Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет160/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
сынай келіп, олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық ерекшелікке
тоқталғанын дұрыс емес деп тауып, сөйлем мүшелерін 
топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа алады» [1, 36 б.].
Міні, осы еңбегінде автор жоғарыда атап өткендей сөйлем 
мүшелерін бөліп қарап, көбіне тұрлаусыз сөйлем мүшелері жайлы 
көптеген жаңашыл ойларымен бөлісіп, тұжырымдар жасап өткен.
Сөйлем мүшелерінің зерттелуі қаншалықты маңызға ие болса, 
оның оқытылуы одан да зор мәнге ие екендігі бесенеден белгілі. Сол 
жолда Хасен Арғыновтың «Қазақ тілі синтаксисі методикасының 
негіздері» атты 1969 жылы жарық көрген еңбегінде былай деп 
жазылған: 
«Сөйлем мүшесі жайында жалпы түсінік бергенде, оның 
сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай тұрлаулы және тұрлаусыз 
болып өз ара жіктелетінін тек атап қана өттік. Ал енді тұрлаулы, 
тұрлаусыз мүшелер жайында жан-жақты олардың өзіндік белгілері 
мен анықтамасын саналы меңгеру керек» [ 2, 151 б.], – дейді.
Арғыновтың синтаксисті мектепте оқыту жөнінде жазған 
еңбектері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге берген анықтамалары 
қайран қалдырмай қоймайды. Әсіресе, назарымызды елең еткізгені, 
әр сөйлем мүшесін қандай әдіспен оқытып, қандай тапсырма беру 
арқылы жеңіл түсіндіруге болатынын, ол аз болса, әр сөйлем мүшесінің 
мән-мағынасын, атқарар қызметін түсіндіруде алдына жан салмаған.
Тоқсан ауыз сөзімізді түйіндей келе, көңіл көкжиегіне кептетілген 
дүниелерді кестелей тізе отырып, сөйлем мүшелері мәселесіндегі 
зерттеу жұмыстарын қарастырып, алдағы уақытта қорғалар 
дипломдық жұмысыма да қажетті көптеген материалдарға ұшырастым. 
Қайнар бастауында тұрған Ахмет Байтұрсыновтардың мағынасына 
қара жасаған жіктеуіне байланысты, жоғарыда көрсеткен Хасен 
Арғыновтың сөзі, яғни қатқан қағидаға байланып қалмай, сөйлем 
мүшелерінің анықтамасын айқын түсіну зерттеуде де, оқытуда да 
басты мұрат екенін ескергеніміз жөн. Ғылыми шындық – тартыс, 
талас, ұсыныстың негізінде бой көрсететін құбылыс. Әр тұжырым 
егжей-тегжейлі зерттеулерді талап ететіні сөзсіз. Сол себепті сөйлем 
мүшелерінің кешегі зерттелуі мен бүгінгі оқытылуы хақында әлі де 
талай мақала жазуға болатыны ақиқат.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 https://emirsaba.org/talfat-sajrambaev.html?page=3 
2 Хасен.А. Қазақ тілі синтаксисі педогогикасының негіздері. 
Алматы: «Мектеп», 1969. – 294 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет