар қай сөз табынан жасалып тұр.
А.Етістікті сөз тіркесі
В. Есімді тіркес
С. Бастауышты тіркес
D. Баяндауышты тіркес
Е. Анықтауышты тіркес
$$$В
«Көк аспан» басыңқы сыңар қай сөз табынан жасалып тұр.
А.Етістікті сөз тіркесі
В. Есімді тіркес
С. Бастауышты тіркес
D. Баяндауышты тіркес
Е. Анықтауышты тіркес
$$$А
«Терең көл» құрамына қарай қандай тіркес түріне жатады?
А. Жай сөз тіркесі
В. Күрделі сөз тіркесі
С. Қосарлы сөз тіркесі
D. Біріккен сөз тіркесі
Е. Қысқарған сөз тіркесі
$$$В
«Кітап оқып отыр» құрамына қарай қандай тіркес түріне жатады?
А. Жай сөз тіркесі
В. Күрделі сөз тіркесі
С. Қосарлы сөз тіркесі
D. Біріккен сөз тіркесі
Е. Қысқарған сөз тіркесі
$$$А
«Малдың шөбі» анықтауыштың қандай түріне жатады?
А. Меншікті анықтауыш
В. Сапалық анықтауыш
С. Күрделі анықтауыш
D. Сандық анықтауыш
Е. Қосарлы анықтауыш
$$$В
«Жуан терек» анықтауыштың қандай түріне жатады?
А. Меншікті анықтауыш
В. Сапалық анықтауыш
С. Күрделі анықтауыш
D. Сандық анықтауыш
Е. Қосарлы анықтауыш
$$$Е
Жанама толықтауыш болып тұрған тіркесті көрсетіңіз
А. Жауабын алды
В. Білгенін жасырмайды
С. Естігенін айтып отыр
D. Жауабын берді
Е. Жарыссөзге қатынасты
$$$С
Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемдер неше түрге бөлінеді?
А.2
В.3
С.4
D.5
Е.6
$$$В
Айтушының немесе жазушының көңіл күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?
А. Хабарлы
В. Лепті
С. Сұраулы
D. Түсіндірмелі
Е. Бұйрықты
$$$Е
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А. Өміріңде қауіп- қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге
аяқ баспа
В.Сәл нәрсеге ренжімеймін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
С. Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
D. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай
айырылғанымды айтып берейін.
Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.
$$$А
Айқындауыштар құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
А. Қосалқы, қосарлы, оңашаланған
В. Қосалқы, қысқарған
С. Оңашаланған, үйірлі
D. Қосарлы, үйірлі
Е. Қосарлы, оңашаланған
$$$Е
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын деген сөйлемдегі «Ақ басты» қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр?
А. Үйірлі анықтауыш
В. Жанама толықтауыш
С. Тура толықтауыш
D. Қосалқы баяндауыш
Е. Күрделі анықтауыш
$$$D
Толықтауыш мағынасына, синтаксистік қызметіне, тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді?
А. 3
В. 5
С. 4
D. 2
Е. 9
$$$В
Алматыда Омарбек деген жолдасым бар. Берілген сөйлемдегі «Бар» сөзі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
А. Бастауыш
В. Баяндауыш
С. Толықтауыш
D. Анықтауыш
Е. Пысықтауыш
$$$А
Пысықтауыштық қатынаста, мекендік мағынада жұмсалған сөз тіркесін көрсетіңіз.
А. Тоғайдан шығу
В. Мектептің ауласы
С. Асан ойланды
D. Ұзақ ойланды
Е. Әжесінің әңгімесі
$$$С
Сөз тіркесінің жалғаулықсыз, қатар тұру арқылы байланысы қандай байланысу формасына жатады?
А. Матасу
В. Меңгеру
С. Қабысу
D. Жанасу
Е. Қиысу
$$$В
Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы
қандай байланысу формасына жатады?
А. Матасу
В. Меңгеру
С. Қабысу
D. Жанасу
Е. Қиысу
$$$В
Түн. Шалқыған-ай. Қандай сөйлем түріне жатады?
А. Толымды
В. Атаулы
С. Толымсыз
D. Болымды
Е. Болымсыз
$$$А
Меншіктілік қатынас қандай тіркестерден көрінеді?
А. Інімнің кітабы
В. Ағасына айтты
С. Айгүл келді
D. Досыммен әңгімелесті
Е. Қарағайлы орман
$$$В
Сөз тіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін қанша тәсіл қолданылады?
А. 2
В. 4
С. 3
D. 5
Е. 9
$$$С
Сөз тіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін қандай тәсілдер қолданылады?
А. Жалғаулар, шылаулар.
В. Жалғаулар, шылаулар, интонация
С. Жалғаулар, шылаулар, интонация, орын тәртібі
D. Интонация, орын тәртібі
Е. Жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі
$$$С
«Қол сағат» қандай байланысу формасына жатады?
А. Матасу
В. Меңгеру
С. Қабысу
D. Жанасу
Е. Қиысу
$$$А
«Зат есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз
А. Алтын сағат
В. Бесінші қатар
С. Көк аспан
D. Бүкіл халық
Е. Келер кісілер
$$$В
«Сын есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз
А. Екі кітап
В. Ауыр жүк
С. Көлік күш
D. Көшкен бұлт
Е. Бүгін кезекші
$$$А
«Сан есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз
А. Үш метр мата
В. Сусыған құм
С. Қай жыл
D. Ауыз үй
Е. Қайың ағаш
$$$А
«Үрейін ұшыру» қандай мағынада жұмсалады?
А. Қатты қорқыту
В. Таң қалу
С. Өкіну
D. Қуану
Е. Қайғыру
$$$С
Бұл – кітап. Не арқылы байланысқан?
А. Жалғаулық
В. Орын тәртібі
С. Интонация
D. Шылаулар
Е. Қосымшалар
$$$С
Сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаулықсыз, тек қатар тұру арқылы байланысатын форма.
А. Матасу
В. Меңгеру
С. Қабысу
D. Жанасу
Е. Қиысу
$$$В
Жақсыз сөйлемге берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз
А. Бастауышы бар, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем болады.
В. Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем болады.
С. Бастауышы бар, айтылған іс-әрекет бастауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ үғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем болады
D. Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет бастауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем болады.
Е. Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет бастауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем болады.
$$$А
Толымды сөйлемге берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз
А. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем
В. Ойға қатысты мүшелерінің екеуі ғана айтылған сөйлем
С. Ойға қатысты мүшелерінің біреуі ғана айтылған сөйлем
D. Ойға қатысты мүшелерінің бірнешеуі ғана айтылған сөйлем
Е. Ойға қатысты мүшелері айтылған сөйлем
$$$Е
Толымсыз сөйлемге берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз
А. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем
В. Ойға қатысты мүшелерінің екеуі ғана айтылған сөйлем
С. Ойға қатысты мүшелерінің біреуі ғана айтылған сөйлем
D. Ойға қатысты мүшелерінің бірнешеуі ғана айтылған сөйлем
Е. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған, олқы сөйлемдер
$$$С
Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс қолданылғанын көрсетіңіз.
А. Шынымды айтсам, өзің бір, қызық жан екенсің.
В. Шынымды айтсам өзің бір, қызық жан екенсің.
С. Шынымды айтсам, өзің бір қызық жан екенсің.
D. Шынымды айтсам өзің бір, қызық жан – екенсің.
Е. Шынымды айтсам- өзің бір қызық жан екенсің.
$$$В
Қос нүкте дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Біздің үйдегі адамдар мыналар әкем: шешем, Таңатар.
В. Біздің үйдегі адамдар мыналар: әкем, шешем, Таңатар.
С. Біздің үйдегі адамдар мыналар әкем, шешем, Таңатар.
D. Біздің үйдегі :адамдар мыналар әке,: шешем, Таңатар.
Е. Біздің үйдегі адамдар :мыналар әкем, шешем, Таңатар.
$$$D
Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
А. Бала өзінің бармайтындығын айтты.
В. «Ақ Жайық» пен «Көп жылдар өткен соң» шығармалары кімдікі?
С. Волгамның бары бар, бірақ ескі.
D. Ақсақал: «Сен өзің сезімтал екенсің»,- деді.
Е. Тәж- Махал- үнді жерінің мақтанышы.
$$$Е
Тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымы- құрылысын қарастыратын саланы белгілеңіз.
А. Пунктуация.
В. Морфология.
С. Орфоэпия.
D. Лексика.
Е. Синтаксис.
$$$А
Матаса байланысқан анықтауыштық қатынасты табыңыз.
А. Үйдің терезесі
В. Талдырмаш қыз.
С. Таулы жер.
D. Ақырын жүру.
Е. Үйден шығу.
$$$А
Сөйлемдер арасына қойылмаған белгісін табыңыз. Үйде шешен дауда жоқ.
А. Үтір
В. Нүктелі үтір
С. Үтір, қос нүкте
D. Сызықша
Е. Қос нүкте
$$$В
Сын есім – қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Әдемі, қысықтау көздері өзіне жарасып-ақ тұр.
А. Пысықтауыш
В. Анықтауыш
С. Бастауыш
D. Баяндауыш
Е. Толықтауыш.
$$$С
Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер қандай сөйлем болады?
А.Атаулы
В. Болымсыз
С. Жақсыз
D. Болымды
Е. Жақты
$$$D
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем қандай сөйлем болады
А. Атаулы
В. Сұраулы
С. Болымды
D. Жақты
Е. Жақсыз
$$$С
«Екі аяғын бір етікке тығу» тіркесінің беретін мағынасы
А. Ым-жымы бір
В. Татулық
С. Қорқыту
D. Таңдалу
Е. Ойда-жоқта
$$$В
Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз:
Ерлік белгісін көрсеткісі келді, бірақ Қожантайдың өзі де ойға қала бастады.
А. Себептес салалас
В. Қарсылас салалас
С. Мезгілдес салалас
D. Шартты салалас
Е. Түсіндірмелі салалас
$$$C
Анықтауыштық қатынасты білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.
А. Сабаққа бару;
В. Жолдан келу;
С. кең көйлек;
Д. Ақ сары;
Е. Қайынаға
$$$В
Бағыныңқы сыңардың басыңқымен табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып байланысуы.
А. матасу;
В. меңгеру;
С. қабысу;
Д. жанасу;
Е. Қиысу
$$$А
Ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы
А. матасу;
В. меңгеру;
С. қабысу;
Д. жанасу;
Е. Қиысу
$$$А
Абай өзінен үлкен кісінің қорыққанына қатты ырза еді. Қиыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
А.Абай ырза еді;
В. өзінен қорыққанына;
С. үлкен кісінің;
Д. қатты ырза;
Е. кісінің қорыққанына
$$$ Е
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А. көгілдір аспан;
В. көктемгі кез;
С. көктей шабу;
Д. көк шөп;
Е. көзі тас төбесіне шығу;
$$$С
Қиысуды табыңыз.
А. үздік оқушы;
В. жиырма бес оқушы;
С. оқушы естіді;
Д. оқушыға айтты;
Е. оқушының кітабы;
$$$С
Меңгеруді табыңыз.
А. Сәрсеннің әңгімесі;
В. Сәрсен - оқушы;
С. Сәрсенге айт;
Д. Сәрсенге дейін кел;
Е. оқушы Сәрсен;
$$$С
Матасуды табыңыз.
А. сөзіңді ұқтым;
В. сөзімді тыңда;
С. сөзіңнің басында;
Д. сөзге тоқта;
Е. сөз бер;
$$$Е
Қабысуды табыңыз.
А. еңбекке баулу;
В. еңбек ет;
С. еңбексіз табыс;
Д. еңбектің түбі зейнет;
Е. еңбектен соң;
$$$А
Оңашаланған айқындауышты табыңыз.
А. Артынан, Абай ұғындырған соң, жұрт барлығымен келісті.
В. Балалар, ауа-райы қандай тамаша!
С. Біз шеберлікке үйренеміз.
D. Екеуміздің жолымыз екі басқа.
Е. Ойларын ашық білдіреді.
$$$A
Қосарлы айқындауышты көрсетіңіз.
A. Инженер-технолог
B. Технология институты
C. Тас қамал
D. Теміржолшы
E. Қара жол
$$$А
Қосалқы айқындауышты табыңыз.
А. Біржан сал, Әсет ақын.
В. Қызыл түлкі
С. Жақсыдан үйрен.
D. Орманға жақындау.
Е. Көп күтті.
$$$А
Жанама толықтауышты табыңыз.
А. Бізге арнап әзірлепті.
В. Кітап сыйлады.
С. Ертегіні тыңдады.
D. Айгүлді көрді.
Е. Ерте тұру керек.
$$$Е
Тура толықтауышты көрсетіңіз.
А. Екеуміздің жолымыз бірге.
В. Салтанатпен кездесті.
С. Баруға құштар.
D. Маған қарады.
Е. Балаларды шақырды.
$$$Е
Анықтауыштық қатынасты табыңыз.
А. Көп күтті.
В.Мінезін өзгерту.
С.Бірге келді.
D. Толық бітті.
Е.Ажардың анасы.
$$$А
Толықтауыштық қатынасты көрсетіңіз.
A. балаларға айттым.
B. дала дарабоздары.
C. ағылған машина.
D. қызыл түлкі.
Е. Тез жетті.
$$$С
Пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
A. мінезін өзгерту
B. қу түлкі.
C. толық бітті
D. гүрілдеген өзен.
Е. өзен суы.
$$$А
Лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A. Қандай тамаша көл
B. Сен нешедесің
C. Бала ойнап жүр
D. Жездем ертең келеді
Е. Заңғар жазушы
$$$А
Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A. Сізде де арман бар ма екен
B. Түн жым-жырт
C. Күн жылы
D. Аспан ашық
Е. Байжанның үйі
$$$D
Кең дала. Сөйлем түрін анықтаңыз.
A. Лепті
B. Хабарлы
C. Бұйрықты
D. Атаулы
Е. Сұраулы
$$$В
Тапсырманы орында. Сөйлем түрін анықтаңыз.
A. хабарлы
B. бұйрықты
C. сұраулы
D. атаулы
Е. лепті
$$$А
Сөйлемге тиісті сөзді қой. Сен жас ... емессің.
A. бала
B. қоңыр
C. биік
D. ақ
Е. Кіші
$$$D
Байланыс түрін анықтаңыз. Былтыр тапсырды.
A. Қиысу
B. Матасу
C. Меңгеру
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$А
Байланыс түрін анықтаңыз. Сәлем берді.
A. Қиысу
B. Матасу
C. Меңгеру
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$В
Байланыс түрін анықтаңыз. Ағаштың жапырағы
A. Қиысу
B. Матасу
C. Меңгеру
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$С
Байланыс түрін анықтаңыз. Жолдауды оқу
B. Матасу
C. Меңгеру
D. Қабысу
Е. Жанасу
$$$D
Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: