Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облыстық соты Кеңсесінде жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу қағидасы



Дата14.06.2016
өлшемі344.66 Kb.
#135960
Жамбыл облыстық

Соты Төрағасының

2014 жылғы «08» қаңтар

№ 7-1-1/1 өкімімен

БЕКІТІЛГЕН

 

Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облыстық соты



Кеңсесінде жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу қағидасы

 


  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Қағида 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 278 өкіміне сәйкес әзірленді.

1.2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Жамбыл облыстық сотының төрағасы, Жамбыл облыстық сотының Кеңсе басшысы жүргізеді.

1.3. Жеке қабылдау кезінде түскен өтініштер сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласуға жол бермей, қабылдауды жүргізіп отырған тұлғаның құзыреті шегінде шешілуге жатады.

Сот ісін жүргізу тәртібінде қарауға жататын мәселелер бойынша жеке қабылдауға сұранған кезде Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңнама нормаларына түсіндірме беріледі.

1.4.  Жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлғалар судья әдебінің, мемлекеттік қызмет туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы, әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың нормаларын, соттарда іс қағаздарын жүргізу туралы ведомстволық нормативтік актілердің талаптарын және осы Қағиданың ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

 


  1. Жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін 

жеке қабылдауды ұйымдастыру

2.1. Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облыстық соты Кеңсесінде жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды лауазымды тұлғалар облыстық соттың төрағасы бекітетін кестеге сәйкес жүргізеді.

2.2. Соттарда азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету олардың құзыретіне сәйкес Сот кеңсесінің  құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.

2.3. Қабылдауды жүргізетін тұлға туралы деректер, қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі соттың қарауға ыңғайлы жерінде орналастырылады, сондай-ақ тиісті соттың Интернет-ресурсында жарияланады. 

2.4. Жеке қабылдау күні мереке немесе демалыс күніне түсетін жағдайда жеке қабылдаудың өткізілетін күні одан кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Тиісті ақпарат осы Қағиданың 2.3-тармағында бекітілген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізіледі.

2.5. Жеке қабылдауды жүргізуге уәілетті лауазымды тұлға жекелеген тұлғаларды олардың тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, жасын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, бекітілген кестеден тыс, арыз берген күні қабылдау туралы шешім қабылдауға құқылы.  

2.6. Жеке қабылдау сот ғимаратында жүргізіледі. Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, олардың келісімімен, жеке қабылдау бейне-дыбыс жазбасы қондырғылары арқылы өткізілуі мүмкін.

2.7. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру азаматтардың сот ғимараттарында болу қағидаларын, өткізу және объект ішіндегі режим туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Жеке қабылдау басталғанға дейін белгіленген тәртіппен келген азаматтардың жеке бастарын анықтау шаралары қабылданады.

2.8. Азаматтарды қабылдау арыз беруге байланысты кезектілік сақталып жүргізіледі. 

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер және мемлекеттік наградалары бар адамдар кезектен тыс қабылданады.

2.9. Жеке қабылдау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің ана тілін немесе өзі білетін тілді қолдануға құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады.

2.10. Жеке қабылдауды жүргізетін лауазымда тұлға жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің өтінішін мәні бойынша шешу үшін түбегейлі шаралар қабылдайды.

Егер лауазымды тұлға өтінішті жеке қабылдау уақытында шеше алмаса, ол жазбаша түрде жазылады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

2.11. Жеке қабылдауда берілген өтініштерге жазбаша жауаптар, әдетте, қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаның қол қоюымен беріледі.

 


  1. Облыстық соттағы азаматтарды жеке қабылдауды

ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

3.1. Облыстық сотта азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді осы Қағидаға 1-қосымшадағы бекітуге сәйкес Сот Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.



3.2. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауға жазылу жөніндегі жазбаша арызбен, сондай-ақ бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдаланып, жеке қабылдау туралы өтінішпен алдын-ала жүгінуге құқылы.

3.3. Жеке қабылдауға жазылу, бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдалану туралы арыздар электрондық үкімет порталы немесе облыстық соттың Интернет-ресурсы арқылы электрондық байланыс құралдары қолданылып берілуі мүмкін.

Арыздың электрондық түріне электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуы тиіс.

3.4. Жеке қабылдау мәселелері бойынша жазбаша, соның ішінде электрондық арыз жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Жеке қабылдауды тиімді ұйымдастыру мақсатында арызға дәлелдерді растайтын материалдар, арыз берген адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар, тиісті түрде расталған сот актілерінің көшірмелері не оларды сұрату жөніндегі өтініш қоса беріледі.  

Сұрақтың мәні көрсетілмеген жеке қабылдауға сұрану жөніндегі өтініш оны берген адамға қараусыз қайтарылады.  

3.5. Жеке қабылдау мәселелері жөніндегі өтініштер ұйымдық-техникалық шараларды қабылдау үшін жеке қабылдауды жүргізетін лауазымды адамның қызметін қамтамасыз ететін Сот Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне таратылады.  

Нақты сот істері бойынша іс жүргізушілік шешімдердің және сот әрекеттерінің заңдылығымен байланысты облыстық сот басшылығының жеке қабылдауы мәселелері жөніндегі өтініштер олардың шешілуін ұйымдастыру үшін облыстық соттың тиісті сот алқаларына беріледі.

3.6. Қажеттілігіне байланысты жеке қабылдауды жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше азаматтарды жеке қабылдауға уәкілетті лауазымды тұлғаға бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдалану туралы ұсыныс енгізеді.

3.7. бейне-дыбыс жазбасы қондырғылары арқылы жеке қабылдау жүргізу туралы шешім мүдделі жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне, сондай-ақ облыстық соттың кеңсесіне электрондық жүйенің іске қосылатын күні мен уақыты көрсетіліп алдын ала хабарланады.

3.8. бейне-дыбыс жазбасы қондырғылары арқылы жеке қабылдауды жүргізу кезінде қабылдауға келген адамдардың жеке басын куәландыруды, аудиосигналдың және бейнесуреттің қабылдануын бақылауды сот кеңсесінің жауапты қызметкерлері қамтамасыз етеді.

3.9. Жеке қабылдау уақытында жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен түскен арыздар орындау үшін жеке қабылдау жүргізіп отырған лауазымды тұлғаның бұрыштамасына сәйкес бөлінеді.

3.10. Жеке қабылдауда берілген азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін апелляциялық, кассациялық тәртіптермен қайта қарау туралы өтініштер, шағымға немесе өтінішке наразылықтар, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін басқа да іс жүргізушілік сипатындағы құжаттар облыстық соттың тиісті сот алқаларына беріледі.

3.11. Жеке қабылдау мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ жеке қабылдау уақытында түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу және олардың орындалуын бақылау Жамбыл облыстық сотының төрағасы бекіткен облыстық соттың Кеңсесінде құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке қабылдаудан түскен өтініштерге «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылады.

3.12. Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің әрбір өтініші бойынша қабылдау бөлімнің жауапты қызметкері қабылдау жүргізілген күні осы Қағидаға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша қабылдауға келушілердің есеп карточкасын толтырады.

3.13. Қабылдауға келушілердің есеп карточкасы, тұлғаның жазбаша өтініші, қолда бар барлық өндірістер және басқа да материалдар қабылдауды жүргізетін лауазымды тұлғаға қабылдау басталғанға дейін беріледі.

3.14. Қабылдау аяқталғаннан кейін қабылдаудың нәтижелері туралы мәлімет, қабылдау жүргізген лауазымды тұлғалардың тапсырмалары мен бұрыштамалары салынған жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, өндірістер және басқа да материалдар есепке алу және қатыстылығына байланысты тапсыру үшін тез арада қабылдау бөлімге беріледі.

3.15. «Жеке қабылдаудан» деген белгісі бар өтініштер арыз берген адамға қабылдауды жүргізген лауазымды тұлға не оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлға қол қойған дәлелді жауаптың негізінде, сондай-ақ облыстық сот төрағасының өтінішті қарауды тоқтату туралы қабылдаған шешімдеріне байланысты бақылаудан алынады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1-қосымша

 

Жамбыл облыстық сотында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық жағынан



қамтамасыз етудің бекітілуі

 


Жамбыл облыстық сотының төрағасы

Қабылдау бөлім

 

 



Жеке қабылдауды ұйымдастыру, соның ішінде бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдалану арқылы ұйымдастыру, өндірістерді дайындау.

Бақылау және құжат айналымы бөлімі

өтініштерді есепке алу мен тіркеу

Ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі

Жеке қабылдаудың өткізілуін қамтамасыз ету

Жамбыл облыстық сотының Кеңсе басшысы

Бақылау және құжат айналымы бөлімі

Жеке қабылдауды ұйымдастыру, соның ішінде  бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын  пайдалану арқылы ұйымдастыру, қажетті материалдарды дайындау, өтініштерді есепке алу және тіркеу

Ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі

Жеке қабылдаудың өткізілуін қамтамасыз ету
 

 

 



 

 

2-қосымша

 

Қабылдауға келушілердің есеп карточкасы

 

 «__­__»___________201_ ж.



Арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты_______________________________________________________________

__________________________________________________________________

Арыз берушінің жұмыс орны мен атқаратын қызметі___________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы__________________________________________________________________________________________________________________________

Арыздың қысқаша мазмұны__________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қабылдауды жүргізуші тұлға______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кімге және не тапсырылды, күні_______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Арызды қараудың нәтижелері___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бейнеконференцбайланысты пайдалану туралы белгі______________________________________________________________

Жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу ережелер

Сұрақ-жауап

Баспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуPDF

Келушілердің назарына!

Құрметті сайтқа келушілер, жеке жағдайлар және нақты істер бойынша, сонымен қатар шығарылған сот актілері бойынша сот түсіндірме бермейді, заңнама бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша білікті заң көмегін алу үшін заң кеңесіне жүгіну қажет.

Жиі қойылатын сұрақтар тізімі:

Сот жүйесiмен Қазақстанның барлық соттарының жиынтығын түсiну керек. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.



Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, соттардың қызметіне бақылау жүргізеді және сот тәжірибесінің мәселелерi бойынша түсiнiк береді.

Жоғарғы Соттың құрылымы– Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот Төрағасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот алқа төрағалары және судьялары Қазақстан Республикасы Президентiнің ұсынуы арқасында Сенатпен сайланады. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, төрағалар және  судьялар  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiмен сайланады.

Сот шешімдері бақылау тәртібімен Жоғарғы Соттың:  азаматтық  және әкімшілік істер жөніндегі бақылау сот алқасымен, қылмыстық iстер жөнiндегi бақылау сот алқасымен қаралады. Заңда қарастырылған жағдайларда – жалпы отырыстарда қаралады.

Жоғарғы Сот Төрағасы
Мами Қайрат Әбдіразақұлы

Байланысу мекен-жайы:
Қазақстан. Астана қ. Есілдің сол жағалауы,Д. Қонаев көш. 39 (Жоғарғы Сот ғимараты)
тел.: +7 (7172) 74-75-85
e-mail:vs-info@supcourt.kz

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);

аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында арнайы соттар құрылуы мүмкін (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері бойынша).



Медиация дегеніміз не?

«Медиация» термині латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан.

Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.  

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.  Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген.Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды.

Медиацияны жүргізу қағидаттары:


  • еріктілік;

  • құпиялық;

  • өзара сыйласушылық;

  • тараптардың тең құқылығы;

  • медиатордың бейтараптығы мен әділдігі;

  • рәсімнің ашықтығы.

Медиацияның істің сотта қаралуынан ерекшелігі неде?

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.

Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы - қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде. Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылуы мүмкін.  Бірнеше мәрте сот отырыстары белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі.  Бұл ретте медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады – тараптардың еріктілігі  және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Дауды шешуге медиаторға небәрі 30 күн уақыт беріледі. Белгілі бір себептермен бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін, бірақ 60 күннен аспауы тиіс.

Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды.

Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады.   

Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды.

Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.  Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді.

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді.  Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз,  сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.  

Сонымен қатар тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны мен медиацияны жүргізу барысында қай тілдің қолданылатыны жайында келісе алады. Тараптардың келісімімен медиатор медиацияның жүргізілу күні мен уақытын белгілейді.

Медиация аясында не қарастырылады?


  1. Корпорацияаралық және корпорацияішілік даулар.

  2. Банк және сақтандыру саласындағы даулар.

  3. Жүзеге асырылуы көптеген тараптардың мүдделерін қамтитын жобаларды сүйемелдеу.

  4. Жұмыстағы даулар.

  5. Отбасылық даулар.

  6. Авторлық құқыққа және зияткерлік меншікке қатысты даулар.

  7. Білім саласындағы медиация.

  8. Мәдениетаралық даулар және басқалары.

Делдал көмегімен дау шешуге алғашқы қадам

Делдал арқылы дау шешуге тілек білдірген тарап  Қазақстанның Халықаралық Арбитражы секретариатына делдал арқылы дау шешудің басталатыны жайлы төмендегілерді қамтитын жазбаша сұраным жіберуі керек:



  • даудың мәні;

  • аталған дау бойынша талаптар құны;

  • делдал арқылы дау шешу тараптарының және/немесе олардың уәкілетті өкілдерінің атауы, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, факстері;

  • делдал арқылы дау шешуді жүргізу бойынша ҚХА құзіретіне нұсқау;

  • ұсынылатын медиатордың кандидатурасы.

Егер делдал арқылы дау шешу туралы келісімнің тараптары сұранымды бірлесе бермесе, сұраным жіберген тарапқа  келесі тарапты делдал арқылы дау шешу жөнінде хабардар етіп, оған делдал арқылы дау шешу сұранымының  көшірмесін жіберу міндеті жүктеледі.  

Делдал арқылы дау шешу жөніндегі сұранымды ҚХА тіркеу алымы төленгеннен кейін  қабылдайды.

Делдал арқылы дау шешудің басталу күні болып ҚХА секретариаты ол жайында сұраным алған күн есептеледі.

 

Медиаторға қойылатын талаптар 

«Медиация туралы» заңның 9-бабына сәйкес:

1. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады;

2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін;

3. Кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, кәсіби емес медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар айналыса алады;

4. Кәсіби негізде медиатор қызметін жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте бекітілген медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткендігін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіби медиаторлар тізіліміне қосылған тұлғалар жүзеге асыра алады;

5. Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды;

6. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген басқадай қызметті жүзеге асыруға құқылы;

7. Төмендегі тұлғалар:



  • мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті және соған теңестірілген;

  • заңда белгіленген тәртіпте сот әрекетке жарамсыз немесе әрекетке жарамдылығы шектеулі деп таныған;  

  • қылмысты қудалауға ұшыраған;

  • заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

  • медиатор бола алмайды.

Медиация тараптарының келісімімен медиаторға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

 

Медиация жүргізудегі шығындар



Сыйақылар мен шығындардың төленуі

Депозит

Делдал арқылы дау шешу жөнінде сұраныс жіберілген сәттен бастап 14 күн ішінде тараптар ҚХА-ға делдал арқылы дау шешуге байланысты шығындарды, оның ішінде медиаторға сыйақы мен оның шығындарын және  ҚХА-ның әкімшілік шығындарын өтеуге қажетті депозитті төлеулері тиіс. Депозитті тараптар тең үлеспен (немесе олар өзара келіскен сәйкестікте) медиатор тағайындалғанға дейін төлеулері тиіс.

Депозит төленгенге дейін медиатор тағайындалған болып есептелмейді және делдал арқылы дау шешу рәсімі басталмайды.

Делдал арқылы дау шешу аяқталғаннан кейін, ҚХА медиатормен бірлесе отырып, медиатордың сыйақысы мен шығындарын және әкімшілік шығындарды қосқандағы делдал арқылы дау шешуге жұмсалатын шығындардың есебін жүргізеді. 

Төленген депозит сомасы шыққан шығыннан артық болған жағдайда артық төленген сома тараптарға олар депозитті  төлеген сәйкестікте қайтарылады. Ал егер шығын депозит сомасынан артып кетсе, қаражаттың жетіспейтін бөлігін тараптар тең үлеспен (немесе олар өзара келіскен сәйкестікте) тез арада төлеулері керек. 
Тараптар медиатор алдында оған сыйақы мен шығындарының ақысы және ҚХА алдында әкімшілік шығындардың төленуі үшін тиісті ақырғы сомалар толық төленгенше бірлесе отырып немесе жекелей жауапты.

 

Әкімшілік шығындар



  1. Тіркеу алымы  - 350 АҚШ доллары
    Тіркеу алымын ҚХА делдал арқылы дау шешу жөніндегі сұранымды өңдегені үшін алады. Ол сұраным жіберілген кезде аванспен төленеді және қайтарылмайтын болып есептеледі.

  2. Әкімшілік алым

  3. ҚХА секретариатының делдал арқылы дау шешу рәсімін басқаруға жұмсаған уақыты.
    Секретариат - сағатына 100 АҚШ доллары

  4. Шығындар
    ҚХА-ның делдал арқылы дау шешуге байланысты шыққан шығындарын (пошталық шығындар, телефон арқылы байланыс ақысы, бөлме жалдау және делдал арқылы дау шешуді жүргізуге қатысты басқа да шығындар) әрбір жекелеген жағдайда ҚХА есептеп, тараптар төлейді.

Медиаторлардың cыйақылары мен шығындары

Сыйақылар
ҚХА тағайындаған медиаторлар төлемді сағаттап төлейтін төлем негізінде алады.  Төлем мөлшерлемелері істің жай-жапсары мен медиатордың арнайы біліктілігіне қарай түрленуі мүмкін.  
Төлем мөлшерлемесін тараптар мен медиатор соңғысы тағайындалғанға дейін келіседі және ол келесі шектерде белгіленуі тиіс:
сағатына - 100-300 АҚШ доллары

Шығындар
Делдал арқылы дау шешуді жүргізуге қатысты медиатордың шығындарын тараптар медиатор ұсынып, ҚХА бекіткен мәліметтер негізінде төлейді.  

Кәсіби медиаторлар тізілімі

Әрбір медиаторлар ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторларының өзіндік тізілімін жүргізеді.

Кәсіпқой медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:


  • медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде);

  • медиатордың заңдық мекенжайы;

  • медиатордың байланыс деректері (пошта мекенжайы немесе электронды поштаның мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);

  • медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;

  • медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;

  • медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаттың (сертификаттың) бар екендігі туралы мәліметтер;

  • медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.

Бүгінгі күні елімізде Қазақстан Тұтынушылары Ұлттық лигасының бастамасы бойынша құрылған, осымен 12 жыл бойы қоғамда медиацияны ілгерілетіп, медиаторлар даярлаумен айналысып келе жатқан жалғыз ғана медиаторлар ұйымы – «Медиация» Біртұтас Медиация және Бітімгершілік Орталығы» ҚБ  жұмыс істейді. Аталған ұйымның өңірлерде өкілдіктері бар.

 


Мүлікке тыйым салу: қандай жағдайларда салынады, қалай алуға болады және ол үшін не істеу керек

Мүлікке тыйым салу – белгілі бір жағдайлар үшін біздің еліміздің заңнамасымен көзделген жағымсыз, бірақ сонымен қатар қажетті шара. Осы мақаладан мүлікке қандай жағдайларда тыйым салынатынын, ол нені болжайтынын және оны қалай алу керектігін білесіздер.

Мүлікке тыйым салу ауыртпалық, атап айтқанда шектеу болып табылады, ол сіздің еркіңізбен тыс заң негізінде болады. Тыйым салу сіздің мүлікке иелігіңізді, пайдалануыңызды немесе басқаруыңызды шектейді. Басқаша айтқанда, мүлікке тыйым салу – мүлікпен кез келген мәмілелердің жасалуына тыйым салу.   Тыйымды сот, сот орындаушысы, тергеу органы, алдын ала тергеу органы, ал кейде Қаржы министрлігінің салық комитеті сала алады (салық қарызы өтелмеген жағдайларда). Тыйым салынған мүлікті сақтау тапсырылған оның иесі оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Тыйым салынған мүлікпен мәмілелер тек тыйым салыну тоқтатылған күннен бастап қана мүмкін болады.

Егер мысалы, сізге мүлік үлесі ғана тиісті болса (пәтердегі, машинадағы және т.б. үлес), онда тыйым салу тек сіздің бөлігіңізге ғана қолданылатын болады. Бұл жағдайда тыйым салу мүлікпен басқа қатысушылардың мәмілелер жасасу мүмкіндігінен айырады, демек мүлікке тыйым салу алынғанға дейін мүлікті сату немесе бөлу де мүмкін емес деген сөз.

Тыйым салуға не жатпайды және мүлікке тыйым салу туралы сот шешімін қалай даулауға болады

Кодекстің 161-бабына сәйкес азаматтық талапкер немесе прокурор ұсынған азаматтық талапты қамтамасыз етуге тыйым салынған мүлiктiң құны талаптың құнынан аспауға тиiс.

Тыйым салу бірінші қажеттілік заттары болып табылатын мүлікке (Кодекстің 164-бабына сәйкес), сондай-ақ  тізімі заңнамамен анықталатын өзге де заттарға салынуы мүмкін.

Егер ол күдіктінің, айыптының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынды деп болжанса немесе қылмыс қаруы ретінде немесе экстремизм, терроризм, ұйымдасқан топ, заңсыз әскери құрылымдар, қылмыстық қауымдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе пайдалануға арналған деп болжау үшін жеткілікті негіздер болса, басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салынуы мүмкін.

Тәркілеуге және сот үкімі бойынша тыйым салуға жатпайтын мүлік

Тәркілеуге сотталушының және оның отбасына (оның асырауында болатын адамдар) қажетті және оған меншік құқығында тиісті немесе ортақ меншіктегі оны үлестері болып табылатын заттар мен мүліктердің түрлері жатпайды:



  • Егер сотталған және оның отбасы онда тұрақты тұратын болса, тұрғын үй, пәтер немесе оның жекелеген бөліктері.

  • Тәркілеуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге қажетті жер учаскелері.

  • Негізгі шаруашылығы ауыл шаруашылығы болып табылатын тұлғаларда, - оның отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ мал жемі үшін қажетті сандағы шаруашылық құрылыстары және үй жануарлары.

  • Ауыл шаруашылық дақылдарын кезекті егуге қажетті тұқымдар.

  • Үй жағдайындағы заттар, керек-жарақтар, киімдер:

  • киім, аяқ киім, төсек-орын, төсек жабдықтары, пайдалануда болатын ас үй және асхана керек-жарақтары. Ішік және басқа да құнды киімдер, ас үй сервиздері, бағалы металдардан жасалған заттар, сондай-ақ көркем құндылығы бар заттар тәркіленуі мүмкін; 

  • сотталған және оның отбасының мүшелері үшін қажетті ең аз жиһаз;

  • барлық балалар заттары.

  • Егер негізгі жұмысы ауыл шаруашылығы болып табылса, келесі егінге дейін сотталғанға және оның отбасына қажетті сандағы тағам өнімдері, ал қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшердегі жалпы сомаға ақша және тамақ өнімдері.

  • Тамақ дайындауға және отбасының тұрғын жайын жылытуға арналған отын.

  • Сотталушы сот үкімімен тиісті қызметпен айналысу құқығынан айрылғанда немесе инвентарьды ол қылмыс жасау үшін қолданған жағдайларды қоспағанда, сотталғанның кәсіби айналысуына жалғастыруға қажетті инвентарь (соның ішінде оқу құралдары және кітаптар).

  • Мүгедектердің қозғалуына арналған арнайы көлік құралдары.

  • Сотталған марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де сыйлықтар.

Мүлікке тыйымды қалай алуға болады

Әрине, тыйым салудың ең бірінші және басты аспектісі ол тыйым салынған жағдайды тоқтату болып табылады.



Егер азаматтық іс бойынша тыйым салынса, онда Кодекстің 163-бабына сәйкес тыйым салу талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін орындағанда немесе талаптан бас тарту заңды шешімге енгенде аяқталады.

Мүлікке тыйым салуда тыйым салу туралы істі қарастырған сот қана тараптардың өтініші бойынша немесе өзінің қалауы бойынша жоя алады. Бұл жерде өтінішпен  процеске қатысы жоқ бөгде адамдар да жүгіне алатынын ескерген жөн.

Тыйым салужы алу үшін  аталмыш істі қарастырған судьяның атына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке сот шешімінің орындалғандығының дәлелін қоса тіркеу керек. Бұл орындаумен байланысты атқару өндірісінің тоқтатылуы туралы сот орындаушысының анықтамасы болуы мүмкін.

Сот тыйымды алу туралы анықтама шығарады немесе бас тартуы мүмкін, бірақ шығарылған күннен бастап аппеляциялық инстанцияда шешімді 10 күнтізбелік күн ішінде талап ете аласыз. Егер сот мүліктен тыйым салуды алу туралы шешім қабылдаса, онда анықтаманың негізінде атқару парағы құрастырылатын болады және оны сот орындаушысына жібереді. Тыйым салу сот шешімі заңды күшіне  енуіне қарай алынатын болады. 



Егер тыйымды сот орындаушысы салса, онда тыйым салу сот орындаушысы ауыртпалық тіркелгенмемлекеттік органға (әділет органдары немесе жол полициясы) тыйым салудан алу туралы  қаулыны  жібергенге дейін әрекет ететін болады.  Сот орындаушысы сіздің мүлкіңізге тыйым сала алатын екі себеп бар:

1) егер сот мүлікке тыйым салса;

2) борышкерге мүлік немесе ақшаны төлету бойынша шешімді орындау барысында.

Бұндай жағдайда тыйым салуды алу үшін бірінші кезекте қарызды өтеуге және бұл туралы тыйым салған сот орындаушысын хабардар ету қажет (қарыздар үшін шекарадан шығармаса не істеу керек). Сот орындаушысы қаулыны мемлекеттік органға жібергеннен кейін және ауыртпалық тоқтатылған соң тыйым салу алынады.



Егер тыйым салу қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында салынса, онда тергеуші прокурор немесе соттың санкциясымен тыйым салу алдын ала тергеуден кейін егер іс тоқтатылса алынады. Егер іс сотқа берілсе, онда сотта айыптау немесе ақтау үкімі жағдайында тыйым салу туралы мәселе шешілетін болады.

Назар аударыңыз, тыйым салу үшін барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін: қарызды төлеп, сот ұйғарымын орындағаннан кейін сотқа немесе мемлекеттік органға (жағдай бойынша) мүлікке тыйым салуды алу туралы өтінішпен міндетті түрде жүгініңіз. Көбінесе ұзаққа созылған процестер барысында немесе тараптардың сотқа қызығушылығының болмауынан немесе немқұрайлық салдарынан мүлікке тыйым салу оны алып тастау себептерінің жойылуына қарамастан, қалуы мүмкін. 

Біздің көбісіміз тіркеу құжаттарында әр түрлі себептерге байланыстыАХАЖ  (туунекені тіркеунекені бұзу, қайтыс болуы туралы немесеөзге де куәліктер) қателер және олқылықтар болған жағдайлармен ұшырасады. Бұндай жағдай келеңсіз болып қана қоймай, болашақтамаңыздылығы кем емес басқа құжаттарды алуды қиындатуы да  мүмкін.   Өз уақытыңыз бен күшіңізді қорғау үшін қажетті шараларды уақытылы қабылдау керек. Осы мақаладан сіз туу (некені тіркеу, бұзу және т.б.) туралы куәлікте қателер болса және құжаттарда олқылықтар жіберілсе не істеу керектігін және осы үшін қандай құжаттар қажет екенін білесіз.



АХАТ органдары қазақстандықтардың азаматтық хал актілерінің жазбалары жүргізіледі, олар құқықтар мен міндеттердің туындауын, өзгеруін немесе тоқтауына әкелетін және құқықтық жағдайды сипаттайтын оқиғалар мен әрекеттерді белгілейді.

АХАЖ қандай әрекеттерді тіркейді?

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережелеріне сәйкес тіркеу органдары келесі әрекеттерді жасайды:

  • тууқайтыс болунекені тіркеу және бұзуұлды (қызды) асырап алуәкелікті анықтауатын, тегін, әкесінің атын, жынысын ауыстыруға мемлекеттік тіркеу жүргізеді;

  • азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді және күшін жояды;

  • шығындалған жазбаларды қалпына келтіреді;

  • бірінші рет және қайтадан куәлік, анықтамалар, азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін береді.

Куәліктегі және азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерді қалай өзгертуге болады?

  • ұлды/қызды асырап алумен байланысты аты, тегі, әкесінің аты өзгергенде, сондай-ақ асырап алушыларды асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазған жағдайда;

  • некені бұзумен (ажырасқанда мүліктің қалай бөлінетіні туралы біліңіз) немесе некені жарамсыз деп танумен байланысты зайыбының тегі өзгергенде;ата-анасының арасында некенің тоқтатылуына немесе некені жарамсыз деп тануға байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде;

  • әкелікті белгілеуді тіркегенде

  • некеде тұрмайтын анадан баланың әкесі туралы мәліметтерді баланың туу туралы акті жазбасына енгізу туралы өтініш келіп түскенде;

  • соттың асырап алуды жою немесе рұқсат етуі, сондай-ақ некені жарамсыз деп тану туралы шешіміне байланысты; 

  • баланың әкесі немесе анасы туралы мәліметтерді туу туралы акт жазбасынан алу туралы сот шешімімен байланысты (ата-анасы баладан бас тартқанда, асырап алғанда немесе некені бұзғандақажет болуы мүмкін);

  • аты, тегі, әкесінің аты ауысқанда;

  • ата-анасының тегінің және әкесінің атын ауыстырумен байланысты кәмелетке толмағанның тегін және әкесінің атын өзгерткенде; 

  • азаматтық хал актілері жазбасында дұрыс емес мәліметтер сот тәртібінде анықталғанда;

  • әкелікті анықтау туралы сот шешімі жойылған жағдайда;

  • егер азаматтық хал актілер жазбасында ата-анасының аты, тегі, әкесінің аты немесе ұлты көрсетілмесе;

  • егер азаматтық хал актілер жазбасында дұрыс емес мәліметтер көрсетілсе;

  • егер баланың тууын тіркеуде ата-анасының тілегін ескерместен тегі немесе аты тағайындалса;

  • егер балада туу туралы акт жазбасында көрсетілгеннен басқа ат болса, ол баланың мүддесіне байланысты туындағанда;

  • егер туу туралы акт жазбасында баланың толық емес аты көрсетілсе (кішірейткіш, еркелетіп қойған, қысқартылған аты);

  • егер азаматтық хал актілерді тіркеу сәтінде қателер жіберілсе (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздерді жіберу);

  • жынысын өзгертумен байланысты тегін, атын, әкесінің атын өзгерткенде;

  • тегін ұлттық дәстүрлер бойынша әкесінің немесе атасының атынан туындайтын текке өзгерткенде;

  • ұлтын ауыстырғанда.

Әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты үлкен машақаты көп жағдайлар бар, құжаттар дұрыс емес рәсімделген және құжаттарға түзетулер енгізуге неғұрлым ерте кіріскеніңіз жөн. Дұрыс емес, толық емес және өзгерген мәліметтер жағдайында тұрғылықты жері бойынша АХАЖ-ға жүгіну қажет.

Құжаттарға өзгертулер, түзетулер, толықтырулар енгізуге өтінішті құжаттары қате адамдар беруі тиіс. Егер 18 жасқа дейінгі баланың құжаттарындағы қате, онда өтінішті ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар және қорғаншылар беруі мүмкін.



Құжаттарға нақтылаулар, толықтырулар, өзгертулер және түзетулер енгізу үшін қандай құжаттар керек

Жалпы құжаттарға түзету, нақтылау, өзгертулер және түзетулер енгізу үшін тұрғылықты жері бойыншаөтінішпен АХАЖ жүгіну қажет. Өтінішке әдетте құжаттарға түзетулер немесе өзгертулер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар қоса беріледі. Төменде нақты жағдайда сіз қажетті құжаттардың толық тізімін біле алатын сілтемелер ұсынылған.



  • Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізуге арналған құжаттар тізімі және тіркеу тәртібі

  • Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

  • Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

  • Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

  • Әкелікті анықтауды тіркеу және акт жазбаларына өзгертулерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу тәртібі

  • Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

  • Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгертулерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу тәртібі

Егер жазба дұрыс болса, бірақ сіз қажетті құжаттарды және азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру тәртібін біле аласыз. Ал егер куәлік жарамсыз болса, қайтадан куәлік немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу бетінен біле аласыз.

Куәлікті және АХАЖ анықтамалар алу және азаматтық хал актілерін тіркеу үшін төлем мөлшері

Салық кодексінің 537-бабында азаматтық хал актілерін тіркеуде мемлекеттік баж алымдардың мөлшері белгіленген, яғни қайтадан куәлік  немесе туу, некені тіркеу, бұзу, қайтыс болуы туралы акт жазбаларын өзгертумен, толықтырумен, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты құжаттарды алу үшін төленуі тиіс сома. 

  • некені тіркеу үшін төлем мөлшері – 1 АЕК (2014 жылы 1 852 теңге);

  • некені бұзуды тіркеу үшін төлем мөлшері:

    • кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша - 2 МРП (2014 жылы 3 704 теңге); 

    • сот шешімінің негізінде – 1,5 АЕК (ерлі-зайыптылардың біріне немесе екеуінен де); 

    • хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар немесе 3 жылдан артық мерзімге сотталған адамдар сот шешімінің негізінде – 0,1 АЕК (2014 жылы 185,2 теңге); 

  • тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын ауыстыруды тіркеу үшін төлем мөлшері - 2 АЕК(2014 жылы 3 704 теңге), осы негізде  берілген зайыбының, балалардың құжаты үшін – 0,5 АЕК (2014 жылы 926 теңге);

  • туу, некені тіркеу, некені бұзу, қайтыс  болуы туралы акт жазбаларын өзгертумен, толықтырумен, түзетумен және қалпына келтірумен куәлікті алу үшін төлем мөлшері - 0,5 АЕК(2014 жылы 926 теңге);

  • азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәлік алу үшін  төлем мөлшері – 1  АЕК (2014 жылы 1 852 теңге);

  • шетел азаматтарының бала асырап алуын тіркеу үшін төлем мөлшері – 2 АЕК (2014 жылы 3 704 теңге);

  • Азаматтық хал актілерді тіркеу туралы ҚР азаматтарына анықтамалар алу үшін төлем мөлшері – 0,3АЕК;

  • ТМД елдерінен азаматтық хал актілерді тіркеу туралы куәлікті талап ету үшін төлем мөлшері – 0,5 АЕК(2014 жылы 926 теңге);

  • шетел мемлекеттерінен, ТМД елдеріне қоспағанда азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті талап ету үшін төлем мөлшері, - 1 АЕК (2014 жылы  1 852 теңге).

Құжаттарға өзгертулер, нақтылаулар, толықтырулар және түзетулер енгізгенде 0,5 АЕК (926 тенге) мемлекеттік баж алымы мөлшерінде төлеу қажет. Орнына сіз дұрыс мәліметтері бар жаңа куәлік аласыз.

Тегінің, атының және әкесінің атының қазақ және орыс тілдерінде дұрыс жазылуы

Қазақ тіліндегі ерекшеліктерге және тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда құжаттар алуға байланысты азаматтардың көптеген құжаттарында қателер жиі кездесе бастады және осының салдарынан түсінбеушіліктер туындады. Арнайы дыбыстары мен әріптері бар аттары мен тектері қалай дұрыс жазылуы тиіс? Құжаттарда аударма немесе транслитерация болуы керек пе? Шын мәнісінде әр жағдайға өзіндік тәсіл керек және бұл құжат алуға жүгінгенде тікелей айтылады. Сонымен қатар тектің  орыс тіліндегі жазылуынан  қазақ тілінде жазу өзгерту, толықтыру немесе түзету болып табылмайды және акт жазбасына түзетулер енгізілмейді. 

Егер сіз «-ова, -ева, -ина» жалғауын алып тегіңізді өзгерткіңіз келсе (мысалы: Ахметжановадан Ахметжанға) немесе қазақ тіліндегі арнайы әріптерді ескерумен тегіңізді немесе атыңызды өзгерткіңіз келсе (мысалы: Галымжанова  - Fалымжанова немесе Fалымжан), онда ХҚКО жеке куәлікті алуға өтінішпен жүгіну қажет. Жеке куәлікті ауыстыру себептерінде ұлттық-тарихи дәстүрлерді көрсеткен жөн.

Егер бұл сияқты өзгертулерді ұлттық-тарихи дәстүрлерге сәйкес баланың құжатына енгізгіңіз келсе, ондаХҚКО немесе АХАЖ қазақ тілді транслитерациямен қайтадан куәлікке өтініш берумен жүгіну қажет.



Ажырасқанда және басқа жағдайларда баланың ұлтын немесе тегін, атын өзгерту

Әдетте баланың тегі ата-анасының бірінің тегімен немесе ата-анасының қалауы бойынша анықталады, тараптардың кез келгенінің атынан туындауы мүмкін. Өкінішке орай, кәмелетке толмаған баланың  өзгерту талап етілетін жағдайлар аз емес. «Неке және (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 64-65-баптарына сәйкес баланың ұлтын, атын немесе тегін келесі тәртіпте өзгертуге болады.



Егер ата-анасы некеде болса, онда олардың өтініші бойынша 16 жасқа толғанға дейін АХАЖ баланың атын, сондай-ақ қажеттілігі болғанда тегін, бірақ тегін анасының немесе әкесінің тегіне ғана өзгертуге рұқсат ете алады.

Ата-анасы ажырасқанда балада туғандағы тегі сақталады. Егер ата-анасы ресми ажырасқан болса, баланың тегін ауыстырғанда, баламен бірге тұрмайтын ата-анасының бірінің  рұқсаты талап етілмейді. Бірақ егер ата-анасы ажырасқан болса, бірақ бұл АХАЖ-да заңды ресімделмесе – баланың кіммен тұратынына және тәрбиеленіп жатқанына қарамастан баланың тегін ауыстырғанда ата-анасының екеуінің де рұқсаты қажет. Бұл жағдайда ата-анасының пікірі егер ол із-түзсіз жоғалса, әрекетке қабілетсіз деп танылса, сондай-ақ негізді себептерсіз баланы асыраудан және тәрбиелеуден бас тартса, ескерілмеуі мүмкін.

Егер бала некеден тыс туса, ал әкелік ресми анықталмаса, онда баланың тегін анасының қазіргі кездегі тегіне өзгертуге болады.

Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен анықталады. Егер ата-анасының ұлты әр түрлі болса, онда ол баланың қалауы бойынша паспорт немесе жеке куәлікті алғанда анықталады. Келесі жолы ұлтын тек әкесінің немесе анасының ұлтына ғана ауыстыруға болады.

10 жастан асқан баланың атын және/немесе тегін өзгерту заңды өкілдері – ата-анасы, асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншыларының қатысуымен өзгертуге болады.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет