Жаратылыстану-математика


Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Термокарстының қалыптасуын түсіндір



бет12/21
Дата26.02.2016
өлшемі3.87 Mb.
#26447
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Термокарстының қалыптасуын түсіндір.


Гидролакколиттің қалыптасуын түсіндір.

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
14 дәріс

Тақырып: Эолды рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Аридті климат жағдайларында рельеф пайда болу процестері. Желдің рельеф түзудегі ролі (дефляция, коррозия, тасымалдау, аккумуляция).

2.Эолды рельеф формалары:

а)Дефляциялық-корразиялық рельеф формалары.

ә)Эолды-аккумулятивті формалар.

б)Аридті денудациялық формалар.



Мақсаты:Эол ұғымын анықтау және эолды рельеф формаларымен танысу.

Тірек сөздер:эрозия, корразия, дефляция, тасымалдау, аккумуляция.

Негізгі сұрақтар:Аридті климат дегеніміз қандай климат?

Аридті климат белдеуінде қандай рельеф формалары түзілуі мүмкін?



1. Эолды құбылыс – желдің әрекетінен пайда болатын процесс. Пайда болған рельеф формаларын эолды (эол грек сөзі – жел тәңірі) рельеф дейді. Эолды процестер жүру үшін бірнеше жағдай керек:1.жауын-шашын аз , ұзақ құрғақшылық кезеңнің болуы; 2.буланушылық мөлшерінің жоғары болуы; 3.климат жағдайларының қолайлы болуы; 4.қатты желдердің болуы; 5.өсімдік жамылғысының өте нашар немесе жоқ болуы; 6.жынысы ұсақ, саз күйінде кең көлемде таралуы қажет. Аталған осы жағдайлар аридті зона, яғни тропиктік шеңбер маңына тән. Бұл аудандарда 1-ден: жауын шашын сирек, жылына 100мм. Кейде одан да аз түседі; 2-ден: жылулық пен ылғалдылықтың арақатынасы бір біріне сәйкес дамиды; 3-ден: жел нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылып, үгіліске ұшырайды, ал үгілген заттар жел әсерінен бір орыннан екінші орынға тасымалданады.

2.а) Құмның үлкен бөлшегінің желдің әсерінен тасылмалдануына байланысты жер бетіне шығып тұрған тау жыныстарын үйкеп, қажап, корразия процесі нәтижесінде эолдық “тас саңырауқұлақтар”, “тас бағаналар”, корразиялық қуыстар пайда болады. Осындай формалар тастышөл аудандарында жиі кездеседі. Корразиялық қуыстар- жеңіл бұзылатын тау жыныстарынан мергель, сазды жыныстарынан пайда болады. Егер тау жыныстардың бет жақтары қатты қабат, асты жұмсақ қабат орналасса, тас саңырауқұлақтар пайда болады.Тік орналасқан қатты жыныстар корразияның нәтижесінде тас бағаналарға айналады.Желдің ұшырып әкету әсерінен борпылдақ материалдар жинақталаған жерлерде құмды жерлер пайда болуы мүмкін, ал ұшырылып әкетілген жерлерде дефляциялық қазандар, яғни сопақша теріс рельеф формалары пайда болады. Олардың енібірнеше ондаған метрден бірнеше жүздегенметрге жетеді, орналасуы желдің соғу бағытына сәйкес.

ә) құмды аудандарда желдің нәтижесінде қозғалатын жылжымалы оң формаларда пайда болады. Бұл формаларға құм шоғырлар,дюна, бархандар т.б. түрлері жатады. Жылжымалы құм шоғырлары өсімдік тамырлары арқылы бекімегендіктен сусымалы болып келеді. Олар қаттыжел соққанда оп-оңай қозғалып көшіп қонады, әртүрлі дыбыс шығарады. Құм шоғырының қалыңдығы желдің күшіне тәуелді. Топырақтың негізгі массасы 80 10-20 см. қалыңдықта жинақталады. желдің күші 405м/с болған кезде жайбұрқасын болады, кейін бір бірімен бірігіп, тұтасып шоғырланады. Дюналар (неміс сөзі) – желдің құмды үйіре суырыпүрлеу әрекеттеріне байланысты жер бедерінің ойлы-қырлы аудандарында белгілі бір тосқауылдарға тіреліп, немесе өзендермен көлдердің жағасында пайда болатын құм төбе. Құм төбенің биіктігі 20-40м-ден кейде 300м-ге дейін жетеді. Оның желге қараған беткейі жатық, ал қарама қарсы беткейі тік болады. Бархандар (құм шағыл) – шөлді жерлерде желдің әрекетінен үйілген ассиметриялы, орақ немесе жарты ай пішінді құм төбе. Олардың сүйірлеу шеті желдің жиі байқалатын негізгі бағытын айқындайды. Бекіген құмды таулар – биіктігі 10-20м болатын шөлейтті аудандарда жиі кездесетін форма. Олар қырқалы құмдар түрінде белгілі бағытта созыла орналасады. Құмды төбелер мен төбешіктер биіктігі 10м-дей болады, жайпақ беткейлі болып келеді, олардың жылжып көшіп қонуына өсімдіктер жамылғысы тосқауыл болады.

б) Аридті шөлді аймақта тасты және сазды шөл далалары кең тараған. Аридті денудациялық рельеф формаларының тарауы жыныстардың құрамындағы тұздардың ерігіштік қасиетіне байланысты. Сазды шөлейтке мына рельеф формалары тән. Тақыр – (түрік сөзі тақыр –тегіс, жалаңаш дегенді білдіреді) беті тегіс сазды учаскелер, көктемде су басып жатса, жазда беті тақыр құрғақ болады, сызаттанып жарылып кетеді. Өсімдік жамылғысы мүлдем болмайды. Қарашірігі өте аз, жауыннан кейін уақытша көлдер пайда болады. Орта Азимен Қазақстанның шөл және шөлейттерінде, Қарақұм, Алашаньда кездеседі. Ағынсыз ойыс (бессточные впадины) – барлық жағынан тұйықталған ойыс жер, құрлықтың мұхит деңгейінен төмен орналасқан бөлігі. Осы ойысқа еріген қар суымен жаңбыр сулары жиналады. Ойыстың көлемі әртүрлі: бірнеше 10-ған метрден бірнеше жүздеген км-ге дейін, тереңдігі 200 метрге дейін болады.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Дюна, барханның түзілуіне сипаттама бер.

Сазды шөлдерде эолды рельеф формасының қандай түрі пайда болған?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
15 дәріс

Тақырып: Жағалық рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Жаға, жағалық сызық, жағалық зона, жағажай ұғымдары.

2.Жағаны қалыптастырушы процестер.

3.Жағалар типтері



Мақсаты:Жағалық рельефтің қалыптасуын анықтау, формаларымен танысу

Тірек сөздер:клиф, эстуарий, жағалық бар.

Негізгі сұрақтар:Жағалық рельефтің қалыптасуы қандай процеске байланысты?

Жаға, жағалық сызық, жағалық зона дегеніміз не?



1. Жаға деп – құрлықтың өзен, көл, теңіздің жағалық сызығына жансып жатқан жерін айтады. Жағалық сызық деп – құрлықпен су аралығындағы жиек сызықты айтады. Судың деңгейі үнемі өзгеріп отырғандықтан жағалық сызықта бір деңгейде тұрмайды. Жағалық зона - өзіндік жаға және оның су үсті бөлігімен оның су асты жағалық баурайынан құралады. Жағалық рельеф формаларын түзуге әсер ететін процестерге: 1. теңіз толқыны процесі; 2. толқынды ағыс; 3. судың тлысуымен қайтуы жатады. Негізгі бастыпроцесі толқын болып табылады. Толқын деп – субетіндегі тербелмелі қозғалыстан туатын су жалын айтады. Толқындар жағаға әсер ете отырып, қиратады, бұзылған жыныстарды тасымалдап аккумуляцияланады. Толқындардың әсерінен теңіз, көл, су қоймаларының жағалауының бұзылуын абразия деп атайды.Абразия латын сөзі қыру, жеміру дегенді білдіреді. Абразия дәрежесі толқынның күшіне, жағалаудың геологиялық құрлысына байланысты. Абразия және аккумуляция бірігіп, жағалық рельефті қалыптастырушы процесс болып табылады.

2. Жағаны қалыптастыратын негізі процестерге мыналар жатады: 1.жел толқындарының абразионды әрекеті, 2. тасымалдаушы және аккумулятивті әрекеті, 3. толысу мен ағыстар, 4. өзендер әрекеті, 5. баурайлық процестер, 6. организмдер әрекеті. Абразиялық әрекет көбінесе терең жағалауларда қалыптасады. Ол негізінен кішкене ғана шұңқыр ойыс бар жерден басталып жел толқындары әсерінен қазылып баурай қабыр,асын қуыс етеді. Қуыс үстіндегі жыныс өз салмағынан құлап, баурай тік жартасқа айналады. Оны абразиялық клиф деп атайды. Клиф биіктігі Охот теңізі жағалауында 700 метрге жетеді. (Егер клиф қатты жыныстардан тұрса, биік болады, олрады кекура деп атайды, ал егер жұмсақ жыныстардан тұрса, аласа, қазандар, қуыстар түзіледі, оларды грот деп атайды). Жел толқындарының әрекетінен қуыс одан әрі үлкейіп, толқындардың артқа қарай жылжуынан су түбінде су асты абразиялық терраса қалыптасады. Клифпен абразиялық терраса ортасында орташа құм және ұсақ саз жыныстан тұратын бөлікті жағажай деп атайды. Қайраң жерлерде толқын әрекетінен су түбіндегі әртүрлі үйінді қоқыстар су түбімен тасымалданып, шөгеді. Тасымалдау және аккумулятивті әрекет нәтижесінде жыныстың құрамына қарай жағажайлар қалыптасады.Жағажайлар құмды және тастақты, қиыршықты болып бөлінеді. Мысалы:Балтық теңізі жағалауы –құмды; Кавказ жағалауы тастақты. Жағажайлардың ендері әртүрлі мысалы:180-600км дейінде жетеді. Жағалық бар – (тізбек) теңіздің жағалық жиек алқабындағы құмды тайыз тізбек, жағаның бағытында созылған және теңіз үйінділерінен құралған.Жағалық бар ұзындығы бірнеше 100-ген метрден, ені 20-30км-ге, биіктігі бірнеше ондаған метрге жетеді. Теңіз суының толысуы Ай мен күннің тарту күші салдарынан мұхит, теңіз су деңгейінің оқтын оқтын көтерілуі байқалады. Судың деңгейі көтерілген кезде су толысады, судың толысу және қайтуы нәтижесінде шөгінді жыныстар жағаға тасымалданып, өзендер сағасы воронка тәрізді кеңейеді. Осы жерде эстуарий жағасы қалыптасады. Эстуарий (латын сөзі - өзеннің су басатын сағасы дегенді білдіреді) - өзеннің кеңіп, ұзынша шығанақ сипатын алған бөлігі. Мысалы: Янзцы, Енисей, темза, Сена.

4.Өзендердің әрекетінен қалыптасқан жаға түрлеріне аллювиальды жазық пен дельта (атырау) жатады.Дельта – ірі өзендердің көлге немесе теңізге құяр сағасындадағы өзен шөгінділерінен пайда болып, тарамдар мен тармақтарға тілімделген ойпат.Мысалы: Амазонка, Волга, Жайық, Лена. Жаға рельефін қалыптастыруда басты рольді баурайлық процестер атқарады. Бұл процестерге опырылып құлау, шөгінділердің құйылуы, көшкіндер айтуға болады. Бұл аталған процестер баурайы тік болып келетін жағаларды қалыптастырады. Организмдер әрекетіне мұхитта қолайлы жағдай болғанда тіршілік ететін риф түзуші организмдер жатады. Риф түзуші организмдерге: кораллдар, ізбесті балдырлар, гидроидтар, мүктер жатады. Риф түзушілер температурасы +20 төмен болмайтын жылы, тұздылығы 33-38 промилл тұзды суда тіршілік етеді. Риф түзушілерді бірнеше топқа бөледі. Жағалық риф – су түбіндегі кораллдардың жағамен біріккен жерінде, 50м тереңдікте пайда болады. Барьерлік риф - су түбінде жағадан алыс орналасқан ізбесті коралл жалдарынан құралады. Сақина тәрізді риф немесе атолл – ізбесті коралл жалдарының шеңберленіп орналасуын атады. Коралл банкалары – бір бірімен бірігіп кеткен ізбесті коралдар. Коралл аралдары тропикалық теңіз жағалауларында су бетіне шығып жатқан ізбесті коралдар жиынтығы. Мангр өсімдіктері - тропикалық зонаның мәңгі жасыл өсімдіктер бірлестігі, тыныс алу тамырлары су бетіне шығып, бір бірімен байланысып жатады.Мысалы: Қызыл теңіз, Үнді, Гвинея; Мексика шығанағы т.б. Қамысты жаға – фитогенді, қамыс типтес өсімдіктер өкен жаға. Мысалы:Каспий теңізі.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Жағаны қалыптастырушы негізгі процестерді ата.

Тірі организмдер жағаның қандай түрлерін қалыптастырады?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ.



Тақырыбы


Практикалық сабақ мазмұны

апта

әдебиет

1

2

3


4

5



6

7


8

9
10


11

12


13


14

15



Геоморфологиялық карта.

Рельеф түрлерінің классификациясы.


Планетарлық рельеф

Дүние жүзі мұхит түбінің морфоструктурасы.


Жазықтар мен таулар морфологиясы.


Вулкандық рельеф

Флювиальды рельеф

Флювиальды рельеф

Карст рельеф
Суффозды рельеф

Көшкін рельеф

Мұздық рельеф

Тоң рельефі


Эолды рельеф

Жағалық рельеф


1- тапсырма:Геоморфологиялық карта легендасымен таныс. Картаны құрастыруда қандай принциптер негізінге алынған ? Геоморфологиялық картада:

а) материктік плейстоцендік мұздық облысына тән жаңарған таулар рельеф формалары

ә) жас платформалардағы аридті денудациялық рельеф формалары

б) кайназой қатпарлығы облысындағы криогенді вулкандық үстірттер рельеф формалары

в) жас платформалардағы аккумулятивті жазықтықтағы рельефтің флювиальды формалары қалай бейнеленген?

1 тапсырма:.Дүние жүзі контур картасына әрбір материк үстіне негізгі алып жатқан геотектуралар мен морфоструктуралар: платформалы-жазықты және орогенді (таулы) типінің аудандарының проценттік қатынасын көрсететін дөңгелек диаграмманы құр. Диаграммаларды салыстыр.


1 тапсырма:5 кестені пайдаланып жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғыз. Гипсографиялық қисық сызық миллиметрлік қағазда тұрғызылады. Абцисса осіне жер беті ауданы, ордината осіне биіктіктер мен тереңдіктер салынады. Қолайлы масштаб: г 1см-25 млн.км², в 1см-1000м.

1-тапсырма:Орографиялық картаны және атласты пайдаланып дүние жүзілік контур картаға төменде берілген номенклатура бойынша дүние жүзі мұхит түбінің рельеф формаларын шартты белгілермен сал.

1-тапсырма:Жазықтардың негізгі генетикалық типтеріне сиапттама бер: платформалық, таулы, абразиялық.


Контур картаға негізгі ірі жазықтар мен тауларды шартты белгілер бойынша түсір.

1-тапсырма:Атластың көрсеткіші көмегімен 42 кестеде берілген жанартауларды тауып, шартты белгімен контур картаға белгіле, атауларын жаз.


1-тапсырма.Су айрық баурайынан топырақтың шайылуының негізгі заңдылығын анықта. Ол үшін алдын-ала баурайдың әр түрлі бөлігінен 1 га. Ауданынан шайылған материал мөлшерін есептеу қажет. (56 кесте) 100 м² (аудан ұзындығы 100м, ені 1 м) ауданнан шайылатын материал көлемі (м³) – жыраның орташа ені мен оның орташа тереңдігіне және орташа ұзындығы мен санының көбейтіндісне тең. 1га ауданның топырақ шайындысы мына формуламен есептеледі. R=V· 100 , мұндағы R- шайынды, м³/га; V- 100м²/м³ ауданындағы шайынды материал көлемі.

Су айрық баурайының көлденең профилін құр және оның баурайындағы топырақтың шайылу дәрежесін бағаналы диаграмма түрінде көрсет.



1-тапсырма:Дәптерлеріңе меандрланатын өзеннің арна бөлігіннің схемасын сал. Осы схемаға шартты белгі арқылы мына элементтерді көрсет: иірім, сумен шайылатын жаға, арна маңы қайраңы, вал, стержендік ағыс, иірім түбіндегі ағыс, өзен ағысының бағыты.

2-тапсырма:24- суретті пайдаланып жайылманың типін анықта, қалыптасуын түсіндір.(опырылған, сегменттік, қатар-жалды)

3-тапсырма:.Дәптерлеріңе өзен аңғарының көлденең қима схемаларын сал және оларға қысқаша сипаттама бер. Террасалардың типін анықта (аккумклятивті, цокальды, эрозионды).

1-тапсырма:Дүние жүзілік контур картаға шартты белгімен карст рельефінің таралу жерлерін түсір. Тапсырманы орындау кезінде геологиялық және тектоникалық картаны пайдалан. Бұл жерлерде карст рельефінің түзілуі қандай геологиялық процестерге байланысты?

1- тапсырма:.Географиялық атласты пайдаланып, суффозды рельеф тараған аудандарды анықтап, контур картаға шартты белгімен түсір.

1-тапсырма:.28 сурет бойынша көшкін рельеф формаларына сипаттама беріп және пайда болу процесін түсіндір.

1-тапсырма:Дүние жүзілік контур картаға Солтүстік Америка және Евразия материгінде тараған төрттік дәуірдегі мұз басу кезеңінің оңтүстік шекарасын түсір.

1-тапсырма. Дүние жүзі контур картасына жер бетінің криогендік аймақтарының шекарасын түсір. Карта бойынша көп жылдық тоң рельеф формаларының таралуын сипаттап бер.

1-тапсырма:38 суретті пайдаланып эолды рельеф формаларының типтерімен таныс және олардың дамуын түсіндір.

1-тапсырма:37 суретті пайдаланып, жағалық рельеф типтерін анықта.

1

2

3


4

5



6

7


8

9
10


11

12


13


14

15


6

130 б,

5

133 б,
4



9 б,

4

38 б,


5

6



114-115
5

135-137


4

39-40 б,

4

42 б,


3

4

44 б,


4

44-45 б,


4

49 б,


4

51 б,
4

51б,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет