Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Жас өлкетанушылар»
Өлкетану үйірмесінің жұмыс жоспары
2022-2023 оқу жылы
Түсіндірме жазба
Соңғы уақытта оқу және сабақтан тыс жұмыста өлкетану рөлі ұдайы өсуде.Өсудің оң үрдісі мектеп білімінің ұлттық – аймақттық компонентін енгізуге байланысты.
Тарихи өлкетану бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар оқушылардың Отанға, өз жеріне, туған үйіне деген сүйіспеншілігін дамытуға ықпал етеді.
Өлкетану – әрдайым көрікті. С.О.Шмидт бұл жағлдайды келесі түрде ашады: «өлкетану біздің тарихымызға, туған жерге деген құрмет сезімін оятады және қызығушылық тудырады….
Тарих бұл адамдардың тарихы, адамның тамыры – өз отбасының, өз халқының, туған өлкенің және елдің тарихы мен дәстүрлерінде. Тарихи процесс барысында ұрпақтан – ұрпаққа мәңгілік, ескерілмейтін құндылықтар: еңбекқорлық, адалдық, әділдік, ұлттық қадір – қасиетін сезу, аға ұрпаққа құрмет, борыш, қайырымдылық.
Өлкетану сабағы жастарға ел Конституциясына енгізілген маңызды нормалардың мәнін тереңірек түсіндіруге көмектеседі: «әркім тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті». Әркім табиғат пен қоршаған ортаны сақтауға, табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».
Өлкетану мектеп тәрбиеленушілерінің әлеуметтік бейімделуі міндеттерін шешуге, олардың өз ауылында, ауданында, өлкесінде, республикада өмір сүруге және еңбек етуге дайындығын қалыптастыруға , олардың дамуына, әлеуметтік – экономикалық және мәдени жаңаруына қатысуға мүмкіндік береді.Бұл біздің заманымыздың мөзекті әлеуметтік – педагогикалық міндеттерінің бірі.
Рудный қаласының әр бұрышында табиғи ерекшеліктері, тарихи және мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері бар, ол адамның туған өлкесіне деген қызығушылығы мен байлығын, оның патриоттық сезімдерін, тарихи санасын, әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын феноменді құрайды.Өз туған өлкеңді жақсы білуге, оның табиғатының, тарихы мен мәдениетінің ерекшеліктерін терең түсінуге және олардың елдің, әлемнің табиғатымен, тарихымен және мәдениетімен өзара байланысын түсінуге, жасампаздық қызметке қатысуға, өзінің жеке қабілеттерін дамытуға көмектесу – бұл «Өлкетану» үйірмесінің негізгі мағынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |