ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ
Этиологиясы мен патогенезі.
Жедел аппендицит- хирургиялық тәсілмен емделетін аурудың ең жиі кездесетіні. Барлық жедел операциялардың 75-83% аппендэктомия операциясы болады.
Оң жамбас " іріңдеуі " туралы Пирогов та жазған.
Аппендицит дамуы себептері туралы шоғырлану, құрттардың әсері, қан айналымы мен жүйке жүйесінің бұзылыстары, инфекция, нейрорефлекторлы теориялар ұсынылған.
Appendicitis – (грекше) – құрт тәрізді өсіндінің қабынуы.
Аппендицит этиологиясы соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндінің қабынуын көрсетеді.
Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің ұзындығы - 2-26 см. дейін болуы мүмкін. Өте сирек нәресте бұл өсіндісіз тууы мүмкін.
Оның жуандығы (диаметр) 0,3 ден 1,1 см. дейін.
Аппендикс - түбі бітеу түтікше қалта. Ұзын аппендикстің қуысы тар, қысылған, бұралған болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |