Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет19/65
Дата13.06.2023
өлшемі1.52 Mb.
#475007
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
5- сынып қазақ тілі Абишева К

Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Берілген мәтіндегі ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән белгілерді анықтайды;

  • Рәсімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады;

  • Туынды және күрделі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтап, жазбаша жұмыста қолданады.

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
1.Берілген мәтіндерді мұқият оқыңыз. Төмендегі кестеге сәйкес салыстырыңыз.



1-мәтін

2-мәтін

Стилі







Жанры







Құрылымы







Тілдік ерекшелігі







1-мәтін





  • Сәлеметсіз бе, әже?

  • Аманбысыңдар , қарақтарым!

  • Әже, Айман үйде мекен?

  • Немерем ертеңгі көркемөнерпаздар концертіне дайындалып жатыр.

  • Со концертке мен де қатысам, әжетай, би билеймін!

  • Ал мен оркестрде домбыра тартам.

  • Ой, айналайындар, талаптарыңа нұр жаусын!

  • Әже, Айманға қобызды кім үйретті?

  • Оны музыка мектебіне барып үйренді ғой.

  • Айман қобызды жақсы тартат, күйлерін ұйып тыңдаймыз.

  • «Өнерді үйрен де жирен» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Өнерлерің өрге жүзсін!

  • Рахмет, әжетай!

2-мәтін
Хабарландыру!!!


Құрметті қала тұрғындары!


13-14 желтоқсан күндері облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім!» атты сурет көрмесі өтеді. Көрмеге отандас талантты жас суретші, өнер шеберлерінің тырнақалды туындылары қойылады. Республикалық деңгейдегі өтетін іс-шарада майлы бояулы суреттер, қолөнер туындылары, графикалар, фото туындыларды тамашалай аласыздар. Көрменің жұмыс уақыты: 9:00-18:00
Бағдарламада:

  • Жас суретші, өнер шеберлерімен сұхбат;

  • «Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмінің тұсаукесері;

  • Көрмеде қойылған туындыларды тамашалау.



Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілігі

2. Қала тұрғындарының бос уақыттарын өткізулеріне арналған қандай да бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырыңыз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Берілген кестеге сәйкес күрделі сөздерге бірнеше мысал келтіріңіз.





Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркесті сөз














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет