111
қозғалатын бөлшектерімен жəне оның жетегімен қосылмайды. Сұйық
сорап бөлшектерінен резиналы диафрагма арқылы бөлінген. Осы
ерекшеліктерімен
сораптардың
спецификалық
қолдану
облысы
анықталады. Диафрагмалы сораптар агрессифті қабат сұйықтарын жəне
құрамында едəуір механикалық қоспалары бар (көбіне
қабаттан келетін
құм) сұйықтарды өндіруге арналған.
Диафрагмалы ұңғымалы сорапты қондырғы ұңғымаға СКҚ тізбегімен
түсірілген батырмалы сорапты агрегаттан, құбырлар жанында жүргізілген
кабельден, жіберу клапанынан, жер
бетінде орналасқан сағалық
арматурадан жəне басқару станциясынан тұрады [8]. Батырылған сорап
агрегатында сору (1) жəне айдау (2) клапандары, диафрагма (3), серіппе (4)
жəне поршень (5) болады. Поршень астында бұрыштық тісті беріліспен (7)
қозғалысқа келетін эксцентрик (6) болады. Төменде электр қозғалтқыш (8)
жəне компенсаторлы диафрагма (9) болады.
Батырмалы агрегат келесі түрде
жұмыс істейді.
Қозғалтқыш білігінің
айналу қозғалысы арқылы бұрыштық
тісті
беріліс
арқылы
эксцентрик
айналдырып
поршеньді
қозғайды.
Поршень эксцентрикке жəне
серіппе
əсерінен жоғары жəне төмен қарай
қозғалады.
Поршень төмен қозғалғанда
поршень үстіндегі кеңістігінде көлем
азайып
диафрагма жиырылады, ал
диафрагманың
жоғарғы
бөлігіндегі
кеңістікте қысым төмендеп сору клапаны
ашылып жұмыс камерасына сұйық
құйылады.
Достарыңызбен бөлісу: