«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
көтерілгенін байқау қиын емес. Мәселен, ғалым ауыз әдебиетін
4 түрге бөліп, оларға:
1) сыршылдық салт өлеңдері;
2) әңгімелі өлеңдер;
3) айтыс-тақпақ;
4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ деп категориялық түсініктер
қалыптастырған.
Ғалымның бұл еңбегі қазақ халық ауыз әдебиетінде еш ескерусіз
қала алмайды. Мәселен, М. Әуезовтің ғылыми мұраларын, оның
фольклорды зерттеу тарихын екшелей зерттеген Ә. Молдаханов:
«Қазақ эпосы мен фольклорын тұтас түрде зерттеудегі тұңғыш
тәжірибе, автордың осы саладағы алғашқы ізденістері ғана емес,
болашақтағы қазақ фольклортану ғылымындағы іргелі зерттеулерінің
іргетасы деп атауға толық тұрарлық еңбек» [6, 13 б.], – деп жоғары
бағалайды. Ал Б. Әзірбаева бұл еңбек туралы мынадай қорытынды
жасайды: «Әдебиет тарихы» – қоғамдық ой-сананы сілкінтіп, қалың
ұйқыдан оятатын, ғылымның саналуан салаларына бағыт-бағдар
беретін, мәдениетіміз үшін аса маңызды, қазақ фольклоры мен ақын,
жыраулар поэзиясын зерттеуге арналған алғашқы монографиялық
еңбек. Бұл зерттеуінде автор қазақ халқының өткен тарихы мен
мәдениеті хақында, ұлттық фольклорымыздың жанрлық жүйесі
туралы ойларын білдіріп қана қоймай, халық сөз өнерінің кейбір
үлгілері мен біршама репрезентативті жанрларына анықтама беріп,
терең талдаулар жасайды. Сондай-ақ, ақын, жыраулардың ауызша
шығармашылығын қазіргі жазба әдебиеттің бастауы деп білген
автор «зар заман» поэзиясын алғаш болып әдебиет тарихына енгізіп
зерттейді» [7, 27 б.].
Қорытындылай келе, М. Әуезов қазақ ғылымында алғаш болып
фольклордың табиғатын саралап, тектік параметрлерін анықтады,
оның жазба әдебиеттен айырмаларын, өзгешелігін көрсетіп берді,
кейінгі барлық дерлік жіктеулерге негіз болған классификациясын
ұсынды; фольклордың репрезентативті жанрларын зерттеп,
жанрлық ерекшеліктерін анықтады, генезисі мен шығу уақытын
мөлшерледі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қазақ фольклористикасының тарихы: (революцияға дейінгі
кезең). – Алматы: Ғылым, 1988. – 432 б.
2 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.
– Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 3-том: Мақалалар,
әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1929. – 424 б.
3 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.
– Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 2-том: Мақалалар,
әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1929. – 480 б.
4 Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы,
«Ел-шежіре», 2007. 5-том. - 344 бет.
5 Молдаханов Ә. Мұхтар Әуезов және фольклортану
проблемалары (ғылыми зерттеулері мен көркем шығармалары
негізінде). Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы,
1998. – 51 бет.
6 XV ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ: XV халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы, 2018. - 354 бет.
7 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.
– Алматы: «Дәуір», «Жібек жолы», 2014. 4-том: Мақалалар,
әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1929. – 456 б.
Достарыңызбен бөлісу: |