Жанибекова А., Берикболова У. Д



Дата21.06.2016
өлшемі55 Kb.
#152550
ӘОЖ 330.33

Жанибекова А., Берикболова У.Д.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы


«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ВЕКТОРЫ
Жасыл экономика – экономикалық ғылымда соңғы екі онжылдықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылым мен философияның басқа да идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б. Алайда қазірге дейін жасыл экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:

  • UNEP анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар ;

  • БҰҰ анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;

  • ЖЭ – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика [2].

Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.

«Жасыл» экономиканың принциптері мен аксиомалары. «Жасыл» экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:

- шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

- шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағат тандыру мүмкін емес;

- жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты [3].

Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:



  • бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;

  • газбек жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;

  • қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;

  • климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологияларды қолдану;

  • қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;

  • кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.

«Жасыл» экономиканың қағидалары:

  • әділеттілік қағидасы (теңдік);

  • адамгершілікті құрметтеу қағидасаы (барлығы үшін өркендеу);

  • сақтық қағидасы (ғаламшарға шекті жүктемені есепке алу);

  • қатысу қағидасы (шешімдерді қабылдауда кеңінен қатысу);

  • басқару қағидасы (есепке бағыныштылық);

  • тұрақтылық қағидасы (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу);

  • тиімділік қағидасы (тұрақты өндіріс пен тұтыну).

«Жасыл» экономиканың сегменттері ретінде бола алады:

  • энергияларды тудыру, іздестіру (мысалы күн, жел, гидро немесе теңіз, биоотын және т.б.);

  • энергияны сақтау (отындық элементтер, батареяларды жақсарту);

  • энергетикалық инфрақұрылым (басқару және өткізу);

  • энергетикалық тиімділік (ғимаратты жарықтандыру, шыны және т.б.);

  • тасымалдау (көлік құралдары, логистика, құрылым, отын);

  • су және ағынды сулар (суды тазарту, ағынды суды тазарту, суды қорғау);

  • ауа және қоршаған орта (тазарту, қауіпсіздік, ауаға шығарылуды бақылау, мониторинг);

  • материалдар (нано, химия, био және т.б.);

  • өндіріс/өнеркәсіп (жетілдірілген орау және қаптау, ақылды өндіріс);

  • ауыл шаруашылығы (табиғи пестицидтер мен тыңайтқыштар, аква дақылдар, жер ресурстарын басқару);

  • рециклинг & жолдары (қалдықтарды басқару). Рециклинг – бұл өнеркәсіптік өндіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қайтара қолдану.

Қазақстанда «жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі:

Бірінші кезеңде 2013-2020 жылдары - мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады.

Екінші кезең барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энергетикалық тиімділіктің жоғары стандарттары негізінде құрылыс жүргізуге бағытталған ұлттық экономиканы бетбұрыстандыру жүргізіледі.

Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшіру қарастырылған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылу мен тұрақтылық негізінде қолданылуын пайымдайды. Тұжырымдама бойынша «жасыл экономикаға» көшу шаралары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: су ресурстарын тұрықты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару.

«Жасыл» экономика кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше мемлекет «жасыл» экономикаға көшуде мынадай міндеттерді шешуі тиіс:


  • экологиялық салықтарды енгізу;

  • «қоңыр» өнеркәсіп үшін мемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «Қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдаланылуын білдіреді.

  • «жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвестициялар жасау;

  • жаңа «жасыл» технологияларды трансферттеу мен енгізу.

«Жасыл» экономикаға өткен елдерден мысал келтіретін болсақ:

Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылдаған алғашқы ел болып отыр. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады, олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымын сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицяны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаттары қарастырылған.

Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр.

Бразилия көліктің 80% қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлауда. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабылдап, көмітектің шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген.

БҰҰ сарапшылары Қазақстанда «жасыл» экономиканы енгізу үшін бес маңызды секторды атап көрсетеді:

- энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін мұнайгаз секторына бірыңғай сенім артудан біртіндеп арылуы тиіс;

- Су – Қазақстан 2015 жылға қарай су тұтыну көлемін қысқартуды басыңқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды;

- Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизациялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады.

- Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді.

- Көлік. Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель/бензинге тиісті. Ол ең алдымен ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді, сондықтан да елдің көлік әлеуетін арттыру маңызды болып табылады.

«Жасыл» экономиканың дағдарысқа қарсы әлеуеті тұрғысынан ол жұмыспен қамтуды арттыру мен жұмыссыздықты азайтуға, шаруашылықтың басқа салаларында белсенділікті ынталандырып, рецессиядан тездетіп шығуға ықпал етеді. Мысалы, АҚШ-та дағдарысқа қарсы шаралар кешенінде жасыл секторға 12%, Германия мен Жапонияда 13%, Францияда 21%, Қытайда 38%, Оңтүстік Кореяда 80% тиесілі болды.

«Слоу Фуд». 1986 жылы Италияда пайда болып, кеңінен тараған қозғалыс. Ол американдық фаст-фудқа қарсы бағытталған шара яғни фаст-фуд тағамдары көбіне ағзаға пайдасыз, зиянды заттардан құралса, слоу фуд табиғи өнімдерден, дәстүрлі тағам мен ұлттық тағамдардан тұрады.

Қорытынды. Осылайша, «жасыл» экономика ұлттық экономиканың баюымен қатар, ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатады. Ол кедейшілікті жою мен экологиялық ресурстарды сақтау арасындағы байланысты орнатады. Экологиялық экономика жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді. Мұндай қоғамда жаппай өндіру болмайды және табиғи ресурстарды пайдалану қысқарады. Табиғи ресурстардың орнына «Жасыл Нано» технологиясы қолданылады.

Мемлекетіміздің алтын капиталы саналатын адам денсаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәнінде ақау, жанында кірбің болдырмау мәселесі ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып келе жатқан табанды тапсырмасы екендігін атап өткімізі келеді. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», деді [1].



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства»

  2. ru.wikipedia.org/wiki

  3. http://wap.bnews.kz. «Зеленая экономика» – новый вектор устойчивого развития Республики Казахстан

  4. www.stat.kz

  5. http://www.un.org. Казахстан выступает с новыми инициативами перед саммитом «Рио+20»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет