Жалпы түсініктер Жас экономистер арасынағы «Жас сарапшы»



Дата09.06.2016
өлшемі86.69 Kb.
#123972



Жас экономистер арасындағы «Жас сарапшы» республикалық конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ



  1. Жалпы түсініктер

1.1. Жас экономистер арасынағы «Жас сарапшы» республикалық конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) – жыл сайынғы іс-шара, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында сарапшылық, ғылыми-зерттеу, талдаулық іс-әрекетті ынтаналандыру, талантты жастарды анықтау және кәсіби жағынан алға жылжыту, жаһандық үдерістер мен олардың Қазақстанға ықпалының талдауы мен мониторингісін жүргізу арқылы елімізде кәсіби сарапшылық қауымдастықтың қалыптасуына септігін тигізу болып табылады.

1.2. Конкурстың ресми атауы – «Жас экономистер арасындағы «Жас сарапшы» республикалық конкурсы». Конкурс жылына бір рет өткізіледі.

1.3. Конкурс ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт қолдауымен «ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианттар қауымдастығы» ҚБ (бұдан әрі–Ұйымдастырушы).



1.4. Конкурс серіктесі –«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі – Серіктес).

1.5. Тартылған сарапшылар – тиісті тәжірибесі, ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар сарапшылар санатынан Конкурстың тақырыптық бағыты бойынша мамандар (бұдан әрі – Сарапшылар), соның ішінде «Болашақ» Қауымдастығының мүшелері. Сарапшылар Ұйымдастырушының келісімі бойынша Серіктестікпен анықталады.

1.6. Конкурстық құжаттар – Конкурс қатысушысымен осы Ережеге сәйкес Серіктестікке ұсынылатын материалдар.

1.7. Конкурстық комиссияКонкурстың лауреаттары мен жеңімпаздарын талқылау және анықтау мақсатында Ұйымдастырушы (1 адам), Серіктестік (5 адам), сондай-ақ Сарапшылар (3 адам) өкілдерінің санатынан қалыптастырылған орган (бұдан әрі – Комиссия). Комиссия мүшелерінің саны өзгертілуі мүмкін, бірақ қосқан кезде тұлғалардың тақ санын құрауы тиіс.

1.8. Конкурс қатысушысы – Серіктеске конкурстық құжаттарды ұсынған, Конкурстың I, II кезеңдерінен өткен тұлға.

1.9. Конкурс лауреаты – Конкурстың III кезеңіне қатысуға жіберілген Конкурстың қатысушысы. Лауреатқа сертификат тапсырылады.

1.10. Конкурс жеңімпазы – Конкурс қатысушысы, Конкурстың III кезеңінің қорытындысы бойынша 1, 2, 3 жүлделі орынға ие болған. Конкурс жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен сәйкесінше 1, 2, 3 дәрежелі Дипломдар табыс етіледі.



1.11. Конкурс лауреаттары мен жеңімпаздары Комиссия мүшелерінің қарапайым басым дауысымен анықталады.

1.12. Комиссия, отырысқа оның құрамының 2/3 мүшесі қатысып отырса, конкурстық құжаттарды қарастыруға құқылы.



1.13. Ұйымдастырушы сайты – www.bolashak.kz, Серіктес сайты – www.economy.kz.

1.14. Эссе – Конкурс қатысушысымен Конкурстың I кезеңінде берілген тақырыптардың біріне қазақ немесе орыс тілінде жазылған ғылыми-зерттеу жұмысы, оны қарастырудың қорытындысы бойынша Серіктес қатысушыны Конкурстың II кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдайды.

1.15. Эссе үшін тақырыптар:


  • Қазақстандағы орта тап: оған жататын критерилер мен сандық бағалау;

  • Мұнайсыз Қазақстан: дамудың жаңа драйверлерін іздеу;

  • Еңбек өнімділігін жоғарлату перспективалары;

  • Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамыту және перспективалары;

  • Қазақстан экономикасын табыстылығы жоғары деңгейдегі елдер санаттарына жатқызу үшін қайта жасау;

  • Білім беру саясатының тәсілдері: экономиканың дамуына қосатын үлесі;

  • Шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа құралдары;

  • ҚР жағымды хал-ахуалын алғы жылжыту;

  • Өнеркәсіпті дамытудың жаңа тренді ретіндегі өндірісті автоматтандыру және цифровизациялау;

  • ҚР өңірлік дамыту: қолданыстағы тәжірибелер мен перспективалар;

  • ҚР-да инновацияны дамытудың негізгі бағыттары;

  • Қазақстанның ақша-несие саясатының жаңа шарттардағы негізгі құралдар;

  • Қазақстанның заманауи өнеркәсіптік саясаты және бәсекелестікті дамыту.


1.16. Кейс тапсырма – Конкурс қатысушысымен Конкурстың II кезеңінде орындалған берілген тақырыптың есебін шешу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы, кейс тапсырма шешімін қарастыру қорытындысы бойынша Комиссия қатысушының Конкурстың III кезеңіне жіберілуі туралы шешім қабылдайды.


  1. Жалпы тарау

2.1. Конкурсқа 29 жасқа дейінгі экономика мамандықтарының 4-ші курс студенттері мен магистранттары қатыса алады

2.2. Конкурсқа қатысу үшін 1 қосымшаға сәйкес өтініш, оқытуды растайтын жоғары оқу орнынан анықтама, эссе, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін жіберу керек. Конкурстық өтінішті ресімдеу талаптары мен өтінішті қабылдау тәртібі 2 қосымшада баяндалған.

2.3. Конкурсқа алдыңғы жылдар жеңімпаздарының қатысуына жол берілмейді.

2.4. Сыйлықтар мен сертификаттарды табыс ету ресми марапаттау рәсімінде өткізіледі.

2.5. Конкурс жеңімпаздары бейінді мемлекеттік органдарда, олардың құрылымдық бөлімшелері мен компанияларында, салалық институттарда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.




  1. Конкурстың кезеңдері

3.1. Серіктес және Комиссия өз функцияларына сәйкес іріктеу процесін өткізеді, ол үш кезеңнен тұрады:

I кезең – бастапқы іріктеу қатысушылардың конкурсқа қатысу үшін берілген құжаттары, сондай-ақ ұйымдастырушылар алдын ала хабарлаған тақырыптардың біріне қазақ немесе орыс тілінде эссе негізінде жүргізіледі. Бастапқы іріктеу нәтижелері бойынша іріктеліп алынған 30 үміткердің арасынан тізім дайындалады. Мерзімі: 2015 жылғы 21 қыркүйек – 15 қазан аралығы.

II кезең – ІІ тур қатысушыларының кейс дайындауы. Кезең қорытындысы бойынша комиссиямен ІІІ турдың 10 қатысушысы анықталады. Мерзімі: 2015 жылғы 22 – 28 қазан аралығы.

III кезең – финалистердің конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтуі. Әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурс лауреаттары мен жүлдегерлердің аттары анықталады. Мерзімі: 2015 жылғы 3 – 5 қараша аралығы. Әңгімелесу және марапаттау рәсімі бір күнде Астана қаласында өтеді.

3.2. Лауреаттың Құрылтайшы және Ұйымдастырушымен белгіленген уақытта Комиссия мүшелерімен әңгімелесуде болмауы (болмаудың себептеріне қарамастан) Лауреатқа жеке әңгімелесуден өтуге құқық бермейді.

3.3. Ұйымдастырушы мен Серіктес осы Конкурстың қатысушылары бойынша қабылданған шешімдердің уәжі мен себептері туралы түсініктеме бермеу құқығын өздеріне қалдырады.
4. Конкурс қатысушыларын іріктеу
4.1. Эссені бағалау критерийлері:

4.1.1. Жұмыс мазмұнының Конкурстың берілген тақырыбына сәйкес келуі;

4.1.2. Проблеманың мазмұнды, әрі нақты қойылуы;

4.1.3. Тақырыптың өзектілігін негіздеу және зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі;

4.1.4. Мазмұндаудың ғылыми стилі;

4.1.5. Жоба идеясының бірегейлігі;

4.1.6. Тәжірибе жүзінде енгізу перспективтілігі;

4.1.7. Материалды мазмұндаудың қисындылығы және жүйелілігі;

4.1.8. Әлеуметтік маңызы;

4.1.9. Материалдың ресімделуі.


4.2. Кейс тапсырмалар шешімдерін іріктеу критерийлері 3 қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

4.3. Әр критерий бес балдық шәкіл бойынша бағаланады.

4.4. Әр келесі кезеңнің қатысушысын іріктеу жиналған дауыстар саны бойынша жүргізіледі.
5. Қорытынды ережелер
5.1. Комиссия қарауына келіп түскен ғылыми-зерттеу жұмыстары қайтарылмайды.

5.2. Құрылтайшы Конкурс қатысушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен талдамалы жұмыстарының басып шығару құқығын өзіне қалдырады.

5.3 Құрылтайшы Конкурс жеңімпаздарына өз сұхбаттарын, Конкурс туралы пікірлерін БАҚ-та және өзінің ресми сайтында орналастыру мүмкіндігін береді.



5.4. Осы Ереженің шарттарымен реттелмеген мәселелер қосымша Меморандум, Келісімдер, Шарттармен реттеледі. 

1 қосымша

«Жас сарапшы» республикалық конкурсқа

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Мені жас экономистер арасында өткізілетін «Жас сарапшы» конкурсының қатысушылары санына енгізуді сұраймын

Т.А.Ә:




___________________________________________________

Тұратын қаласы:

___________________________________________________

Оқу орны



___________________________________________________

Оқу нысаны

(бакалавр/магистр)



___________________________________________________

Курс



___________________________________________________

Мамандығы




___________________________________________________

Оқу тілі



___________________________________________________

Жіберілетін эссенің тақырыбы





__________________________________________________

Поштаның мекенжайы:




___________________________________________________

Телефон (үй):




__________________________________________________

Телефон (ұялы):




__________________________________________________

E-mail:



__________________________________________________

Толтыру күні : ________________


Аталған өтінішке мыналар қосы беріледі: оқығандығын растау туралы ЖОО берілетін анықтама; эссе, құжаттар көшірмесі, жеке куәлік.
Мен осы ұсынылған Өтініште көрсетілген барлық ақпараттардың шынайылығына, сенімділігіне және олардың Өтінішті берген сәтте өзекті болғандығын растаймын.

Қолы_________________________



2 қосымша
Конкурстық өтінішті ресімдеуге қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысу өтініші (1 қосымша) конкурсқа қатысуға үміттенетін әлеуетті қатысушының осы тәртіппен қарастырылған талаптар және шарттармен келісімін көрсетудің үлгісі болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткермен ұсынылатын қатысу өтінішімен бірге жоғары оқу орнында оқу фактісін растайтын анықтамамен (түпнұсқасы) қоса берілуі тиіс.

Осы Ережемен қарастырылған талаптардың бұзылуы бар конкурсқа қатысу өтініштері қабылдауға және тіркелуге жатпайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті және қатысу өтініші мен жоғары оқу орнынан анықтамамен қоса ұсынылатын құжаттар:

- Эссе, Конкурс Ұйымдастырушысымен алдын ала берілген тақырыптардың біріне жазылған, көлемі 2-3 беттен аспауы тиіс;

- Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлік, төлқұжат).

Ғылыми-зерттеу және талдамалы жұмыстарды жазу қарпі: Times New Roman, 14 кегль, бір шегеріммен. Жұмыс беттерін нөмірлеу және дәйектендіру міндетті түрде.

Конкурсттық құжаттардың сканерленген көшірмелері 2015 жылғы 15 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: zhassarapshy@economy.kz. Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 701 808, 8 (7172) 707 669, 8 (701) 643 43 44.




Страница из



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет