Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет60/98
Дата03.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482289
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   98
6-сынып қазақ тілі. Маулен

Болашақ ұрпақ
Оның – адам тұрмысын ұйымдастырудың қаайнар көзі. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алып, өсіп-өнетін негізгі институты. Жас ұрпаққа бесіктен бастап беріулген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез-құлқының, сана-сезімінің, ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Абай былай деген: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап шалдығып жүрсе де ата-ана ұрпақ тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Ұрпақ – әр жанұяның бақыты. Ата-ана, ұстаз, қоғам – үшеуі, тәрбиеге бастар басты өлшем. Бір тұтасып, үшеуін біріктірсе адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді. Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. Жақсы қасиеттір кез келген адамның жан дүниесінен табылады. Дүниеге келісімімен өзін-өзі тануға икемсіз. Сондықтан ұрпақтың бойындағы қасиетті дұрыс қалыптастыру ата-ананың міндеті. Отбасы адам баласының өсіп өнетін ұясы. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз. (150 сөз)
http://redo.kz/publ/1210-mzh-6-synyp-aza-tl-azaty-salt-dstr-ltty-ndylyy.html
Сұрақтар:
1. Бесіктен бастап берілген тәрбиенің болашағы бар ма?
2. Дана Абайдың айтқан сөзіне келісесің бе?


Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10



Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады.



7-8



Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6



Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4



Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.

1-2



Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде аз қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет