1.5 Үйде оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Ғалымдар, әлеуметтік педагогтар, балалар психологы, балаларды үйде оқытатын пән мұғалімдері баланың ұзақ уақыт бойы үйде оқытылуы оның қоғамнан шеттетілуіне, депривациясына, баланың патологиялық тұйықталуына, басқа адамдармен сөйлесуден қашу мен қорқуға алып келеді деп пайымдайды [10,11].
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру оларда тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтармен, ондай қарым-қатынастың аз нәтижелілігімен, сәйкес емес өзін өзі бағалаумен байланысты үнемі табысты болмайды. Егер бала үйде оқытылатын болса, құрдастар ортасынан айырылған балада әлеуметтік маңызды білім, іскерлік, қасиеттерді игеру үшін қолайлы жағдайлар азырақ болады. Үйде оқытылатын балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беру мектебінің мұғалім педагогтарының айтуы бойынша «… біз үйде оқыту формасындағы мүгедек балаларда танымдық қажеттілік қаншалықты жоғары, олар үшін кейде, аптасына бір рет болса да сынып, сабақ жағдайында болу қаншалықты маңызды екенін, оны қаншалықты бағалайтынын көреміз. Алдында балаларға деген қызығушылығы бар ересек адам болып, басқа балалармен оқу жағдайының өзінде үлкен терапиялық әлеует бар ...» [10]. Үйде оқитын балалардың ата-аналары да педагогтардың пікіріне қосылып отыр. Олар сабақтарды тек қана үйде өткізген жағдайда, балаларда әлеуметтік мүгедектікті қоздыру сияқты кері салдары болады деп алаңдаушылық білдіруде. Ата-аналардың айтуынша «мектеп бізге бәрін береді: сөйлесу дағдыларын, тәртіп, ереже, міндеттер нормаларын және т.с.с. Біз үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналары кейде болса да мектепке баруға рұқсат беруін сұраймыз!!!». Р. Валленберг атындағы арнайы педагогика мен психология институты (Санкт-Петербург) ғалымдарының сал ауруы бар балалар мен жасөспірімдерді үйде қашықтықтан оқытуда өзіне және
30
айналадағыларға қарым-қатынасын зерттеу қоршаған адамдармен қажетті және жеткілікті мөлшерде қарым-қатынасқа түскен балаларда мектепке және сыныпқа жағымды көзқарасы басым болатынын көрсетті. 4-кестеде «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша эмпирикалық зерттеудің нәтижелері берілген [11]:
4-кесте. Пікірдің мысалдары.Негізгі (НТ 1) және бақылау (БТ 1) топтарындағы бастауыш мектеп жасындағы балалардың «Құрдастарға қарым-қатынас» және «Мұғалімдер мен мектепке қарым-қатынас» шкаласы
Достарыңызбен бөлісу: |