Жаратылыстану институты



Дата25.02.2022
өлшемі1.74 Mb.
#455746
түріСабақ
№13 толқындық қозғалыс. практика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ
«ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА» КАФЕДРАСЫ
Пән: «МЕХАНИКА»
Мамандығы: 6В015817- «Физика-Информатика»
БАКАЛАВР
Ф-21-1. ФИ-21-1 оқу тобы
Оқытушы: п.ғ.к, аға оқытушы
АЛМАҒАМБЕТОВА АЙГҮЛ АЛДАЖАРҚЫЗЫ
ҚЫЗЫЛОРДА 2021
 

Практикалық сабақ №13. “Толқындық қозғалыс” .

Практикалық сабақтың мақсаты: Толқындық қозғалыс бөліміне есептер шығара отырып, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету

Сабақ жоспары:

1.Теориялық мәліметтерді қайталау.

2.Есеп шығарудың жалпы алгоритмі.

3. Толқынның ұзындығы. Толқынның жиілігі. Фазалық жылдамдық”

4.Есеп шығару.

5.Үй тапсырмасы.

ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕП ЖƏНЕ ОНЫ ШЫҒАРУДЫҢ ТƏРТІБІ

ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕП ЖƏНЕ ОНЫ ШЫҒАРУДЫҢ ТƏРТІБІ

1. Есептің мазмұнын талқылау. Есептің шарты бойынша келтірілген құбылыстардың, шамалардың физикалық мағынасын, заңдарын, бір-бірімен байланыстылығын анықтау. Мұнда қосымша суреттер, графиктер сызу керек. Кейбір елемей кетуге болатын жағдайларды анықтау, есептің шартын жеңілдетеді (Мысалы, үйкеліс күші аз, бұл жерде ескермейміз деген сияқты).

2. Есепті шығару. Есептің сұрауына жауап берудің жолдарын іздестіру. Былайша айтқанда есептің сұрауына жауап беретін физикалық құбылыстардың тізбегін анықтау.

3. Есептеу. Есептегі шамаларды формулаға қоюдан бұрын бір жүйеге келтірген жөн. Есептеуде шамалардың дəлдік мəндерін де ұмытпау керек. Жалпы барлық сандардың дəлдігі шамалас болу керек.

4. Есептің жауабын тексеру. Біріншіден, есептің жауабы шындыққа ұқсас болуы керек. Тек содан кейін оны жауабымен салыстыруға, тексеруге болады. Есептің шартын оқудан бұрын студенттерге есепті қай тақырыпқа шығаратынымызды айтуымыз керек. Сонда студенттер есепке қажетті формуланы оңай табатын болады.

Жалпы есептерде берілетін шамаларды жазғанда, негізінен, Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) өрнектеген жөн.

Есептеуге ыңғайлы болу үшін өте үлкен не кіші сандарды дəреже арқылы жазған жөн.

  • Тербелмелі контур индуктивтілігі L=1,2 мГн катушка мен электрлік сыйымдылығы С1=12пФ ден С2=80пФ дейін айнымалы өзгеретін конденсатордан тұрады. Осы контурда резонанс тудыратын электромагниттік толқындар ұзындығының диапазонын анықтаңыздар. Контурдың актив кедергісін нольге тең деп есептеңіздер.

Өз бетінше шығарылуға берілген есептер

Үй тапсырмасы

  • 1. Таралу жылдамдығы 3 10 м/ с 8 ⋅ , периоды c 14 10− тең. Толқын ұзындығын табыңыздар.
  • 2. Вольфрамдағы серпімді қума толқынның жылдамдығын табыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет