жай сөйлемді аралас құрмалас сөйлемге айналдырады;
1
аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын сызбаға сәйкес көрсетеді.
1
Барлығы – 8 балл
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні: _____________________________
Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің
мақсатты аудиториясы мен
көркемдегіш құралдардың
кызметін түсіндіреді.
Аралас құрмалас сөйлемдерді
қолданады.
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтауда,
көркемдегіш құралдарды (эпитет,
метафора, метонимияны) тауып,
қолданысына түсінік беруде,
аралас құрмалас сөйлемді
қ олданып, ойды дамытып айтуда
қиналады.
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтауда,
көркемдегіш құралдарды (эпитет,
метафора, метонимияны) тауып,
қолданысына түсінік беруде,
аралас құрмалас сөйлемді
қолданып, ойды дамытып айтуда
қ ателіктер жібереді.
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтайды.
Көркемдегіш құралдарды
(эпитет, метафора,
метонимияны) тауып,
қолданысына түсінік береді.
Аралас құрмалас сөйлемді
қолданып, ойды дамыта
әңгімелейді.
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді;
Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.
Ойлау дағдысының деңгейлері:
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты:
15-20 минут
Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізіңіздер.
Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал, ұрпағының амандығы – келешегінің кемелдігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бірлікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу – қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады. Қазақ халқы да тағдырдың талай қатал сынын басынан кешті. Әйтседе, «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруының нәтижесінде бүгінгі бейбіт аспанға қол жеткізді. Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» – деп ынтымақ - бірлікке үндеген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды», – деген.
(191 сөз)