Жаратылыстану факультеті



Дата22.03.2024
өлшемі111.15 Kb.
#496300
Әсемай АКТ


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану факультеті
Математика кафедрасы

БӨЖ
Пәні:Файлдар мен қалталармен жұмыс істеуді үйрену


Тақырыбы: Интернет пен электрондық поштаны пайдалану.

Қабылдаған:


Орындаған: Маханбет Әсемай
Тобы: ЖИА-211

Түркістан қаласы 2023 жыл

Жоспар
1- Кіріспе
2- Файлдар және файлдық жүйелер
3- Файлдың негізгі қасиеттері
4- Каталогтар және каталог бұтағы.
5- Файлдар және қалталар жасау
6- Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
7- Дискідегі файлдардың қауіпсіздігі

Кіріспе
Файл дегенеміз өзіне ғана тән аты бар, , еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Жүйелік каталог дегенеміз файл аты өлшемі файл уақыты мен мерзімі файл атрибуттары және т.б. файл туралы мәліметтер каталогты деректория немесе бума деп аталады каталогты әдетте латын әріптерімен немесе цифрлармен белгіленеді. Каталогтар бірінің ішіне бірі орналаса береді, мұндай орналасуды бұтақ тәрізді немесе көп сатылы деңгейлі орналасу деп аталады. Файлдың керек құжаттарды сақтауға арналғандығы белгілі. Файл бұл – байт көлеміндегі тасушы құрал ретінде пайдаланылады. Ақпаратты қол жетерлік ауқымнан қашықтату. Ең осал ақпарат жағдайында файлдарды жасыру мен бұғаттау жеткіліксіз шара болып шығады. Мұндайда сіз жұмыс файлдарын қатқыл дискіде сақтау тактикасына немесе тек басылып шыққан құжат түрінде ғана сақтауға иек артуға болады. Сонымен қатар жүйе құрған мәліметтердің резервтік көшірмелерін жоя аласыз. Файлды ашқанда оны қауіпсіздікті басқару орталығы қауіпсіздік мүмкіндігі тексермеуін қаласаңыз сенімді орынды файлды сақтау үшін пайдалануыңыз қажет.


Бүлінген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді.
Архивтік файл қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмүны тәрізді мынадай +ақпараттар сақталады:
- файлдың аты;
- файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
- файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);
- архив бүтіндігін тесеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.
Файлдар және файлдық жүйелер
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған. Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.doc - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp-графиктік файл;
Мәліметтер.mbd - Access мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады. С: \Қаптама \Кітап\ Мәтін.doc — С дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word -та дайындалған Мәтін.doc мәтіндік файлы.
Windows амалдық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және қалталармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде картотека мазмұны сақталатын қағаз қалталар сияқты қалталар құрылымын пайдаланады. Файл – бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады. Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау бірлігі болып табылады. Пайдаланушының файлға жиналған мәліметтерді шығарып алуға, оларды өзгертуге, жоюға, сақтауға, басып шығарғышқа немесе электронды пошта бағдарламасына жөнелтуге мүмкіндігі бар.
Қалта - пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыт. Қалталар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды реттестіру үшін қолданылады және файлдармен қатар, өзге қалталарды да қамти алады. Қалталарда түрлі файлдар – құжаттар, музыкалық клиптер, бейне, суреттер, бағдарламалар және т.б. сақталады.
Жаңа қалталарды жасауға, олардағы файлдарды жылжытуға, өзге қалталардан, компьютерлерден немесе Internet-тен файлдар көшіруге, қалтаның ішінде қосымша қалта жасауға болады. Дәл қазір пайдаланушы жұмыс істеп отырған қалта ағымдық қалта деп аталады. Қалтаның мазмұнын қарап шығу үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, ұсынылған мәтінмәндік мәзірден Ашу әмірін таңдау керек.
Лақап – компьютердегі немесе желідегі қатынасуға болатын бағдарлама, файл, қалта, диск, веб-беті, басып шығарғыш немесе өзге компьютер сияқты кез келген элементке сілтеме. Лақаптарды кез келген орынға, Жұмыс үстеліне, Бастау мәзіріне немесе нақты бір қалталарға орналастыруға болады. Амалдық жүйе және басқа бағдарламалар файлдарға жүгіне алуы үшін, файлдардың белгіленуі болуы тиіс. Бұл белгілеу әдетте файлдың аты деп аталады. Windows амалдық жүйелерінде файлдардың белгіленуі екі бөлімнен тұрады: аты және кеңейтімі. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан құрала алады. Кеңейтім нүктеден басталады. Мысалы, Word бағдарламасы құжатының кеңейтімі .doc, музыканыкі — тр3, суреттікі - .gif болады. Файлдардың аттарында мынадай нышандарды қолдануға болады:
1. Латын әліпбиінің кішкентай және бас әріптерін.
2. Сандар мен нышандарды.
3. Бос орынды.
4. @ # $ % & ()_+,; = [] нышандарын және файл атында бірден көп нүкте болуы мүмкін.
Файл аттарында \: * ? " ! нышандарын пайдалануға болмайды.
Файл аттарын жазу кезінде нышандардың үлкен-кішілігі сақталады, бұл файлдар аттарын оқуды ыңғайлы етеді. Алайда, бір қалта ішінде тек әріптердің үлкен-кішілігімен ғана ерекшеленетін аттары бар файлдардың болуына жол берілмейді. Мысалы, бір қалтада Астанаға хат.doc және АСТАНАҒА ХАТ .doc файлдары қатар сақтала алмайды. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан құрала алады. Алайда 60-70- тен көп нышаннан тұратын аттарды қолданбаған дұрыс. Өте ұзын атты файлды көптеген бағдарламалар қабылдамай қоюы мүмкін. Сонымен қатар, дискілердің түбірлік каталогтарында ұзын аттарды қолдануға болмайды, түбірлік каталогтардың көлемі шектеулі. Файлдық жүйе – бұл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.
Файлдық жүйелердің маңызды қасиеті – журналдауды қолдау. Журналдалатын файлдық жүйе дискіге жазудың барлық әрекеттерін үздіксіз бақылап отырады, сондықтан электрқорегі кенет өшірілгеннен кейін, компьютер қайта қосылған кезде файлдық жүйе әрқашан да жұмысқа дайын күйінде болады. Файлдық жүйенің құрылысы жай болып келеді. Диск басында файлдардың орналасу кестесі бар, ол арнайы аймақ, дискідегі қай файлдың физикалық жағынан қайда орналасқанын көрсетеді.
Файлдың негізгі қасиеттері
1. Файл – бұл аты бар және осы атқа сілтеп файл мазмұнымен әрекеттесуге мүмкіндік беретін бір объект. Әдетте файл аты - ол тізбекті бір символдар, оның үзындығы операциялық жүйеге байланысты.
2 . Орналасудан файлдың тәуелсіздігі. Нақты файл жұмыс орындау үшін файлдың сыртқы құрылғыда орналасуы жайында ақпараттың қажеті жоқ.
3. Енгізу-шығару функцияларының жиынтығы. Әрбір операциялық жүйе файлмен алмасуды қамтитын функциялар жиынтығын анықтайды. Файлдық жүйе – бұл құрылым ядро жүйенің басқаруымен және жүйедегі жадыдағы пайдаланушыларға қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жадыдағы қорлар әр түрлі информация тасушы жадыға кіргізеді: бұлар (иілгіш дискілер, CD- ROM, винчестер).
Ядро осы қорларды бір иерархиялық құрылымға ұйымдастырады, ол құжатта басталып және көптеген құжаттарға бөлініп басқа құжаттармен жұмыс жасайды. Ең басты құжат жоғарғы денгейлі тұқым айтады. Құжаттан басқа файлға өту үшін, файлдың атымен бірге оған өту үшін жолы көрсетеді. Атының жолы абсолютті (мысалы tmpafile) немесе оған кіруші (мысалы bmpemacs).
Каталогтар және каталог бұтағы.
Каталог - пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыт. Қалталар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды реттестіру үшін қолданылады және файлдармен қатар, өзге қалталарды да қамти алады. Қалталарда түрлі файлдар – құжаттар, музыкалық клиптер, бейне, суреттер, бағдарламалар және т.б. сақталады.
Жаңа қалталарды жасауға, олардағы файлдарды жылжытуға, өзге қалталардан, компьютерлерден немесе Internet-тен файлдар көшіруге, қалтаның ішінде қосымша қалта жасауға болады. Дәл қазір пайдаланушы жұмыс істеп отырған қалта ағымдық қалта деп аталады. Қалтаның мазмұнын қарап шығу үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, ұсынылған мәтінмәндік мәзірден Ашу әмірін таңдау керек. Әрбір дискте бір басты немесе түпкілікті каталог болады. Онда файлдар және қосымша салынатын каталогтар (1-деңгейлі каталогтар) тіркеледі. 1- деңгейлі каталогтарда 2-деңгейлі каталогтар тіркеледі және с.с. Осылайша, дискте көп деңгейлі ағаш тәрізді каталогтар құрылымы қалыптасады.
Пайдаланушы дәл қазір жұмыс істеп отырған каталог ағымдағы каталог деп аталады. Қалтаның сол жағындағы “+” таңбасы каталогтың ішінде қосымша каталогтар бар екендігін білдіреді. Олар дәл қазір көрініп тұрмаса да, ашық болуы мүмкін. Қалтаның сол жағындағы "-" таңбасы каталогтың ішіндегі қосымша каталогтар дәл қазір көрініп тұрғандығын білдіреді.
Файлдар және қалталар жасау
Жетектегіш Windows-тың қалыпталған бағдарламаларына жатады. Ол компьютердегі файлдар, қалталар және дискілердің көп деңгейлі құрылымын көрсетеді. Онда, сондай-ақ, қосылып тұрған желілік дискілер де көрініс табады Windows жетектегішінің көмегімен файлдарды көшіруге, жылжытуға және қайта атауға, сонымен қатар оларды іздеуге болады.
Жетектегішті ашу үшін Бастау батырмасын басып, Бағдарламалар -Қалыпталған - Жетектегіш әмірлерін таңдаңыз.
Жетектегіш терезесі Тақырып жолынан, Мәзір жолағынан, Құралдар үстелінен, Мекен жай жолағынан, жұмыс аймағынан тұрады. Жетектегіш терезесінің жұмыс аймағы екі бөлікке бөлінген:
1) сол жақта - каталогтар бұтағы;
2) оң жақта - қалталар мазмұнын қарап шығу терезесі.
Бұндай орналасу файлдар мен қалталарды іздеу, көшіру немесе жылжыту барысын оңайлатады. Каталогтар бұтағында дәл осы сәтте Сіздің компьютеріңізге қолысылып тұрған дискілердің барлығы, соның ішінде С: жергілікті дискі, 3,5 А дискі, желілік қалталар көрініс табады.
Жаңа қалталар жасаудың бірнеше тәсілі бар.
Бір нұсқасы:
1. Менің құжаттарым қалтасын ашыңыз (бұл үшін жұмыс үстеліндегі Менің құжаттарым белгішесін екі рет шертіңіз).
2. Файлдар мен қалталар тобында Жаңа қалтаны құру сілтемесін шертіңіз.
Бейне бетте үнсіз келісім бойынша Жаңа қалта деп ұсынылатын ерекшеленген атауы бар жаңа қалта пайда болады.
3. Жаңа қалта атауын енгізіп, Enter пернесін басыңыз. Қалта атауы файл атынан кеңейтімі жоқ болуымен ерекшеленеді.
Енді бір нұсқасы: Менің құжаттарым терезесінде мәзір жолағының Файл –Жаңа – Қалта әмірлерін таңдау.
Сондай-ақ, жаңа қалта жасау үшін бұрыннан бар қалта терезесінің бос орнын немесе Жұмыс үстелін тінтуір пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Жаңа - Қалта әмірін таңдаңыз.
Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
Ақпараттың тұтастығын қолдау. Бүлдіруден қорғау. Негізгі мақсат ақпараттарыңыздыжойылудан, өзгеруден, нұқсан келуден сақтау. Бұл үшін мәлеметтерді архивтеу, файлдарды бұғаттау парольдерді қорғау сияқты тактикалық әдістер қолданылады. Ақпаратты қол жетерлік ауқымнан қашықтату. Ең осал ақпарат жағдайында файлдарды жасыру мен бұғаттау жеткіліксіз шара болып шығады. Мұндайда сіз жұмыс файлдарын қатқыл дискіде сақтау тактикасына немесе тек басылып шыққан құжат түрінде ғана сақтауға иек артуға болады. Сонымен қатар жүйе құрған мәліметтердің резервтік көшірмелерін жоя аласыз. Компьютеріңізді тұзақтан алыңыз. Белгілі бір сорттағы ақпаратты сізге жасау мен сақтау шын мінінде қажет пе, соны ойлаңыз.
Іс жасыру. Windows және кейбір қосымшалар сіздің алда болып өткен жұмысыңыз жайлы ақпараттың іздерін сақтауға құмар болады. Олардың көпшілігін параметрлерді қоюмен өшіруге болады, қалғандарын қолмен жоюға болады. Екі корреспондент үшін шифрлау арылту программасын талап етіледі. Егер А шифрланған хабарды В ға жібергісі келсе, ол ең алдымен В - дан ашық кілт алуы тиіс. Ашық кілт ашық кілттердің сервері арқылы ұсынылады. В бұл серверге өзінің ашық кілттрін қаншалықты қажет болса, соншалықты орналастырады. А бұл кілтті алады, сосын оны хабарды шифрлау программасына кірістіреді және В ға жіберілетін хабарды дайындайды. В хабардың шифрдан арылту үшін өзінің жабық кілтін қолданады.
Шифрлау программасын шифрдан арылту үшін өзінің жабық кілтін қолданады. Шифрлау программасын ашық кілтті салыстырып, тексеріп шығады, Бұл орайда ол жабық кілтпен шифрдан арылту үшін хабарды қалайша шифрлау керектігін хабарлайтын нұсқау болып табылады.
Жабық кілтті білмей тұрып шифрланған файлды қайта шифрынан арылту мүмкін емес. Бұл тәсіл көптеген корреспонденттерден электрондық почта арқылы берілетін, шифрланған хабарлар қабылдауды талап ететіндер үшін қолайлы. Олардың барлығы хабарды шифрлауға арналған шифрлау программасы мен ашық кілтті қолдана алады, бірақ оны шифрлық алушы ғана тек жабық кілттің көмегімен аша алады.
Ашық кілтті жүйелер хабарларды шифрлаудан басқа алушылардан келетін хабарлардан немесе басқадай мәлеметтерді аутектификацияландыру құралдары ретінде қолданылуы мүмкін. Ашық кілтті Wed - те тиісті серверлердің кез келген мөлшерінде орналастыруға болады. Бұл сайттар ашық кілттерді тегін сақтайды және мәлеметтер базасы түрінде ұйымдастырылған. Мұндай серверлерді іздеу үшін іздесін программасына public key servers түйінді сөз тіркесін енгізу жеткілікті. Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша ВІК-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің сощы кластеріне) жасырьш жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (ҒАТ) файлдың соңы ретінде белгілейді.
Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтулер (заты) .сот және ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері өсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасанды. Ең қауіпті вирустарға резидентгік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады.
Дискідегі файлдардың қауіпсіздігі
Файлды ашқанда оны Қауіпсіздікті басқару орталығы қауіпсіздік мүмкіндігі тексермеуін қаласаңыз сенімді орынды файлды сақтау үшін пайдалануыңыз қажет. Мысалы, Қауіпсіздікті басқару орталығы қауіпті деп есептеп, ажырататын макросты қамтитын құжатты ашқыңыз келуі мүмкін. Егер құжат және құжаттағы макрос сенімді көзден деп ойласаңыз, Әдепкі Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрлерін қауіптірек макрос қауіпсіздігі параметріне өзгертудің орнына құжатты сенімді орынға жылжыту дұрысырақ. Файлды сенімді орыннан ашқанда, оны Қауіпсіздікті басқару орталығы қауіпсіздік мүмкіндігі тексермейді, қауіпсіздік ескертулерін алмайсыз және макрос қосылады.
Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін. Бұл МД-нің физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды өшіріп алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден, компьютерлік вирустар әсерінен информацияның бұзылуынан, файл эталондарын сақтауды талап етуден және т. б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын сақтауды талап етуден және т. б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіңдіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа мәлімет жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс. Әрине архиватордың әртүрлі мәліметтер үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, текстік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сүр түсті суреттерді (РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшелікгеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 60-қа дейін дискет (көлемі 360 кб-тай) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан мәліметтерді қысылған, кішірейтілген көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін немесе белгілі бір сомаға делдалдық әдіспен таратылады.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Абдикеев Н.М. Өндіруде, маркетингте жəне қаржыда автоматтандырылған ақпараттық жүйелер / Н. М. Абдикеев: жалпы ред. К. И. Курбакова. — М.: КОС ИНФ, Рос. экон. акад., 2003.
2. Абдикеев Н.М. Зияткерлік ақпараттық жүйелер / Н. М. Абдикеев:жалпы ред. К. И. Курбакова. — М.: КОС ИНФ, Рос. экон. акад., 2003.
3. Экономикте автоматтандырылған ақпараттық технологиялар / ред. проф. Г. А.Титоренко. — М.: ЮНИТИ, 2005.
4. Аглицкий Д. С. Инновациялық технологиялар нарығы: мəселері мен шешімдері / Д. С. Аглицкий, И. С.Аглицкий. — М.: Ладомир, 2000.
5. Баронов В. В. Автоматтандыру кəсіпорынды басқару / В.В.Баронов. — М.: ИНФРА-М, 2000.
6. Божко В. П. Статистикте Ақпараттық технологиялар / В. П. Божко, А. В. Хорошилов. — М.: Финстатинформ, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет