«ЖАС ПОЛИГЛОТ»
(ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС)
Мақсаттары:
|
1) логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;
2) оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту;
3) жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбилеу;
|
Құрал-жабдықтар:
|
Интербелсенді тақта, сценарий, бағалау парақтары, сыйлықтар, мадақтамалар мен сертификаттар, есеп
шығаруға арналған парақтар.
|
Жүргізуші:
Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі «Жас полиглот» атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз! «Жас полиглот» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар:тәрбин ісінің меңгерушісі Айгүл Қожақанқызы, орыс тілі пәні мұғалімі Бақыт Қайырқанқызы және қазақ тілі пәні мұғалімі Риза Мұратайқызы.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын – деп бүгінгі сайысты бастайық.
Көңіл қойып, қатысыңыздар.
Ендеше, бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1 кезең:Мәнерлеп оқу
2 кезең:Кім жылдам
3 кезең:Тіл өнер
4 кезең:Бәйге
5 кезең:Сөз мәйегі
Жүргізуші:
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!
«Таныстыру». Әрбір топ өздерін таныстырады.(топ аты, ұраны)
Бірінші тур «Әр сыныптан бір оқушы кез-келген ақынның өлең шумағын жаттап, мәнерлеп оқып беруі қажет» 5 ұпаймен бағаланады.
Екінші тур «Кім жылдам?».
Жүргізуші:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз «Кім жылдам?» сайысына кезек береміз.
Жүргізуші: Осы турда жұмбақты шешіп, оның жауабын үш тілде айтып шығу керек (қазақша-орысша-ағылшынша). Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
Екінші тур «Кім жылдам?».
Шай тәтті болуы үшін не қосады?
|
Достарыңызбен бөлісу: |