Жанама өлшеулер. Жанама өлшеулердің нәтижесі мен қателерін бағалау



бет1/2
Дата17.02.2024
өлшемі1.25 Mb.
#492226
  1   2
stud.kz-15517

Жанама өлшеулер. Жанама өлшеулердің нәтижесі мен қателерін бағалау.


Орындаған:Социалов Алмас Тексерген:Бражанова.Д.К
.
Олшеулер тура жане жанама болып екіге белінеді. Тура олшеулер - бул ізделінді шаманы бірлік ретінде алынган шамамен тікелей салыстыру процесі. Мысалы, узындыкТыштангенциркульм,
Қандай болса да бір шаманың өлшеуі деп, оны салыстыру бірлігі ретінде қабылданған басқа шамамен салыстыру процесін айтады. Осының нәтижесінде өлшеудің нәтижесі деп аталатын атаулы сан шығады. Кез келген геодезиялық өлшеулер мынадай факторлар, яғни| өлшеу объектісі, орындаушы аспап, өлшеу әдісі және сыртқы орта болғанда және өзара әрекеттескен кезде жүзеге асырылады. Сыртқы орта деп өлшеудің барлық жағдайларының жиынтығын: жергілікті жердің бедері мен грунты, өсімдік жамылғысы, температура, ауаның ылғалдылығы және тозаңдылығы, жа- рықтылық, жел, бұлттылық және т. б. айтады. Осы факторлардың өлшеу кезіндегі нақтылы мөлшері өлшеу жағдайлары деп аталатынды айқындайды.
Кез келген өлшеулер жеке адамның, аспаптардың және сыртқы ортаның әсерінен туатын қателіктер салдарынан болатын қайсыбір формадағы қателіктермен қатар жүреді. Жеке адамның қателіктеріне өлшеу жүргізетін адамның сезім мүшелерінің жетілмегендігі
және адамның ерекшеліктері себепші болады. Жеке адамның қателіктеріне, сонымен қатар санау кезіндегі нивелир рейкасының сантиметрлік шашкасын көз мөлшерімен он бөлікке бөлуде және теодолиттің дүрбісін затқа нысаналауда жіберілетін қателіктерді жатқызуға болады.

Өлшеулер
2-ге бөлінеді
Анықталатын шаманы тікелей өлшеу нәтижесінде алатын болсақ, онда мұндай өлшеулер тікелей өлшеулер деп аталады. Тікелей өлшеулерге сызықтың ұзындығын өлшеуіш лентамен немесе бұрышты теодолитпен өлшеу жатады
Өлшеулердің нәтижесі анықталатын шамамен математикалық тәуелділіктегі бір немесе бірнеше шамаларды тікелей өлшеу нәтижесінен есептеу арқылы алынған өлшеулерді жанама өлшеулер деп атайды.
Жанама өлшеулердің мысалы ретінде жергілікті жердегі сызықтың ұзындығын жіптік қашықтық өлшеуішпен өлшеуді, қол жетпейтін қашықтықтарды анықтауды және салыстырмалы биіктікті тригонометриялық нивелирлеу әдісімен табуды алуға болады.
Тікелей
Жанама
Өлшеулер тағы да қажетті және қосымша (артық) өлшеулерге бөлінеді
Берілген шаманы тікелей немесе жанама өлшегенде бір ғана нәтиже алуға мүмкіндік беретін өлшеулерді қажетті өлшеулер деп атайды. Оларға жергілікті жердегі сызықтың ұзындығын бір рет өлшеу, рейканың бір жағынан ғана алынған есептеу және қол жетпейтін қашықтықты бір базис арқылы анықтау жатады
Берілген шаманы өлшеу кезінде екі немесе одан да көбірек нәтиже алуға мүмкіндік беретін өлшеулерді қосымша елшеулер деп атайды. Егер бір шама n рет өлшенсе, осы өлшеулердің біреуі ғана қажетті өлшеу де, ал калғандары (n-1) қосымша өлшеулер болып табылады. Мысалы, жергілікті жердегі сызықтың ұзындығы тікелей және кері бағытта өлшенген, рейкадан есептеу қара және қызыл жақтарынан алынған, қол жетпейтін қашықтық екі тәуелсіз базистер арқылы өлшенген
жағдайда олар қосымша өлшеулер болады.
Сызықтың ұзындығын екінші рет өлшеу, рейкадан алынған екінші есептеу және екінші базисті колданып есептеу қосымша (артык) өлшеулерге жатады. Олар өлшеулерді тексеруге мүмкіндік туғызады, ақтық нәтижелердің дәлдігін арттырады және өлшеулердің нәтижелерінін дәлдігін бағалау үшін қажет болады.
    • Аспаптардың қателіктері олардың жетілмегендігінен және оларды дәл жөнге салудың мумкіндігі болмауы салдарынан туады. Осы қателіктерге болат өлшеуіш лентаның 20 м-лік нақтылы ұзындығына сәйкес еместігін, дүрбінің коллимациялық қателігін, рейка бойынша есептеу кезіндегі деңгей үлбіреуігінің шеттерінің кескіндерін сәйкес келтіруде кететін жансақтықтардан туатын қателіктерді жатқызуға болады

Сыртқы ортаның әсер етуінен болған қателіктерге температураның әсерінен өлшеуіш лентаның ұзындығының өзгеруі, рейканың және нивелирдің желдің әсерінен шайқалуы, ылғалдылықтың әсерінен шашкалық нивелир рейкаларының метрі ұзындығьның өзгеруі жатады.
Өрескел қателіктерге өлшеулердің нақты бір жағдайларында, яғни бақылаушының, аспаптың өлшеу методикасының кемшіліктерінен және сыртқы ортаның әсерінен жіберілетін қатеден артық шамада жіберілген, әрі мұндай шамада жіберуге мүлдем болмайтын қателіктер жатады. Олар орындаушының өлшеу кезінде жіберген жансақтықтары мен қателіктері салда-рынан пайда болады. Өрескел қателіктер, сонымен қатар қолданылатын аспаптардын кемшіліктері, сыртқы ортаның әсері және бақылаушыңың жеке қасиеттері нәтижесінде пайда болады. Олар таңбасы мен шамасы жағынан тұрақты ңемесе кейбір заңдылық бойынша өлшеулердің нәтижесіне кіруі мүмкін.
Жүйелі қателіктердің өлшеудің нәтижелеріне тиетін әсері жұмыстардың жарамды методикасын колдану, аспаптарды мұқият тексеру, тағы да өлшенген шамаларға түзету еңгізу арқылы минимумге жеткізіледі.
Кездейсоқ қателерге қолданылатын аспаптардың және сезім мүшелерінің жетілмегендігі, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеруі салдарынан болмай қоймайтын қателіктер жатады. Осы қателіктер таңбасы мен шамасы жағынан тұрақты болмайды және оларды өлшеудің нәтижесінен шығарып тастау
мүкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет