Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет18/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Жұбаева монография
Авакова фразеосемантика, символдар Анесовой У.
Векторлық ұстаным бойынша:

  • амал-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болып өткенін;

  • іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен біршама уақыт бұрын болғандығын;

  • амал-әрекеттің сөйлеу сәтіне жақын аралықта болып өткенін де;

Модальдық ұстаным бойынша:

  • амал-әрекеттің (бірінші жақта жіктеліп қолданылғанда) анық, айқын болғандығын;

  • үшінші жақта жіктеліп қолданылғанда амал-әрекеттің болып өткендігіне субъектінің сенімсіздігін;

Аспектілік ұстаным бойынша:

  • үшінші жақта жіктеліп қолданылғанда амал-әрекеттің жалпы түрде болып өткендігін т.б. [118].

Яғни давнопрошедшее время атауына амал-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болып өткені; іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен біршама уақыт бұрын болғандығы негіз болса, прошедшее повествовательное (предварительное) (П.М.Мелиоранский, И.Лаптев) атауына амал-әрекеттің жалпы түрде болып өткендігі негіз болғанын көреміз.
Сонымен қатар А.Байтұрсынұлының өткен шақты өз ішінен баяғылық (-ған екен) және бұрынғылық (-ушы еді) деп жіктейді. Қ.Кемеңгерұлы өткен шақтың түрлі реңктерін, атап айтқанда, іс-әрекет, қимылдың өте ертеде болуы не жуық арада өтуі, сөйлеушінің оған қатысы, қимылдың өткен шақта тұрақты, қалыпты түрде өткізіліп тұруы т.с.с. мәндерін көрсеткен.


Қ.Кемеңгерұлының өткен шақты жіктеуі



Прежде-прошедшее
1-ое

Действие которое совершилось прежде

Ол сұрап еді

Прежде-прошедшее
2-ое




Ол сұраған еді

Прошедшее постоянное

а) действие которое совершилось обыкновенно по обычаю и по привычке

Ол қойын бағушы еді – он обыкновенно пас своих баранов

Давно прошедшее

Действие или состояние давно происходившее

Жоғалтқам –жоғалтқанмын – жоғалтқамын – я давно потерял

Прошедшее не определенное

а) действие или состояние, время совершения которого точно неизвестно по давности или по неопределенности

Сен келіпсін – (когда-то) ты приходил

Қ.Жұбановтың өткен шақты танып, түсіндіруінде де елеулі өзгешеліктер байқалады:


Өткен шақ:
1. Айғақ өңді өткен шақ: жазыпты
2. Аулақ өңді өткен шақ: жазған
3. Мойындау өңді өткен шақ: жазған шығар
4. Күмән өңді: жазған шығар
5. Айғақ баяғылық: жазған екен
6. Аулақ баяғылық: жазған екен
7. Әдетше баяғылық: барушы еді, баратын еді
8. Опық баяғылық: баратын еді
9. Арман баяғылық: бармас па едім [2].
Қ.Жұбанов өткен шақты тануда амалдың ертеректе не жуық арада өткенін, сөйлеушінің іс-әрекетті өз көзімен көргендей етіп жеткізуін немесе басқа біреудің айтқанына сүйеніп қана айтып отырғанын, сол сияқты қимылдың бұрынғы кезде бірнеше рет қайталанғанын, яғни әдетке айналған іс-әрекет екенін т.с.с. ескеріп, соған байланысты өткен шақ түрлеріне өзінше ат берген. Ғалым өткен шақты тануда амалдың, қимыл-әрекеттің ертеректе не одан бұрын жасалуын негіз етіп алады. Сонымен қатар ғалымның оларды өз ішінен айғақ өңді өткен шақ (-ып), айғақ баяғылық өткен шақ (-ып еді), аулақ өңді өткен шақ (-ған), аулақ баяғылық өткен шақ (-ған екен) деп топтастыруы, яғни сөйлеушінің іс-әрекетке қатысын, яғни субъект өзі істің басында болғандай, өз көзімен көргендей баяндауына немесе өзі басы-қасында болмай, басқа біреудің айтқанына немесе басқа мәліметтерге сүйеніп айтуына қарай жіктеген. Қ.Жұбанов -ушы еді, -атын еді формаларын өткен шақта дағдылы, қалыпты түрде орындалып тұрған іс-әрекет, қимылды білдіретінін ескеріп, өткен шақтың бір түрі ретінде көрсетіп, «әдетше баяғылық» деп атайды. Негізгі мағынасы өткен уақыттағы дағдылы, әдетке айналған қимылды білдіру болғандықтан, ғалым -ушы еді, -атын еді көрсеткіштерін өткен шақ қатарында береді. Г.О.Сулеева -ушы еді және -атын еді формаларының мәндерін салыстыра келіп‚ былай дейді: «Семантика формы на -ушы/-уші еді идентична таковой на -атын. Иными словами, она имеет значение продолжительного процесса, характерного для данного лица или предмета, возникающего на базе общего значения незаконченности действия в прошлом... Обе эти формы по значению смыкаются как между собой, так и с формами неопределенного имперфекта» [130, 44-б.].
І.Кеңесбаев өткен шақты «простое прошедшее, давнопрошедшее І, ІІ, ІІІ, прошедшее переходное» түрінде саралайды. Ғалым бұрынғы уақытта әдет болған, дағдылы қимылды білдіретін -ушы еді, -атын еді қосымшаларын -п еді, -ған еді формаларымен қатар бұрынғы өткен шақ (давнопрошедшее ІІІ) түрінде сипаттаған. Алайда бұл көрсеткіштердің біраз ерекшеліктері бар: келіп еді, келген еді деген тіркестерде келу қимылы бір-ақ рет болғанын білдірсе, келетін еді, келуші еді десек, келу қимылы бір рет емес, бірнеше рет, дағдылы түрде болғанын, әдетке айналған амал-әрекетті білдіреді.
С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев оқулықтарында -п еді, -ған еді, -ушы еді, -атын еді көрсеткіштері мүлде берілмеген. Аталған ғалымдар өткен шақты өз ішінен жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ, бұрынғы өткен шақ деп жіктейді де, бұрынғы өткен шақ көрсеткіштері ретінде -ған, -ып жұрнақтарын ғана атайды.
Бұрынғы өткен шақ көрсеткіштері (-ған/-ген) барлық зерттеушілерде кездесетінін байқаймыз. Оның атауы, негізінен, бәрінде бірдей. «Современный казахский язык» оқулығында ғана бұрынғы өткен шақ көрсеткіштеріне -ып/-іп жұрнақтарын атап, -ған/-ген қосымшасымен келген тұлғаны обычное прошедшее деп берілген. «Қазақ тілінің грамматикасы», Ғ.Әбуханов «Қазақ тілі», М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Құлкенова «Қазіргі қазақ әдеби тілі» сияқты еңбектерде бұрынғы өткен шақ көрсеткіштерінің қатарында -ған/-ген жұрнақтарынан басқа -ған еді, -п еді түрін де атайды. Ы.Маманов -ған еді, -ып еді формаларын бұрынғы өткен шақ құрамында қарастырмай, қатысты өткен шақ қатарында таниды.
А.Жаңабекова уақытты қатыстық тұрғыдан ғана сипаттауға болатынын, тілдік уақыт та қатыстық уақытқа жататынын айта келіп былай дейді: «Темпоралдылық – актуалданған категориялардың межелі типіне жататын векторлық категория; сөйлеу сәті – шақтық меженің орталығы және шақтық қатынастардың негізгі бастау нүктесі болып табылады; бастау нүкте (точка отсчета) шақ (темпоралдылық) категориясын межелі категория деп атаудың негізгі критерийі. Бастау нүкте шақ түрлерінің анықтағышы, ол осы анықтағыштық сипатына сәйкес шақтық дейктикалық орталық болады. Шақтық дейктикалық орталыққа тілдік емес сөйлеу сәтімен қоса басқа да бастау нүктелер, яғни екіншілік шақтық межелер де енеді; сөйлеу сәті дейктикалық орталық болу қызметін атқарып тұрса, шақ абсолютті болады да, дейктикалық орталық болу қызметі сөйлеп тұрған уақыттағыдан басқа екінші бір қимылдың өту мерзімі атқарса, онда ол қатыстық шақ болады» [118]. Яғни Ы.Мамановтың -ған еді, -ып еді тұлғаларын қатыстық өткен шақ ретінде тануын [131] өткен шақтың бұл тұлғаларында «дейктикалық орталық болу қызметі сөйлеп тұрған уақыттағыдан басқа екінші бір қимылдың өту мерзімі атқаруына» байланысты түсіндіруге болады. Ғалым дағдылы өткен шақты: «қимыл иесінің ертеде дағдысына айналған іс-әрекетін, қимылын білдіретін етістік формасы»‚ – деп сипаттайды [76, 132-б.]. Сонымен қатар «Современный казахский язык», М.Оразов [132, 286-б.], М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Құлкенова «Қазіргі қазақ әдеби тілі» [126] т.б. еңбектерінде де -шы еді, -атын еді көрсеткіштері дағдылы өткен шақ ретінде берілген. Т.Қордабаев [133], А.Ысқақов [78] еңбектерінде өткен шақтың бұл түрі жеке сараланбай, айғақты (анық) өткен шақ көрсеткіштерінің қатарында түсіндіріледі. Аталған ғалымдар өткен шақты өз ішінен айғақты (анық) және айғақсыз (танық) деп жіктейді де, айғақты өткен шақ түрлеріне –атын‚ -ған‚ -ған еді‚ -п еді‚ -ушы еді көрсеткіштерін атайды. Ал айғақсыз немесе танық өткен шақ түрлеріне -ып‚ -ған екен‚ -ады екен көрсеткіштерімен қатар -са керек‚ есімше + шығар, сияқты, білем, тәрізді, көрінеді сияқты формаларды қосады. Бұл көрсеткіштерді Қ.Неталиева бұрынғы өткен шақ қатарында түсіндірген [134]. Ал басқа ғалымдарда өткен шақтың мағыналық топтарының ішінде бұл көрсеткіштер кездеспейді. Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалив Ы.Маманов, Ғ.Әбуханов, М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Құлкенова оқулықтарында -ып/-іп/-п жұрнақты өткен шақ түрі ежелгі өткен шақ деп аталған. Өткен шақтың бұл түрі туралы Т.Қордабаев былай деп жазады: «Өткен шақтық көсемше етістіктер, біріншіден, баяғыда болған, қазір ұмытыла бастаған ертегілерде көбірек қолданылса, екіншіден, іс-әрекеттің басы-қасында айтушының өзі болмағандығын, оны басқа біреулерден есту арқылы білгендігін немесе іс-әрекеттің қашан, қалай болғандығын өзінің ұмытқанын, есінен шығып кеткенін байқату үшін де қолданылады» [133, 79-б.]. Т.Қордабаев өткен шақты айғақты, айғақсыз өткен шақ деп бөледі. Ғалым айтушы я жазушы іс-әрекеттің болған-болмағанына өз көзі әбден жететіндей, өзі соның басы-қасында болғандай сеніммен айғақ бола сөйлеген өткен шақтың түрін айғақты өткен шақ деп атап, оны өз ішінен айғақты өткен шақтың жедел түрі (-ды/-ді) және айғақты өткен шақтың бұрынғы түрі (-ған/ -ген, -атын/ -етін, -ушы/-уші) деп топтастырады. Ғалым өткен шақтың бұл түрінің өзіндік ерекшелігін былайша сипаттайды: «Мұндағы әңгіменің түйіні, іс-әрекет, жай-күйлердің болу мезгілінде, көнелігінде ғана емес, сол іс-әрекеттердің қалай болғандығын айтушының өз көзімен көрмегендігінде немесе ұмытқандығында, сондықтан оған өзінің айғақ бола алмайтындығында. Өткен шақтық көсемше формаларының бұл айтылған айғақсыздық мағынасы – оны өткен шақтық есімше формаларынан да, өткен шақтың басқа көрсеткіштерінен де жекелеп танытатын ең басты мағыналық ерекшелігі» деп анықтайды [133, 79-б.]. Ы.Маманов -ып/ -іп тұлғасын ежелгі өткен шақ ретінде танып, оны былайша сипаттайды: «сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болып өткен істі, қимылды өз көзімен көрмей, екінші бір адамның айтуымен, немесе басқа бір жағдай арқылы білсе, осы ежелгі өткен шақ формасында баяндайды» [76, 130-б.]. А.Ысқақов -ып/ -іп тұлғасын танық өткен шаққа жатқызады [78, 323-б.]. Яғни ғалымдар ежелгі, айғақты, анық және айғақсыз, танық өткен шақ түрлерін саралауда сөйлеушінің іс-әрекетке қатысын негізге алған.
А.Жаңабекова -ыпты/ -іпті тұлғасының функционалды мағыналарын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет