Жамбыл атындағы республикалық
жасөспірімдер кітапханасы
Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
(Библиографиялық көрсеткіші)
А - Б
Алматы, 2010ж.
Құрастырушыдан
Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы «Қазақстан
ақын -жазушылары ХХ ғасырда»» атты биобиблиографиялық көрсеткішті шығаруға кірісті. Жиналған материалдың ауқымдылығына байланысты, бірінші шығарылым қазақ және қазақстан ақын- жазушыларының аты- жөнінің алфавиті бойынша А –дан В-ға дейінгі аралықты қамтиды.
Анықтамалық оқушыларға, арнаулы орта және жоғары оқу орындары-
ның студенттеріне, мұғалімдерге, сонымен қатар жалпы оқырман қауымға арналады. Әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығы туралы нақты әрі қысқа берілген ақпарат, жазушының әдеби бағыты және шығармаларының қысқаша мазмұнымен танысуға мүмкіндік береді. Ақын – жазушылардың шығармашылығымен толықтай танысу үшін, көрсеткіште автордың шығар-
маларының тізімдері мен ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген сыни материалдар беріліп отыр.
Ақын- жазушылар туралы материалдар аты- жөндерінің алфавиті бойынша топтастырылып, шығармаларының библиографиясы берілген.
Көрсеткіште кітаптар мен соңғы 5 жылда ( 2005- 2009) жарық көрген газет және журнал мақалалары қамтылған.
Әдебиеттерді жинақтау 2010 жылдың 30 тамызында аяқталды.
Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы ұсынылған материалдары үшін С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасына алғысын білдіреді.
Абай Құнанбаев
(1845- 1904)
Қазақтың әдеби тілі мен жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын, көрнекті ағартушы Абай ( Ибраһим) 1945 жылы Семей облысы, Шыңғыстау
( қазіргі Абай) ауданында туған. Оның әкесі Құнанбай аса қатал мінезді, Тобықты руының билеп - төстеушісі, ірі шонжар еді. Бірақ ақылды да пара-
сатты, мейірімді анасы Ұлжан мен көпті көріп, көпті білген әжесі Зеренің тәрбиесінде өскен Абай әкесіне қарама-қарсы: адамгершілігі мол, халқына адал, білімге құмар ерекше бала болып өсті. Әсіресе, көпті көрген көнекөз әже Зеренің ерінбей айтатын ұзақ ертегі- әңгімелері зерек те ұғымтал жас баланың ой – қиялын шартарапқа шарлататын еді. Сол сияқты жас кезінен – ақ халық ақындары мен жырауларын көп тыңдаған Абайдың туған халқына, сол халықтың тарихы мен мәдени мұрасына деген таза сүйіспеншілік сезімі арта түсті.
Абайдың ынта-талабын сезген Құнанбай оны тоғыз жасынан бастап Семей медресесіне оқуға береді. Медреседе Абай өз бетінше орыс тілін оқып - үйрене бастайды. Бірақ ел билеу ісінде өзіне қолғанат, серік ету мақсатын көздеген Құнанбай оның ұзақ оқуына мүмкіндік бермей, 13 жасында оқудан шығарып әкетеді. Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда, Абай өлеңді 12 жасынан бастап шығарған. Бірақ олардың көбісі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің көбісі дер кезінде жазылып алынбаған-
дықтан ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен. Мысалы, Тоғжанға арнаған өлеңдері немесе қыз Қуандықпен айтысы тек ел аузында ғана сақталған.
Ру тартыстарының қым - қуат дау - жанжалына ерте, амалсыз аралас-
тырылған Абай әкесінің әділетсіздігімен, қаталдығымен келісе алмай және әкесінің ырқына көнбей, көп іске әділ үкім айтып отырады. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй адамдармен жақындасуы, жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Қатал, мейрімсіз әке мен әділет пен білімге бой ұрған жас баланың арасында елеулі тартыстар жиі- жиі болып тұрды.
Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесімен біржола ажырасып, 30 жас-
та феодалдық - рулық ортадан біржола қол үзеді. Сөйтіп, орыс тілін үйренуге қайтадан бел буады. Орыс ақын- жазушыларының классикалық әдебиетімен танысып, Шығыстың классик ақындары Низами, Саади, Хожа Хафиз, Науаи, Физулилердің еңбектерін беріле оқиды, 70-80 жылдары қазақ даласына жер ауып келген Михаэлис, Долгополов, Леонтьев сияқты орыс революционер -демократтарымен танысуы Абайдың өз бетімен білім алуына, орыстың және Европаның алдыңғы қатарлы әдебиеті мен мәдениетін тереңірек зерттеуіне көмек көрсетеді. Орыс әдебиетінің ұлы классиктері Пушкин, Толстой,
Лермонтов және революционер- демократтары Белинский, Герцен,
Чернышевский, Добролюбов және тағы да басқа осылар сияқты Европа мен Шығыстың алдыңғы қатарлы ақындары мен ғалымдарының, философ-
тарының еңбектерін көп оқуы Абайдың философиялық ой- пікірін, дүние тану көқарасын кеңейте түседі. Қазақ халқының ұлы ақыны, әрі ағартушысы Абай әр халықтың классикалық әдебиетін сүйіп оқумен ғана шектелмей, сонымен қатар оларды қазақ тіліне аударып, Крылов, Пушкин, Лермонтов, Байрон, Гете аттарын бүкіл қазақ даласына таратты. Сөйтіп, халықтардың туысқандығы мен достығының идеясын көтерді.
Абайдың ақындық творчествоға еркін араласуы 1880 жылдарда бастал-
ғанмен, ол кезде де өлеңдерінің көбі басқа аттармен жарияланған. Тек 1886 жылы шығарған «Жаз» деген өлеңінен бастап Абай шығармаларына өз атын қояды.
Өз өлеңдерінде феодалдық - рулық билеп - төстеушілерді аяусыз әшке-
релей отырып, прогресшіл ақын халықты өнер-білімге, адал еңбекке, достыққа шақырады.
Абай - тек ақын емес, сонымен бірге композитор. Мұқа, Ақылбай,
Кәкітай, Мағауия сияқты жас таланттар мен ақын - жыршыларды жинап, оларға өлеңдерін жаттатып, әнге қосып айтуға үйреткен Абайдың өзі болды. Абай шығарған әндер сол кездің өзінде-ақ халық арасына кең тарап, оның өлеңін көшіріп алушылар молая түсті.
Абай талант иесі ғана емес, сонымен қатар халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы. Бұған Абайдың атақты Біржан сал, Сара, Қуандық және Ажар сияқты суырып салма ақын –
әншілермен таныс болуы және бағалануы – айқын дәлел.
Абайдың ақындық, ағартушылық және әлеуметтік қызметі феодалдық ауылдың ескілік - надандығына, рушылдық - даугерлігіне, царизмнің қанаушылық, отарлық саясатына қарсы бағытталды.
Сөйтіп, Абай царизм үшін қауіпті адам деген лақап Семейдің соғыс губернаторына, далалық өлкенің генерал - губернаторына дейін жетеді. Сондықтан шындықтың батыл жыршысы, әлеуметтік теңсіздіктің
әшкерелеушісі болған ақынды приставтар, урядниктер мен болыстар үнемі аңдуға алады. Бірақ ақынның жаулары халықтың Абайға деген сүйіспеншілігінен қаймығып, оған қарсы ашық қимыл жасай алмайды. Ал 1897 жылы үкімет адамдарының көрінеу көзге демеуімен феодалдар Абайға қарсы опасыздық, қастандық жасады. Семейдің губернаторы да Абайға талай рет көзін тікті. Бірақ ақынның өз халқы ішіндегі беделінен жасқанған ол Абайды жер ауып келген достарынан айырумен , олардың тығыз байланысын үзумен ғана шектеледі. Өшпенділік пен қастандықтың осындай түнек ауыртпалығында өмір сүрген Абайға орыстың алдыңғы қатардағы қоғамдық, халықтық- демократиялық ой-пікірінің таңдаулы дәстүрлерінде тәрбиеленген, өз ісінің болашақ мұрагері, талантты балалары Әбдірахман мен Мағауияның өлімі қатты әсер етіп, қайғы - қасіреттен серпіле алмаған күйі, 1904 жылы 59 жасында ұлы ақын өзінің туған даласында дүние салды. Өзінің осы өмірі ішінде әдебиетімізді түр жағынан да, мазмұн жағынан да жоғары сатыға көтеріп байытқан, әдеби тілдің негізін қалаған Абай шығармалары әдебиетіміздің асқар белі, биік шыңы болды. Оның өлмес мұрасы қазіргі кезде халықтар арасына кеңінен таралып, оның ардақты есімі дүниежүзілік классикалық әдебиеттің өкілдерінің қатарынан орын алды.
Шығармалары :
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.- Алматы: Жазу-
шы, 2005.
Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер.- Алматы: Мек-
теп, 2007.
Абай .Өкінішті көп өмір кеткен өтіп..:Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер.- Алматы: Раритет, 2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Абай: Энциклопедия.- Алматы : Атамұра,1995.
Абай (1845-1904): Өмір, уақыт, өнер.- Алматы, Өнер,1994.
Абай әлемі бейнелеу өнерінде.- Астана: Елорда, 2005.
Абай әндері: Құрас. Және алғы сөзін жазған Б.Ғизатов.- Алматы : Өнер, 1994.-80 б.
Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті: Республикалық ғылыми- теориялық конференцияның материалдары.- Алматы, 2007.
Абай және қазіргі заман: (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары).- Алматы: Ғылым, 1994.
Абайды оқы, таңырқа...- Алматы : Ана тілі, 1993.- 160 б.
Абайдың дүниетанымы мен философиясы.- Алматы : Ғылым, 1995.-
184 б.
Абайдың Жидебайдағы мұражай- үйі.- Астана: Елорда, 2005.
Абайдың мемлекеттік қорық- мұражайы.- Астана: Елорда, 2005.
Абайдың мемлекеттік тарихи- мәдени және әдеби- мемориалдық қорық- мұражайы.- Астана: Елорда, 2005.
Әуезов М. Абай Құнанбаев.- Алматы,1995.
Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде / Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» Қоры.- Алматы, 2001.
Есімов Ғ.Хакім Абай: ( Даналық дүниетанымы)- Алматы: Қазақстан, 1994.
Жұмалиев Қ. Шығармалары : «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» еңбегі жайында.- Алматы: Ана тілі, 2007.
Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері / М.Әуезов атынд. әдебиет және өнер ин- ты.- Алматы, 2002.- 274 б.
Абайділданов Әділбек
(1932- 1984)
Адамды жылатып, күлдіретін,
О, өлең, керемет қой құдыретің.
Көгінде көлбеңдесе көгала үйрек
Менің де қаршығам бар ілдіретін.
Арынын аңдамайды кім ісінің ,
Өлеңнің мен- дағы бір ырысымын.
Ақылды сөйлеп кетсем- атым Абай,
Шапқанда Ілиястың інісімін,-
деп жырлаған Әділбек Абайділданов қазақ поэзиясының жұлдыздарының бірі болатын.
Әділбек Абайділданов Алматы облысы, Сарқанд ауданындағы Бақала
(Бастаушы) ауылында 1932 жылы дүниеге келген. Әке - шешесінен жастай айрылған Әділбек Смағұл атасының қолында тәрбиеленген.
1950 жылы Лепсі педучилищесін бітіргеннен кейін Ақсу ауданының
«Октябрь» жетіжылдық мектебінде мұғалім болған.
1956 жылы Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Университет қабырғасында жүргенде алғашқы өлеңдері республика баспасөз беттерінде жарияланған жас ақын сол кезде -ақ газет жұмысына араласқан.1956- 59 жылдары Талдықорған облыстық газетінде, кейін «Жетісу», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакцияларында қызмет істеген.
Әділбек Абайділдановтың алғашқы өлең кітабы «Ақ қайың» (1961) деген атпен басылып шықты, одан кейін «Салтанат» (1964) атты жыр кітабы, «Қыран» (1964) поэмасы жарық көрді. Аңызға негізделген «Қыран» поэмасы кезінде Сәбит Мұқановтың жылы лебізін алып, оқырмандардың ілтипатына бөленді.
Әділбек Абайділданов «Жүрегімнің шұғыласы» (1982) топтамасында өзі өскен дархан даланың бүгінгі шаттық қуанышы, әсем табиғаты, еңбек адамының тұлғасы, нәзік жаны, шынайы сезімі, өмір сырлары жыр шумағымен өрнектелген.
Әділбек Абайділданов өлең - жырлары тақырыбына үлкен азаматтық, туған жерге деген ыстық махаббат арқау болған. Әр қыранға өз Отаны, өзінің өсіп - өнген жері қымбат дегенді ол ақындық қуатпен насихаттай алды.
Көзінің тірісінде ол жеті өлең кітаптарын, «Жырлайды жүрек» атты таңдамалы жинағын жарыққа шығарған. Әділбек Абайділданов өз замандастарының арасында қаламы қарымды ақын болған.
Ә.Абайділданов аударма жұмысымен де шұғылданған. Қазақ оқырмандары оның аудармасы арқылы Гете, Гейне, М.Лермонтов, А.Блок, Иван Франконың шығармаларымен танысты. Ақын орыс совет поэзиясының антологиясын аударуға қатысты.Чилидің ХХ ғасырдың әйгілі тұлғалары : Габриэла Мистраль мен Пабло Неруданың өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті.
«Өнегелі адамдар өмірі», «Николой Островский» атты кітап (авторы Раиса Островская) 1976 жылы Ә.Абайділданов аудармасында жарық көрді.
Әділбек Абайділданов - жүрегінің жылуын, ақындығының жарқын бояуларын халқына қалтқысысыз беріп кеткен ақын. Өзінің ширек ғасырға жуық шығармашылық жолында ақын жырдың не бір маржандарын жазды, алайда ол тірі кезінде өз бағасын алған жоқ.
Ол бергенінен берері мол кезінде мол кезінде елуден сәл асқанда
1984 жылы дүниеден өтті. Өкінішке орай, ақын қайтыс болғаннан бері оның бір де бір кітабы қайта басылып шыққан жоқ. Орыс тілінде ақынның
1969 жылы «Сокол» атты жыр кітабы жарық көрді.
Шығармалары :
Абайділданов Ә.Ақ қайың: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.
Абайділданов Ә.Салтанат: Өлеңдер.-Алматы : ҚМКӘБ, 1964.
Абайділданов Ә. Қыран : Поэма.- Алматы : Жазушы,1966.
Абайділданов Ә.Алыс көкжиек: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1968.
Абайділданов Ә. Маржан: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1971.
Абайділданов Ә. Шыңдағы шырақ: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1974.
Абайділданов Ә.Сенемін саған: Өлеңдер мен поэма.- Алматы : Жазушы, 1977.
Абайділданов Құс жолы: таңдамалы.- Алматы : Жалын, 1978.
Абайділданов Ә.Армысың махаббат: Өлеңдер мен аңыз- дастан.- Алматы: Жалын, 1981.
Абайділданов Ә. Жырлайды жүрек : Таңдамалы.- Алматы : Жазушы, 1982.
Абайділданов Ә.Жүрегімнің шұғыласы: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1982.
Абайділданов Ә. Прометейдің аспанға қарап айтқаны : Поэмалар.- Алматы : Ана тілі, 2003.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Сұңқар ақын немесе Абайділданов туралы сөз // Сыдықов Т.Өңінде тұлпар мінгенде. – Алматы, 2004.-249-280 б.
Абдуллин Хамза
(1919- 2001)
Хамза Жармұхамедұлы Абдуллин 1919 жылы 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында туған. 1932- 1936 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық жұмысшылар факультетінде оқиды. Оны бітірген соң Қызылжарда облыстық Халық ағарту бөлімінде қызмет істейді. 1937- 1940 жылдары Алматыдағы Коммунистік институтында оқып, оны тәмамдағаннан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан өткереді. Кейін Мұстафа Шоқай ұйымдастырған Түркістан легионының қатарында болады.Тағдырдың бұл бұралаңы Хамза Абдуллиннің кейінгі өміріне ұзақ жылдар көлеңке түсіріп келді. Бірақ табиғатынан төзімділігі мен қайсарлығын жоғалтпай, ол өз құқығы үшін күресіп, қаламын қару етіп, қолынан тастаған емес.
Х. Абдуллиннің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, «Шойын жолда» атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды.
Х. Абдуллин шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың, К.Хетагуровтың, Байронның, Шиллердің, Гейненің, С.Вургуннің, А.Прокофьевтің өлеңдерін, грузия ақыны
И. Абашидзенің «Грузия аспаны» жыр жинағын, татар, башқұрт, қырғыз ақындарының бірсыпыра шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Х. Абдуллин аудармасының ең бір елеулісі – Грузияның ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» дастаны.
Х. Абдуллиннің өмірден көрген қуғын - сүргіні бірнеше адамның басына жетерлік болса да сенімін жоғалтпай екінші жаһандық соғыс өртінен, Сталиндік лагерлерден бүгінгі куәгер боп аман-есен жеткен осы бір қарапайым қазақ ақынының қажырлылығына қайран қаласыз. Отан шебіне аждаһа боп жау тигенде небәрі жиырма бір жасар орта бойлы отты ақын, студент партасын «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушілігі қызметіне енді айырбастап үлгерген-ді. Университет қабырғасында үздік оқыған ол сол кездегі алдамшы саясатты терең үңілмегенге жотасын да көрсетпейтін өмір шындығын дәл бағамдай алатын алғыр еді.
Аумалы-төкпелі аласапыран заманның құрбаны болған ұлы ақын Мағжан жырларын түгелдей дерлік жатқа айтатын. Бала шағынан сенімді, ширақ, зерек жігітке осы қасиеттері өмірдің бұралаң, тар жолдарында көп көмектесті.
Тағдыры болар, соры ма кім білсін қолында қаруы бар қазақ жауынгері Киев бағытындағы қоршауға түскен үш бірдей орыс армиясының құрамында көп ұзамай жау қолына тұтқынға түсті.
Адам танымастай арыған міскін халдегі еріксіз жауынгерлердің ендігі өмірі қарулы конвой астында аннан-мұнда, мұннан- анда айдаған, азап кешкен, аш- жалаңаш, айуандық тепкі астында өтіп жатты. Украинадағы Хоралдан, Белоруссиядағы Кобелге, одан Германияның Альтенбург қаласына азап сапарын шеккендерді сүйегін етіне іліндіріп 1942 жылдың жазында қайта Польшаға әкеледі. Бүкіл әлемдегі бостандық пен еркіндікті бұғалаушы тас қамал Демблиндегі түрмеде, Варшавадан 15 шақырым жердегі Вениамино концлагерінде азап шегеді. Әдебиетте айтуға тыйым салынған, бар шындығы кейін мәлім болған еріксіздерден құралған атышулы Түркістан легионы да осы маңайда болатын. Адамшылықтан кетірген аяусыз тепкі, топырақ шайнатып, ағаш кемірткен аштық, жалт еткен бір үміт жеңді. Рухы мықты болғанымен азап күйден әбден шаршаған Хамза 1943 жылдың 10 қаңтарынан 10 мамырға дейін Варшавадан 18 шақырым жердегі Легионова деген жерде «№7 Темірлан» батальонында «песір» болып істейді. Түркістан легионында болған жауынгерлердің бірі жан сақтау үшін немістердің айтқанын істесе, енді бірі барын сап Кеңес үкіметіне қарсы жаулық қызмет етті. Олардың арасынан өз еліне қарсы шпиондар, диверсанттар дайындалды. Сөйтіп бұларға Ұлы Орыстың басқыншылық саясатын әшкерелеп Түркістанды Кеңес үкіметі езгісінен азат етуге үндеп, қолдарына қару беруге даярлады. Екі түрлі құйтырқы саясаттың арасындағы жауынгерлердің адасып кейін Отанын тапқаны да, мына опасыз жалғанның өтірігі мен шыны қай жерде екенін айыра алмай о дүниелік болғаны да көп.
Дұшпанға Хамза сияқты сөзінде жалын, жанында оты бар ақынның журналистік қабілеті қажет болды. Бұның келісімін сұрап жатпастан 1943 жылдың 10 мамырында Берлинге әкеп 1945 жылдың көктеміне дейін «Жаңа Түркістан» газетін шығаруға пайдаланды. Осында Хамза тағдырдың айдауымен кіріптар боп неміс тұтқынында Түркістан туралы газет шығарушы талантты қазақ журналистерімен танысады. Алғашқы күннен өзі жатқа айтатын Мағжан жырларын топтап бере бастайды. «Жаңа Түркістан» апталық газет еді. Бірнеше жүздеген мың мұсылман жауынгерлерінің арасынан ара-тұра Сайран Абдоллаұлы деген бүркеншік атпен Хамзаға ризашылық хаттар түсіп жатты. Газеттің бас редакторы Әбіл Зауһи еді. Осы газетте түркімен жігіттері Аман Аннаяров, Аман Байуалов, өзбек ақыны- Құшнуыт Абдуллаев, қырғыз журналисі - Өлмес Сатыбалдиев, Жұмай Мәдиев, Айымшы Мүсірәлиев, барлығы 10-15 адам қызмет істейді. Газеттің негізгі бағыты Кеңес үкіметінің саясатын әшкерелеу. Иә, олар қанша айтқанмен өз отандарын жамандамауға тырысатын. Бірақ еріксіздік өз Отанындарына топырақ шашқызды.
Осылайша жат жұрттық баспасөзде істеп жүріп зерделі Хамза көп нәрсеге көзі ашылады. Ешбір қалыпқа сыймайтын өмір сырына терең үңіліп үйренеді. Франция, Италия, Польша, Чехословакия жерлерін аралайды. Қысқаша уақытта басынан талай тауқыметті кешкен жігіт Кеңес әскерлері тақаған сайын келешек туралы, артта қалған туған елі туралы жиі ойға қалады. Бұл кәсіптің ендігі жерде өзіне пайдалы бола қоймасын біліп Кеңес шпионы Жұмабаев Арызхан дегеннің азғыруымен Словакиядағы мұсылман полкіне келіп қосылады. Сол жерде оны неміс шеңгелі тағы да тас түрмеге салып Берлинге жөнелтеді. Кеңес әскерлері қоршаған Берлиннің үстіне соғыстың соңғы күрделі кезі төнген болатын бұлт. Фашизмнің соңғы тірегі күйреп түскен 1945 жылғы 25 көкекте түрме бастығы есік ашып тұтқындармен бірге өзі де қашады.
Қыршын өмірлерді көктей жайғап, артынан өртенген қалалар, жазылмайтын жаралар қалдырып соғыс та бітті.Соғыс басталғаннан тағдыры талқыға түскен ақын Хамзаны 1945 жылы 11 мамырда Кеңес әскері қатарына өткенннен кейін де ауыр сындар, азапты лагерлер тосып тұрады. 1945 жылы көкек айында әскери полкінде «Песір» боп жүрген жерінен қырағы чекистер түрмеге жауып, көп ұзамай- ақ ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс әскери дала соты «Отанын сатқан азғын» ретінде ату жазасына кеседі.Тарих аласапыранының ойыншығына айналып, жарық дүниемен қоштасып оқ ауанында тұрған қыршын өмірді Алматыдан келген «іздеу қағазы» сақтап қалады. Мұздай қару асынған қарауылмен Алматыға әкелінген соң
«Түркістан легионына» қатысқан 48 адаммен қосып бұларға «Отанын сатқан опасыздығы» үшін аяусыз үкім шығарады.
Бұл 1947 жылдың 17 көкегі еді.
Қырық тоғыз адамның 11 ату жазасына кесіледі. Төрт адам 25 жылға, 20 адам 20 жылға сотталып, қалғаны 15 жылға бас бостандығынан айрылады.
Көзі тірісінде туған ел, жұртын көргенін көңіліне медеу тұтқан Хамза лагерлер отаны болған Кеңес елінің темір заңымен тағы да азап арқалап
1947 жылы Сібірге Тайшетлегка 10 жылға айдалады. 1951- 1954 жылдары Колымадағы алтын қазушылар арасында сталиндік зұлматқа ұшыраушылармен бірге табиғаты ауыр өлкенің еріксіз тұрғыны боп зарығады.
Осылайша Кеңестің, тоталитарлық, зорлық - зомбылыққа негізделген саясаттың тепкісіне ұшыраған ақын туған елге 1955 жылы сағынысып, ақталып оралады.
Шығармалары :
Абдуллин Х. Ел суреті: Дастан, толғау,өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1987.- 232 б.
Абдуллин Х. Тас түйін : Повестер, әңгімелер.- Алматы: Жаазушы, 1974.-295 б.
Абдуллин Х. Теңізден теңізге: Поэма мен өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1965.- 115 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Абдуллин Хамза // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-
фиялық анықтамалық.- Алматы,1987.-5-6 б.
Абдуллин Хизмет
(1925-1986)
Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин 1925 жылы Алматы облысы , Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери борышын өтеуге алынады. Х.Абдуллин 1945 жылы жапон миллитаристеріне қарсы соғысқа қатысады. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. Жазушы 1951 жылдан 1955 жылға дейін Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында қызмет істейді. Сол жылдары Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, оның үш курсын бітірді. Қытайдағы қазақ - ұйғырларға арналған «Қазақ елі» журналында қызмет істеді.
Хизмет Абдуллин бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы ұйғыр әдебиет секциясын басқарды. Алғашқы шығармалары
«Гүлстан» повесі 1954 жылы жарық көрді, бұдан кейін кітаптары бірінен кейін бірі шыға берді. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдеріне аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды.
Х. Абдуллиннің алғашқы өлеңдері 1958 жылы шыққан жас ақындардың «Алғашқы қадам» атты жинағына кірді. Осы жылы оның ұйғыр тілінде
«Анайәт» атты тарихи поэмасы жарық көрді. Бұдан кейінгі жылдары Х.Абдуллиннің «Турфан аспаны астында» /1962/, «Жұтдашлар» /1966/,
«Тағдыр» /1971/ романдары , «Жаркент симфониясы», «Лутфулла»,
«Боран» драмалары ұйғыр әдебиетінің кесекті туындылары қатарындағы шығармалар. «Турфан аспаны» ұйғыр әдебиетіндегі кәсіби романның жарық дүниеге келуі десе де болады. 1981 жылы «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде «По древним тропам» кітабы жарық көрді. «Жалын» баспасы
«Орлы на вершине» атты повестер мен әңгімелерін басып шығарды.
Х. Абдуллин ұйғыр тіліне А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың,
Л.Тостойдың, Р.Тагордың шығармаларын, М.Исаковскийдің «О поэтическом мастерстве» кітабын аударды. «Боран» драмасының арқауына жиырма төрт жаста гоминдан құрсауында қайтыс болған жалынды ақын Лутфулла Мута-
липтің өмірін алған.
Х. Абдуллиннің «Шауқын», «Лутфулла», «Шынтемір батыр», «Жар-
кент науасында» атты пьесалары ұйғыр драма театрында қойылып, көрермендер ықыласына бөленді. Жазушы соңғы жылдары «Отты шеңбер» романын жазып, оның тек бірінші бөлімін аяқтады. Х.Абдуллин ұйғыр
әдебиетін өзінің құнды туындылары арқылы бір қыр асырып кетті. Ол отыздан аса прозалық, поэзиялық кітаптар шығарды, бірнеше кітаптары орыс т.б. тілдерге аударылды.1974 жылы «Тас түйін» атты тұңғыш жинағы қазақ тілінде жарық көрді.
Х. Абдуллин «Орыс совет поэзиясының антологиясын» ұйғыр тіліне аударуға қатысты. Сонымен қатар ол Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфул-
линнің өмірі мен шығармашылығына арнап бірнеше өлеңдер, публицис-
тикалық мақалалар жазды.
Хизмет Абдуллин 1986 жылы қайтыс болды.
Шығармалары :
Абдуллин Х.Анайәт: Тарихи поэма.- Алматы ,1958.
Абдуллин Х. Турфан аспаны астында.: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ,1962.
Абдуллин Х. Жұтдашлар : Роман.- Алматы :Жазушы,1966.
Абдуллин Х. Тағдыр : Роман.- Алматы : Жазушы,1971.
Достарыңызбен бөлісу: |