· Бірқолданушылық. Мысалы, MS DOS;
· Көпқолданушылық. Мысалы, UNIX, Windows.
2) Көп есептілікті қолдау (бір уақыт мезгілінде орындалатын есептер саны бойынша):
· Біресепті. Мысалы, MS DOS;
· Көпесепті. Мысалы, UNIX, Windows.
3) Ығыстырылатын және ығыстырылмайтын көпесептік. Процессорлық уақытты бір мезгілде орындалатын бірнеше есептер арасында бөлу тәсілін анықтайды:
· ығыстырмайтын көпесептілік. Мысалы, Windows 3.x;
· ығыстыратын көпесептілік. Мысалы, Windows NT/ХР, OS/2, Unix.
Бірінші жағдайда процесстерді жоспарлау механизмі операциялық жүйеде жүзеге асады, екінші жағдайда операциялық жүйемен қолданбалы бағдарламалар арасында бөлінген.
4) Көпағындықты қолдау. Бір есепті параллель орындау мүмкін.
5) Көппроцессорлық өңдеуді қолдау. OS/2, Windows XP, NT, NеtWare 4.1:
· симметриялық ОЖ барлық процедуралары қолданылады;
· ассиметриялық ОЖ жүйе жүйенің тек бір процессорына қолданылады қалған процессорлар да қолданбалы программалар орындалады.
ІІ. Аппараттық (құрылғылық) платформалардың ерекшеліктері бойынша:
ОЖ қажетіне аппараттық құрылғы әсер етеді. Құрылғы түріне байланысты ДК, миникомпьютерлердің мейнфреймдердің, кластерлердің және ЭЕМ желілердің операциялық жүйелері болады. Бұлардың ішінде компьютердің бір процессорлық және көп процессорлық нұсқалары кездеседі.
Аппараттық платформасы бір түрдегі компьютерден екінші түрдегі компьютерге оңай ауысатын ОЖ мобильдік ОЖ деп аталады. Мысалы, Unix.
Мұндай жүйелерде аппараттық байланыстар локальданған. Сондықтан жаңа платформаға ауыстырғанда тек солар ғана қайта жазылады. Ауыстыруды жеңілдету үшін операциялық жүйе машиналық еркін түрде жазылады, мысалы, С тілінде.
ІІІ. Қолдану аймақтарының ерекшіліктері бойынша:
ОЖ құрғанда қолданған критерийлерге байланысты көпесепті операциялық жүйе 3 топқа бөлінеді:
· пакеттік өңдеу жүйелері. Мысалы, ЕС;
· уақытты бөлу жүйесі. Мысалы, Unix;
· нақты уақыт жүйелері. Мысалы, QNX.
Пакеттік өңдеу жүйелері нәтижелері тез алынуды талап етпейтін есептеулері көп есептерді шығаруға арналған. Оның негізгі мақсаты мен эфектірлік критерия максималді өткізу мүмкіндігі.
Бұл мақсатқа жету үшін пакеттік өңдеу жүйелерінде басында тапсырма пакеті құрылады. Әр бір тапсырма жүйелік ресурстарға талабын ескереді. Осы пакеттен мультипрограммалық қосынды құралады. Бұл жүйелер қолданушыға ыңғайсыз болады.
Уақытта болу жүйелері. Бұл жүйелер пакеттік өңдеу жүйелерінің кемшілігін түзей үшін арналған әрбір қолданушыға терминал беріледі. Терминал арқылы қолданушы өз бағдарламасымен сұқбат жүргізеді. Бұл жүйеде әрбір есепке процессор уақытының кванты бөлінеді. Сондықтан қолданушыларда әр машинкада тек өзі жұмыс істеп отыр деген елес болады. Бұл жүйеде өткізу қабілеті төмен болады.
Нақты уақыт жүйелері: бұл әртүрлі техникалық объектілерді басқаруға арналады. Мысалы, станок,спутник, ғылыми экспериментальдық құрылғылар немесе техникалық процестер (даминдік процестер, галбаникалық түзу). Бұл жүйелерде объектіні басқаруға арналған бағдарламаны орнату үшін шектелген уақыт беріледі. Нақты уақыт жүйелерінің эфиктілік критерия осы алдын-ала берілген уақыт интервалын сақтауда. Бұл уақыт жүйенің реакциялық уақыты, ал сәйкес келетін жүйе қасиеті реактивтілік деп аталады.
QNX автомобиль және ұялы телефондар, соның ішінде әр түрлі құрылғыларда пайдаланылады, бірінші коммерциялық табысты микроядролы операциялық жүйелердің бірі болып табылады. 1980-жылдардың басында дамыған QNX Neutrino, канадалық компания Кванттық Software Systems болып табылды, кейін BlackBerry 2010 жылы сатып алып, дамытты. Нақты уақыттағы операциялық жүйелер көбінесе microdevices форматында пайдаланылады.
IV.ОЖ құру әдістерінің ерекшеліктері бойынша:
Базалық концепцияға мыналар жатады:
Достарыңызбен бөлісу: |