Жаратылыстанудағы ғылыми эволюция
XX ғ. — ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себегггі де қазір "білім" деген ұғымды көбінше «ғылыми білім» деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз. Ал, шынында да солай ма? Әрине олай емес. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.
Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүдде басқаша. Ғылыми білімінің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, онын, мазмұны қандай екенін білу қажет.
Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы (жүйесі). Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ол білім ие үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетке қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы - мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады.
Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық таным процесі болып табылады. Ол — теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.
Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалык, жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуыңда, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты.
Сомымен бірге ескерте кеткен жөн, олартек дәлелдеуге дағдыланып қана қойған жоқ, сондай-ақ дәлелдеу процесін талдай келе дәлелдеу теориясын жасады — Аристотельдің логикасы сондай теория еді. Басқанын айтқанда, ретсіз жинақталған бұрынғы тәжірибелік білімдер мен мәліметтерді тәртіпке келтірудің әдісі анықталды. Бұл нағыз методологиялық жаңалық еді.
Дәл осы сияқты, жаңа методологиялық әдіс XVII ғасырда Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперммеінтік)-математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп осының негізінде классикалық, жаратылыстану дүниеге келді.
Ертедегі грек ойшылдары жасаған логака (дұрыс ойлаудың заңдары мен формалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың объектісі тікелей дүние заттары меп құбылыстары болмай, олардың ойша бейнелері — абстракция, ұғым, пікір, сан, сапа, заң, т.б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдық бейнесі (дүииесі) әлдеқайда жүйелі логикалық және занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден "жоғарырақ" тұрғандай болып, өзіндік айтарлықтай дербес болмысы бар теории саласын құрды. Антик ғылыми жасап берген сондай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын алуға болады.
Осындай жаңалықтардың арқасында антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі, қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед, т.б.), космологиялық модельдер (Аристарх Самосский, Птоломей т.б.) жасап, физика, биология т.б. болашақ ғылымдар үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері көрінді. Олар мыналар: 1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдердеи логикалық жолмен қорытып шығаруға болады; 2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері; 3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс; 4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке-дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңшылықтарды іздейді, т.т.
Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіндік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмайды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:
а) дәл анықталған фактілер;
ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар;
б) шындық дүниенің бірқатар құбылыстарын түсіндіруші заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар;
в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы); мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі.
Ғылымның сенімді негізі — әрине анықталған фактілер. Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент, тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бұл ғылымның эмпириктік, яғни тәжірибелік негізі. Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған құбылыстардың жалпы эмпирикалық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді.
Алайда, ғылыми зерттеу мұнымен аяқталмайды. Бұл ғылыми танымның тек бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады. Ғылыми танымның тек бұл эмпирикалық деңгейінен кейін келетін теориялық деңгейін айыра білу қажет. Бұлардың арасындағы айырмашылық, ерекшелік зерттелуге тиісті нақты материалды жалпылаудың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның мақсаты — заңдылықтарды ашу. Ал заң, заңдылық дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсыбір құбылыстар тобына, класына қатысты жалпылық.
Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақшаласақ, "көңіл аудармау" дегенді білдіреді. Логика деген ғылымда қарастырылатын формалды-логикалық жалпылау әдісі осы абстракциялау әдісімеін іштей байланысты. Алайда, абстракцияның көмегімен жалпылаған кезде кез келген жалпы белгі, қасиетті ала салмай, құбылыстардың ішкі табиғатын ашып көрсететін мәнді жалпы белгісін алу қажет. Мәселен, ертедегі грек ойшылдары "адам" деген ұғымға анықтама бергенде "Адам дегеніміз екі аяқты, қауырсынсыз жануар" деп анықтапты. Әрине, барлық адамдарда екі аяқ бар, бірақ сонымен бірге құстар да екі аяқты емес пе! Адамның ішкі табиғатын ашып беретін жалпы мәнді белгісі еңбек құралын жасауға қабілеттілік және осының негізінде тарихи қалыптасқан ойлауға және сөйлеуге қабілеттілік қой.
Олай болса, танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелік — заттар мен құбылыстардағы мәнді жалпылықты табу арқылы заңдылықты ашудың тәсілінде екен: тәжірибелік (эмпирикалық) жалпылауда тек сыртқы ортақ белгілерді ғана анықтауға болады екеи, ал ішкі мәнді белгілерді ашуға, дәлелдеуге танымнық тек теориялық деңгейі ғана мүмкіндік береді.
Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері
Ғылымның күрделі творчестволық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға көшетін тікелей өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы — салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.
Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да өзара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік деңгейінде зерттеудің обьектісі тікелей табиғат және қоғам құбылыстары мен заттары болса, ал теория тек идеяландырылған объектілермен (материалдық нүкте, идеалды газ, абсолютті қатты дене т.с.с.) жұмыс істейді. Бұл зерттеу объектісі не? — деген сұраққа жауап берсе, ал сонымен қатар ол қалай зерттеледі деген де сұрақ бар. Екінші сұраққа жауап беру үшін ғылыми зерттеудің аталған деңгейлерінде қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын білу қажет. Бұл жағынан да олардың елеулі өзгешеліктері бар. Эмпириктік деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса, аксиомалық әдісті, системалық, құрылымдық функционалдық талдау, математикалық моделін жасау әдістерін т.б. пайдалануға тырысады.
Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан (мәселен, діннен, өнерден) басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс-тәсілдері, яғни ғылыми әдіс (метод) шешуші роль атқарады. Ғылыми білімнің даму тарихы бүл пікірді толық растайды. XVII ғасырда, яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір-біріне қарама-қарсы екі методологиялык программасын: эмпириктік (индукциялық) және рационалистік (дедукциялық) әдістерін тұжырымдады.
Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи роль атқарды. Біріншіден, олар толып жатқан нақты ғылыми зерттеулердің іске асуына көмектесті, екіншіден, ғылының танымның құрылысын дұрыс анықтауға жол ашты. Оның құрылымы екі этажды үйге ұқсас екенін көрсетті. Теориямен аймалысатын "жоғарғы этаж" эмпирикалық "төменгі" этаждың үстінде тұрғанымен, бірақ бірінші этажсыз ол төмен құлап түсер еді, ал, керісінше, екінші этажсыз үй салынып біткен құрылыс болып есептелмес еді. Бұл қарапайым теңеуден келіп шығатын қорытынды: ғылыми фактілерді жинап беретін индукциясыз дедукциялық өдіс ақиқат теориялы қорытынды жасай алмас еді, ал дедукциялық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер еді. Сондықтан қазіргі заманғы ғылыми танымда бүл екі өдіс өзара бірін-бірі толықтыра отырып, диалетикалық бірлікте қолданылады.
Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің стандартты құрылыс моделі, шамамен, мынадай тізбек түрінде іске асады: тәжірибелік (эмпириктік) фактіні анықтау — алғашқы эмпирикалық қорытынды — бұл қорытындыға сәйкес келмейтін фактілерді іздеу, табу — жаңаша түсіндіру схемасы бар теориялық гипотеза (жорамал) ұсыну— байқалған барлық фактілердің негізінде құрылған гипотезадан логикалық қорытынды шығару (дедукция). Ал бұл соңғы ақиқат геориялық қорытынды болуы тиіс, өйткені расталған гипотеза теориялық заңға айналады. Ғылыми білімнің мұндай моделі гипотетикалық-дедукциялық деп аталады. Қазіргі заманғы ғылыми танымның кепшілігі дәл осы тәсілмен құрылады.
Танымның (білімнің) ғылымилығының критерийі
Теория шындық дүниенің белгілі бір саласындағы заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастары жайлы біртұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы. Ол теория ғылыми болуы үшін ақиқат болуы тиіс, алайда, ақиқат білімнің бәрі бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті тұрмыстық білімдер ақиқатты білдіргенімен, бірақ теориялық білімге жатпайды.
Білімнің ғылымилығын көрсететін критерийі (өлшеуіші) не? — деген сұраққа ең алдымен — практика деп жауап беруіміз керек, өйткені, таным процесінің негізі, мақсаты — практикалық қызмет. Ғылыми білім ең алдымен практикалық қызметке, материалдық игіліктер өндіру ісіне қызмет етеді, олай болса, ғылыми білімнің ақиқаттығының, оның ғылымилығының бірінші билшеуіші, критерийі практика болып табылады.
Бірақ білімнің бәрі бірдей сезім мүшелерімен тікелей қабылдау немесе эксперимент арқылы тексеріле бермейді. Ғылыми білімнің көпшілігі басқа жолмен қорытылып шығарылады және ақиқаттығы, ғылымилығы анықталады. Ғылыми білімнің негізгі ерекшеліктері ғылыми зерттеулердің объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, атом ішілік микродүние немесе галактикадағы мегадүние құбылыстарын және т.б. көптеген процестерді күнделікті тәжірибеде немесе өндірісте қолдану арқылы тексеру мүмкін емес. Ғылым ондай білімдердің ғылымилығын негіздеудіц басқа айрықша әдістәсілдерін қалыптастырды — ол қайсыбір білімдердің ақиқаттығын ақиқаттығы бұрын негізделген басқа білімдерден қорытып шығарып негіздеу жолы, одісі. Білімді қорытып шығарудың бұл логикалық әдіс-тәсілдері бір білімнің акиқаттығынан екінші білімнің ақиқаттығын негіздеуді ғана қамтамасыз етпейді, сондай-ақ оларды бір-бірімен байланыстырып, біржүйеге келтіреді. Соңдықтан, білімдердің жүйелілігі мен негізділігі — ғылыми білімді күнделікті тұрмыстық білімдерден айырып тұратын басты мәнді белгілерінің бірі.
Ғылым тарихында жалган ғылыми идеяларды нағыз ғылымнан айыра білу үшін бірнеше принциптер тұжырымдалған. Солардың бірі верификация принципі деп аталады. Латынша verificatio — дәлелдеу, растау деген сөзден шыққан бұл принцип бойынша қандай бір ұғым, пікір болмасын тікелей тәжірибеде расталса ғана, яғни эмпирикалық жағынам тексеруге болса ғана ақиқат деп мойындауға болады, ал егер тәжірибеде тексеруге болмаса, онда ол ақиқат болмағаны.
Верификация принципі ғылыми білімді ғылымға жат, жалған білімдерден бірдеи айыруға мүмкіндік бергенімен, бірақ таза теориялық идеялардан тұратын ғылыми білімдер үшін оның пайдасы жоқ. Мұндай жағдайда білімнін, ғылымилығын негіздеу үшін XX ғасырдағы ірі ағылшын
философы К.Поппер бекерлеу принципі дегенді ұсынды. Бұл принцип бойынша тек логикалық жағынан бекерлеуге болатын білімді ғана ғылыми деп тануға болады. Мәселен, ағаш басынан жерге қанша алма үзіліп түссе де ол дүниежүзілік тартылыс заңының ақиқаттығын толық дәлелдеуге жеткілікті негіз бола алмайды, ал үзілген алманың біреуі ғана жерге түспей, әрі қарай аспанға ұшып кетсе болғаны, мұның өзі ол заңның жалғандығын көрсетеді дейді "бекерлеу принципі". Сондықтан теорияның ақиқаттығы мен ғылымилығын дәлелдеуде ол теорияның бекерлеу әрекеті мүмкіндігінше негізді болуын талап етеді,- дейді Поппер. бекерлеуге болмайтын теория ғылыми болмайды. Мәселен, дүниені құдай жаратқандығы жайлы теорияны бекерлеу мүмкін емес, олай болса, ол ғылыми емес. Білімнің ғылымилығына бұлайша қараудың бір тәуір жағы да бар: кез келген білімге өзгермейтін абсолютті ақиқат деп қарауға болмайтынын, оған сын көзбен қарау қажеттігін білдіреді. Білім тарихи өзгермелі, ақиқат салыстырмалы екендігін мойындай отырып, ғалымдар сонымен бірге нағыз ғылымды ғылымға жат ілімдерден айыру онша қиын еместігін, ол үшін ғылымилықтың белгілі бір өлшемі мен нормасы, ғылыми ойлаудың ішкі бірлігін білдіретін тұрақты ережелері болуын атап көрсетеді. Ертедегі Греция заманынан бері қарай қалыптасқан ғылыми ойлаудың осындай нормасы — рационализм деп аталатын дүниетану әдісі. Ойлаудың рационалдық әдісі бойынша, ғылыми білім мынадай методологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс:
а) жалпылық, яғии нақты уақыт, орын, субъект т.б. жекеше фактілерге тәуелсіздік;
ә) қайшылықсыздық немесе дәйектілк (бұларды білімдер жүйесін тұжырымдайтын дедукциялық ойлау тәсілі қамтамасыз етеді);
б) түсіндіру әдіс-тәсілдерінің қарапайымдығы;
в) алдын ала болжау күшінің болуы.
Кез келген білімнің ғылымилық деңгейін көрсететін ең жалпы талаптар (анықтауыш нормалар) міне осылар.
Ғылыми эволюция
Білімнің ғылымилығының Аристотель белгілеген нормалары (өлшемдері), түсіндіру мен негіздеудің үлгілері ғылымда мың жылдан астам уақыт бойы бұлжытпай пайдаланылып келді, ал көпшілігі (мәселен, формальді логиканың зандары) бүгінге дейін қолданылып келеді.
Әлем кеңістігі жайлы геоцентрлік ілімнің жүйесі дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы) жайлы антик заманындағы түсініктің маңызды бір белігі болды. Сол дәуірдің геоцентризмі тікелей қабылданушы фактілердің "табиғи" суреттемесі болған жоқ, ол — белгісіздікке жасалған қиын" да батыл қадам еді, өйткені космос құрылысының қайшылықсыз түсіндірмесін жасау үшін аспан әлемінің бізге көрінетін жарты шарына ұқсас Жердің көрінбейтін қарсы бетінде де жарты шарлық космос болуы мүмкін деп жорамалдауға тура келді. Геоцентрлік көзқарас әрине кейін дұрыс болмай шықты, бірақ ол өз кезінде бірінші ғылыми революцияның маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылды.
Екінші ғылыми революция ХУІ-ХУІІІ ғасырларда жүзеге асты. Оның бастамасын құрған дүниенің геоцентрлік түсінігінен гелиоцентрлік түсінігіне өту болды. Бұл дүниенің, ғылыми көрінісінің ауысуының ең көрнекті белгісі екені сөзсіз, бірақ ол сол дәуірдс ғылымда болған түбірлі өзгерістердің мәнін толық көрсете алмайды. Ол өзгерістің жалпы мәні әдетте "классикалық жаратылыстанудың қалыптасуы" ұғымымен анықталады. Бұл ғылыми төңкерістің бастамасын салған ғалымдардың қатарына Н.Коперник, Г.Галилей, И.Кеплер, И. Ньютон т.б. жатады.
Бұлар жасаған жаңа ғылымның антик заманы ғылымынан түбірлі айырмашылығы неде?
Классикалық жаратылыстану, біріншіден, математика тілімен "сөйлейтін" болды. Егер антик заманының ғылымы жер бетінің құбылыстарын тек сапалық жағынан ғана түсіндіру мүмкін деп есептеген болса, ал жаңа жаратылыстану жердей денелерді объективтік сандық қатынастары (формасы, мөлшері, массасы, қозғалысы) жағынан сипаттап, қатаң математикалық заңдылықтармен түсіндірді.
Екіншіден, европалық жаңа ғылым сондай-ақ құбылыстарды зерттеудің күшті экспериментальды (тәжірибелік) әдісіне арқа сүйеді. Бұл табиғат құбылыстарын зерттейді жай енжар бақылауға негіздемей, белсемді іс-әрекет үстінде жүргізу қажеттігін көрсетті.
Үшіншіден, классикалық жаратылыстану антик заманының космос жайлы қатып-семіп қалған, мәңгі өзгермейтін түсінігіне қарсы аянбай күресін, оның жалғандығын дәлелдеді.
Классикалық жаратылыстанудың, одан қалды бүкіл Жаңа заман ғылымының бұлжымас негізі механика деп саналды. Сөйтіп, табиғат жайлы білімнің бәрін механиканың негізгі зандарымен түсіндіріп, дүниенің таза механистік көрінісі жасалды. Бұл жаңа заман ғылымының басты бір (төртінші) айырмашылығы болды. Осылардың негізінде ғылыми білімнің механикалық өлшемі қалыптасты: ғылыми білім, яғни табиғаттын танымдық бейнесі ешқашан өзгермейтін, тек кейбір жақтарын ғана шамалы түзетуге болатын абсолюттік ақиқат болуы тиіс.
Шартты түрде нютондық деп аталған екінші ғылыми революцияның ерекшеліктері міне осындай. Солардың нәтижесінде, экспериментальды-математикалық жаратылыстанудың негізінде, дүниенің механикалық ғылыми көріиісі (картинасы) қалыптасты. Осы екінші революцияның аумағында ғылым XIX ғ. аяғына дейін дамып келді. Осы аралықта түрлі ғылымдарда бірнеше тамаша жаңалықтар ашылды. Мәселен, XIX ғ. орта шенінде энергияның сақталу және айналу заңы тұжырымдалды, тірі организмдердің клеткалық құрылысы ашылды, түрлердің шығуы жайлы Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі жасалды т.т. Дүниенің ғылыми көрінісін негізінен төңкерген үшінші ғылыми революция XIX ғ. мен XX ғ. аралығында болды. Осы кезде физикада бірқатар тамаша жаңалықтар ашылды. Олар — атомның құрылысының күрделілігі, радиоактивтік құбылысы, электромагниттік сәулелердің дискреттік сипаты т.б. И.Нютон негізін қалаған дүниенің механикалық көрінісіне қатты соққы болып тиді — бұл жаңалықтардың дүниеге жаңа көзқарастық маңызы міне осында болды.
Жалпы және арнайы салыстырмалылық теориясы мен кванттық механика теориясы ғылыми білімнің жаңа парадигмасының негізін салған аса маңызды теориялар болып табылды. Бұл екі теорияның біріншісін кеңістік пен уақыттың және тартылыстың жаңа жалпы теориясы деп санауға болады, ал екіншісі микродүниенің заңдарының ықтималдық сипатын ашты және сондай-ақ материяның негізін корпускулярлық-толқындық дуализм құратынын ашып берді. Осы теориялардың тууына байланысты дүниенің жалпы жаратылыстану-ғылыми көрінісі өзгерді. Бұл өзгерістің бұрынғыға ең қарама-қарсы көріністері мына төмендегілер:
1. Ньютондық ғылыми революция әуелбастан-ақ геоцентризмнен гелиоцентризмге өтумен байланысты болған еді, ал Эйнштейн жасаған төңкеріс центризмнің қандайынан болса да бас тарту қажеттігін көрсетті: дүниенің ешқандай центрі (орталығы) жоқ, біздің дүние жайлы кез келген түсінігіміз, оның ішінде дүниенің ғылыми көрінісі жайлы түсініктер де өзгермелі, яғни салыстырмалы екен.
2. Классикалық жаратылыстану бөлшектердің қозғалыс траекториясы, кеңістік пен уақыт жайлы, жайлы себепті байланыстар т.б. жайлы ұғымдар өзгермейтін абсолюттік сипатта деп санаған болса, олар енді микродүние мен мегадүниені түсіндіруге жарамай қалды, сондықтан ол түсініктерді өзгертуге тура келді. Сол себепті дүниенің жаңа көрінісі теориясы кеңістік, уақыт себептілік, үздіксіздік сияқты ұғымдардың мазмұнын қайта түсіндірді деуге болады.
3. Дүниенің жаратылыстану-ғылыми көрінісінің өзі жайлы өз "түсінгі" де өзгерді: дүниенің бірден-бір ақиқат, абсолютті дөл көрінісін ешқашан жасауға болмайтыны анықталды. Дүние көріністерінің кез келгені тек салыстырмалы ақиқат қана бола алады.
Сөйтіп, жаратылыстанудағы үшінші түбірлі революиия, бұрынғы белгілі теорияларға қарағанда, мүлдем жаңа фундаментальды теориялар — салыстырмалылық және кванттық механика теорияларының тууымен байланысты іске асты. Ол теориялардың орнығуы бүкіл жаратылыстанудың теориялық-методологиялық бағытын өзгертті. Кейінірек, дүниенің классикалық емес ғылыми көрінісі орныққан соң, жеке ғылымдарда мини-революциялар (кіші революциялар) болды — астрономияда, биологияда (генетиканың тууы) т.б. жаңалықтар ашылды.
Қорыта айтқанда, үш ірі ғылыми революция ғылымның даму тарихындағы үш үзақ стадиясын анықтап, олардың әрқайсысына сәйкес дүниенің жалпы ғылымдық көрінісін жасап берді Бұл, әрине, ғылым үшін маңыздысы ірі революциялық төңкерістер ғана деген сөз емес. Ғылымның эволюциялық даму кезендерінде де жеке ғылымдарда ғылыми жаңалықтар ашылып, кіші революциялар деп аталатын өзгерістер болып тұрады, жаңа теориялар мен әдіс-тәсілдер жасалады. Алайда, дүниенің ғылыми көрінісінің ұзақ уақыттық жалпы бейнесін анықтап беретін фундаментальды ғылымдардың негізілің өзгерісіне байланысты революциялық төңкерістер екені сөзсіз.
Ғылыми революциялардың маңызы мен ролін анықтап беретін тағы бір құбылыс — ғылым дамуының барған сайын жылдамдай түсуі. Мәселен, аристотельдік ғылыми революция мен ньютондық революциянын, аралық мерзімі екі мың жылдай болған болса, Эйнштейн революциясы мен Ньютондық революцияның арасы 200 жылға созылды. Ал одан кейін 100 жыл өтпей жатып, қазір, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, ғылымда жаңа революциялық өзгеріс пісіп жетілген сияқты. Евді бір зерттеушілер ондай революция қазірдің өзінде-ақ жүріп жатыр дегенді айтады. Солай ма, әлде олай емес пе, ол олі талас пікір.
Тағы бір айта кететін жағдай, ғылымдағы революциялық төңкеріс бұрынғы жетістіктерді түкке жаратпай тастамайтыны, қайта ғылыми білімдердің дамуында сабақтастық байланыс болатынын ескеру қажет. Шынында да кез келген жаңа теория өзінен бұрынғы теорияны түгелдей жоққа шығармайды, қайта оның дұрыс жақтарын пайдалана отырып, ғылымды ілгері дамыта алады. Ескі мен жаңаның, революция мен эволюцияның бұл диалектикалық бірлігі ғылым дамуындагы үздіксіздік пен үзілістікті көрсететін заңдылық болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазіргі заман жаратылыстану
Достарыңызбен бөлісу: |