«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»



бет3/6
Дата02.07.2016
өлшемі411 Kb.
#172373
1   2   3   4   5   6

Талшықтардың ұзындығы бойынша орналасу диаграммасын абциссада Li –дің мәнін, ал ординатада Li – дің мәніне сәйкес ni – дің мәнін салып, нүктелердің басын сызықпен қосып құрастырады.

Талшықтардың ұзындығы жіп иіру жүйесін анықтайды ( тарақты, кардты, аппараттық). Иіру өндірісінің машиналарының жұмыс органдардың арақшықтығын өңделетін талшықтардың ұзындығына қарай реттеп қолданады. Талшықтардың ұзындығы үлкен болса, жіптің беріктігі жоғары болады.

5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС



Тақырып: тоқыма жіптердіңжартылай циклды сипаттамаларын анықтау

Жұмыс мақсаты: үзу машиналарының құрылысымен танысу және жіпті сынау тәсілдерін зерделеу

Тапсырма.

  1. Әмебебап РМ-3-1 үзу машинасының құрылысымен танысу және жіпті сынау тәсілін оқып үйрену

  2. Сынақты үлгінің көмегімен жүргізу

  3. Үзу күші бойынша біркелкісіздігін анықтау

Жалпы мағлұматтыр

Жартылай циклды сипаттамалар

Талшықтарды және жіптерді тоқыма өндірісінде өңдегенде немесе эксплуатация кезінде әр түрлі деформациялар ішінде созу деформациясы басым кездеседі. Сондықтан цикл «жүктеу-босату-тынықтыру» толығымен орындалмай, жіпті үзуге дейін созғанда жартылай циклды сипаттамалар алынады. Жартылай циклды сипаттамаларды жалаң қабат жіптер үшін РМ-3-1 және талшықтар үшін ДШ-М динамометрлері қолданылады.

Тоқыма жіптің механикалық қасиетін бағалай үшін келесі көрсеткіштер анықталынады: үзу жүктемесі Рр, үзу кереуі бр, үзілу ұзару lp, ɛp, серпімді модуль Ен, үзу жұмысы Rр.

Абсолютті және салыстырмалы ұзаруы

Талшықтар мен жіптердің сыртқы күш әсерінен белгілі бір деңгейге дейін созылады. Осы өзгерісті абсолютті және салыстырмалы ұзаруы арқылы сипаттайды.



Абсолютті үзілу ұзаруы lp – үлгінің үзілер кезендегі өскен (артқан) ұзындығы.

lp = L1 – L0

мұндағы, L1 – үлгінің үзілер кезіндегі ұзындығы, м;

L0 – үлгінің бастапқы ұзындығы, м.

Салыстырмалы үзілу ұзаруы ɛp, үлгінің үзілер кезендегі өскен (артқан) ұзындығының бастапқы ұзындығына қатынасы. Бұл процентпен есептелінеді:

ɛp = 100 lp/ L0

Үзу күші (разрывное усилие) Рр үлгіге үзуге дейн түсірілген күш (Н ньютон, даН деканьютон, сН сантиньютон, мН1 миллиньютон).

Қондырғыларда жіптердің, талшықтардың үзу салмағы анықталынады. Үзу салмағы жіптер мен талшықтардысозғанда ең жоғарғы сыртқы күш әсерін өлшейтін салмақты айтады. Үзу салмағы жіптер мен талшықтардың жіңішкелігі немесе жуандығы әсерінен біршама уақытқа тұруы мүмкін. Мысалы: бір жіптің сызықтық тығыздығы біркелкі болмайтын болса, оның үзу салмағы ауытқып тұрады. Яғни, үзу салмағы бойынша жіптің беріктігін бір-бірімен салыстыруға болмайды, сондықтан үзу салмағы анықталғаннан кейін міндетті түрде салыстырмалы үзу салмағын есептейді.



Салыстырмалы үзу жүктемесі, Р0

Жіптің көлденең қимасының аудынын анықтау өте қиын болғандықтан, жіптердің қасиеттерін сипаттау үшін үзу кезіндегі Р0 меншікті күш қолданылады. Үзу кезіндегі меншікті күш үзу кезіндегі күштің сызықтық тығыздығына қатынасымен анықталынады:



Р0 = Рр / Т Сн/текс,

мұндағы, Рр –жіпті үзу кезіндегі күш, сН; Т- сыналатын жіптің сызықтық тығыздығы, текс.



Жұмысты жүргізу әдістемесі

Тоқыма жіптерінің жартылай циклды сипаттамаларын келесі әдістермен анықтайды: қарапайым иірімжіптерді үзу, пасмадағы жіпті үзу, буданы үзу (сирек кездеседі). Иірімжіптеді сынау үшін маятникті РМ-3-1 үзу машинасы қолданылады.

РМ-3-1 матникті үзу машинасының кинематикалық сұлбасы көрсетілген. Бұл машинаны (максималды салмағы 3 кг және 0-3000 сН) бірлік жіптерді созу және үзу үшін қолданылады. Берілген үлгінің ұзаруынмаятникті күш өлшегішке береді және оны келесі шкала белдігімен анықтайды:

2 гс-ға дейін көрсетілген бірінші бөлікте 0,12-0,5 кгс;

5 гс-ға дейін көрсететін екінші бөлікте 0,20-1,0кгс;

10 гс-ға дейін көрсететін үшінші бөлікте 0,60-3,0 кгс немесе

2 сН-ға дейін көрсетілген бірінші бөлікте 0-500 сН;

5 сН-ға дейін көрсететін екінші бөлікте 0-1000 сН;

10 сН-ға дейін көрсететін үшінші бөлікте 0-3000 сН.

Маятникте жүк болмаса жіптің беріктігін жоғарға шкаладан табады. Егер маятниктегі жүк 1000 сН болса есептеуді ортаңғы шкалада, ал 3000 сН болса төменгі шкалада есептеуді жүргізеді.

РМ-3-1 үзу машинасындағы жоғары қысқыш, секторға ілінген, салмағы М болатын алмалы-салмалы жүгі (3) бар маятникке (4) қатты, берік бектілген. Маятник қозғалмайтындай бектілген осінің айналасында бұрыла алады.

Үлгінің (10) жоғарға және төменгі (11) қысқыштардың арасына, жоғарғы қысқыштан 500 мм қашықтықта бекітеді. Төменгі қысқышты түсіргенде үлгінің созылуының нәтижесінде сектор (6) сағат тілінің бағытында бұрылады жіне маятник сол жақ бағытқа ауытқиды. Үлгі үзілген моментте маятник жүктеме шкаласының (1) тірегіндегі тістермен (2) ұсталынып қалады. Маятникті күш өлшегіштің бағыттағышы (14) шкалада үлгінің үзу жүктемесінің шамасын көрсетеді.

Сонымен, сынақты бастамас бұрын стандарт бойынша таңдалған жіпке сай келетін жүкті таңдап, оны маятниктің күш өлшеуіш бөлігіне орнатады және қондырғыдаорналасқан батырманы басу арқылы электроқозғағышты іске қосып «Жоғары» батырмасын қосу арқылы төменгі қысқыш жұмыс жағдайына келеді. Машинада сынақты жүргізер алдында қысқыштың түсіру жылдамдығын анықтайды. Жоғарғы және төмен қысқыштың ара қашықтығы сыналанып жіптің түріне және қалыңдығына байланысты өзінің стандарттық интервалынан алынады. Қысқыштардың- ара-қашықтығын 0- ден 500 мм ГОСТ 6611.2-73 қарастырады. Ал, төменгі бөлікті бөлу шкалада 1мм-ге дейін көрсетілген. Шкаладағы ұзару көрсеткішінің жіберілетін қателігі ±1 мм болу керек. Төменгі қысқышқа берілетін жылдамдық 80-800 мм/мин және оны осы аралықта өзгертуге болады.

«Төмен» батырмасы арқылы сыналатын жіпті созып үзілген мезгілде «Стоп» батырмасын басып машинаны тоқтатады. Жңп үзілгенен кейін оның беріктігі мен ұзару көрсеткіштері шкаладан жазып алынады.

Қысқыштар арасындағы жіп үлгісін қиып, таразыда өлшейді жіне нәтижесін кестеге толтырады. Қалған көрсеткіштің барлығын формула бойынша анықтайды.

Төменгі қысқыштың қозғалу жылдамдығы иірімжіп үшін үзілгенге дейін 10 ± 2 сек. Тағайындалынады. Жіпті үзгеннен кейін сынақ нәтижесін 4.2.1 кестеге толтырады.

Кесте 4.2.1 өлшенген және есептелген нәтижені толтыру

Жіп түрі

Сынақ саны

Рр,

сН

lp, мм

ɛр, %

m, үлгі салмағы

Т-текс

Vpр),

%

Ро, сН/

текс

1

2

3

4

5

6

7

8

9























































6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС



Тақырып: Матриалдың созылуының бір циклды сипаттамасын анықтау

Жұмыс мақсаты: материалдың созылуының бір циклды сипаттамаларының анықтауға арналған құралдар мен ідңстемелерді оқып үйрену.

Тапсырма.

  1. Материалдағы үзілу күшінен аз күш түскен кезде материалдың созылу процесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді оқып үйрену.

  2. Материалдың элементарлы үлгісінің әр түрлі бағытта (0,15,30,45,60,75 және 90°С) созу арқылы бір циклды зерттеулер жүргізу.

  3. Созу кезіндегі материалдың деформациясының құрама бөліктерін, тұрақты жүктеме кезіндегі толық деформация бөлігін және материалдың үлгісіндегі жүктеменің нашарлауын анықтау.

Жалпы мағлұматтар

Тоқыма бұйымдар сыртқы күш әсерінентолық бір цикл бойынша «жүктеу-жүктен-демалдыру» сынағында олардың созу деформациясына төзімділігін бір циклды сипаттамамен көрсетеді. Тоқыма бұйымының құрамындағы талшықтар мен жіптердің бойындағы деформациялық өзгерістер релаксациондық процестермен сипатталынады.

Егер де үзу салмағынан төрт есе кем сыртқы күш әсерімен созып ұзақ уақыт демалуға жатқызылатын болса, олардың бойындағы толық деформация үш түрлі құрама деформация бөліктерінен тұрады.

Киімге қолданатын материалдарға азырақ жүктемеәсер етеді. Тігін бұйымдарын дайындауда үзу күшіне 1-2% үзу жүктемесі әсер етеді. Жүктеме және демалыспен кезектесе отырып бұл талпыныстар материалдардың құрылымын бұзып, оның әлсіреуіне әкеліп соғады жіне де тігін бұйымдарының сыртқы көрінісін айтарлықтай нашарлатады. Текстиль материалдарының ерекшелігі жақсы сипатталған релаксационды процесс жіне деформация кезіндегі көрінісі болып табылады. Бұл ерекшелік көбінесе материалдыңөлшемдері менпішіндерінің тұрақтылығы, сондай-ақ, тігін бұйымдарының сапасын анықтайды.

Тігін бұйымдарын дайындау мен пайдалану процестері, жүктеме релаксациясының спиттамалары үлкен мағына береді, өйткені олар созылған материалдарда болатын құрылыстық сипаттама болады. Бұл материалдың құрылысындағы өзгерістер тігін бұйымдарындағы деформациядан кейңнгң бөлшктердің өлшемі мен пішін ұстамдылығын анықтайды.

Текстиль материалдарына үзілу күшінен азырақ күш түскен кездегі деформацияның кернеулік жағдайының өзгеру заңдылығын материалдарға бір циклды зерттеу жұмысын жүргізу арқылы анықтауға болады. Бұл кезде деформация «жүктеу-босату-демалту» циклі бойынша жүргізіледі. Көптеген әдістемелердің ішінен көбінесе келесі әдістемелердің түрлері қолданылады:



  1. Циклдың екі жартысында тұрақты параметр ретінде деформация болады, ал шығу процессінде жүктеме болып табылады.

  2. Циклдың екі жартысында тұрақты параметр ретінде жүктеме, ал өлшем бірілігі ретінде деформация болады.

  3. Бірінші бөлікте тұрақты параметр ретінде деформация, өлшем бірілігі ретінде жүктеме. Ал екінші бөлікте тұрақты параметр жүктеме, ал өлшем бірілігі материалдың деформациясы болып табылады.

Төменгі деформацияны есептеуге жие қолданатын дискретті сипаттамалардың формулалары берілген:

Толық дефомация ɛ, %

ɛ = 100 (L1-L0) / L0



Тез жойылатын (шартты серпімді) деформация ɛ1, %

ɛ1 = 100 (L1-L2) / L0



Баяу немесе жай жойылатын (шартта эластик) деформация ɛ2, %

ɛ2 =100 (L2-L3) / L0



Қалдық (шартты пластикалық) деформация ɛ3, %

ɛ3 =100 (L3-L0) / L0



Тез жойылатын деформациясының бөлігі

∆ ɛ1= ɛ1/ ɛ



Баяу жойылатын деформациясының бөлігі

∆ ɛ2= ɛ2



Қалдық деформациясының бөлігі

∆ ɛ3= ɛ3

мұндағы, L0 – жұмыс бөлігінің алғашқа ұзындығы; L1 – жүктеме салынып соңғы өлшенген үлгінің жұмыс бөлігінің ұзындығы; L2 – жүктеме алынған кездегі жұмыс бөлігінің ұзындығы; L3 – жүктеме алынған деформацияның соңғы рет өлшеу кезіндегі жұмыс бөлігінің ұзындығы.

Жүктеме рекласациясы қисығында келесідей дискретті нүктелерді алып қарауға болады: Р0 – релаксация процесінің ьасындағы жүктеме деңгейі, Р1 – құрылымдық процестің тез ағуынан кейінгі жүктеме деңгейі, Р2 – баяу өзгеру процессі өткенен кейінгі жүктеме. Сонда тез өтетін релаксация процесінің бөлігі келесі формуламен анықталынады:

∆ Р1 = ( Р0 - Р1) / Р0

Жай өтетін релаксация формуласы

∆ Р2 = ( Р1 – Р2) / Р0



Жүктеменің жалпы құлау үлкендігі

К = ( Р0 – Р2) / Р0

Жұмысты жүргізу әдістемесі

Мата, тоқыма және бейматалардың ұзару деформациясының құрама бөліктерін анықтау үшін үлгілердің келесідеймөлшемдері мен параметрлерін белгілеуге болады.



  1. Элементарлы үлгінің жұмыс аймағының өлшемі а- жүн маталар үшін 25х100 мм

  2. Барлық басқа маталар және бейматалар үшін 25х100 мм

а-трикотаж үшін 50х100 мм

  1. Берілген үзу жүктемесі, %

а. – мата 10-25%

б. – трикотаж 5%

с. – беймата 10%

4. үлгіге жүктеменің әсер ету уақыты



а. – 60 минут бойынша

5. жүктеменің түсіруден кейінгі демалу уақыты



а. – мата және тоқыма материалдар 120

б. – тоқылмаған материалдар 20

1. жүкті түсіргеннен кейінгі бірінші санауға дейінгі уақыт 2-5 секунд

2. алғашқа үзу жүктемесі, % 0,05

а – мата 0,05

б – бірлік тоқыма кездеме үшін 0,02-0,05

текстиль материалдарының релаксация сипаттамаларын анықтау үшін арнайы құрылғылар релакометрлер қолданылады.

«Тірек» типті реласкометрлер бір қалыпты жүктемедегі сынақты өткізуге арналған. Үлгі 3 жолақтарды 2 және 4 қысқыштар арасына бекітеді. Жоғарға қысқыштар 1 қақпашасына бекітілген. Төменгі қысқыштарға үлгіні созатын жүктерді 5 іліп қояды. Үлгі жолақтарының деформациясы жүктеменің әсерінен көлдеңнен шкаласының 0,1 мм дәлдігімен, төменгі қысқыштың нониус көрсеткіштерімен тіркелінеді. Ал, жүкте алып тастағаннан кейін сызғыш арқылы өлшенеді.

«Тірек» типті релаксометрлер бір қалыпты қзаруды анықтауға арналған. 2 және 5 қысқыштарды 1 қозғалмайтын және 4 қозғалмалы планкаға бекітеді. Қысқыштармен төменгі планканың жылжуы 7 штурвалдф – дөңгелектің көмегімен 8 винтте айналдыру арқылы орындалады.

Элементарлы үлгіні 3 созған кезіндежылжу өлшемі сызғыш 6 арқылы белгіленеді. Жүктен босатқан кезде үлгі 3 төменгі қысқыштан5 босатылып және оның деформациясы сызғышпен өлшенеді.

7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС



Тақырып: жаймалардың су өткізгіштігін және суға қарсы қасиеттерін анықтау

Жұмыс мақсаты: текстильдік жаймалардың су өткізгіштігін және суға қарсы сипаттамаларын және анықталу тәсілдерін зерттеу

Тапсырма

  1. Текстильдік жаймалардың су өткізгіштік және суға қарсылығын анықтау тәсілдерін зерттеу

  2. Жаңбырлы құрылғыда, матаның 3-4 түрінен және пенетрометрде су итергіш қабықшасы бар 3-4 мата түріне салыстырмалы зерттеу жүргізу.

Жалпы мағлұматтарды

Су өткізгіштік – деп жаймалардың су өткізу қасиетін айтамыз. Жаймалардың су өткізгіштігін, зерттелетін үлгіге жаңбырлық әдіспен жұмыс істейтін құрылғылар арқылы анықтаймыз. Су өткізгіштікті сипаттау үшін, су өткізгіштік коэффициенті пайдаланылады. Ол белгілі бір уақыт бірілгенде, зерттелетін үлгінің бірлік ауданын өтетін су көлемін көрсетеді. Су өткізгіштігін коэффициентін [дм32с] келесі формуламен анықтайды:

В=V/(FT)

мұндағы, V – үлгінің өткізген су итергіш қабықшасы жоқ, салыстырмалы жеңіл маталар үшін анықталынады. Ал, арнайы су итергіш қабықшасы бар бұйымдарды, сол бұйымдардың су итергіш өңдеудің сапасын анықтау үшін суға қарсылық қасиетін пайдаланады.

Суға қарса қасиет – ол жа жаймалардан су өтуіне қарсыласу қасиетін айтамыз. Суға қарсы қасиетті, зерттейтін үлгіге қажетті су қысымымен қамтамасыз ететін, ГОСТ 3816-81 сәйкес арнайы құрылғыларда – пенетрометрлерде анықталынады. Суға қарсылық қасиетінің сипаттамасы ретінде, көбінесе үлгінің толық сулануға дейінгі үлгіге түсірілген қысыммен анықталынады. Кейде үлгінің суға қарсы қасиетін үлгіге түсірілген қысымды ұстап тұру уақытымен де сипатталынады.

Жұмысты жүргізу әдістемесі

Матаның суға қарсылығын пенетрометрде анықтау.

Пенетрометр сауттан, воронкадан және біріктірілген тәсілде жұмыс жасайтын манометрлік құбыршадан тұрады. Сынақ жүргізер алдында сауытты суға толтырады да бағытаушы арқылы орнынауыстыра отырып, ең жоғарғы бөлікке орналастырады. Крандарды және ашқан кезде, суі сауыттан ағып воронканы және монометрлік құбыршаны толтыра бастайды. 4- кран судың воронка және манометрлік құбыршаға берілуін қамтамасыз етеді. Ал, 2- кранмен судың ағымын бақылайды. ГОСТ 38-16-81 сәйкес судың ағуының жылдамдығы 1 см/с тең етіп белгілейді, себебі ол манометрлік құбырда қысымның 5886 Па/мин (600 мм.вод.ст.мин) жылдамдықпен артуын қамтамасыз етеді.

Сынақ келесі түрде жүргізіледі. 4-кранды ашып, воронканы сумен толтырады, содан кейін 4- кранды жабады. Сыналып отырған үлгімен 7, қысқыш сақина (8) көмегімен вороканы қаптайды (беткі жағымен төмен қаратып). Содан соң кранды қайта ашады. Сауыттын (1) су ағып, сыналып отырған үлгіге әсер ететін су қысымы артады. Манометр бойынша, үлгінің сулану барсындағы (яғни мата бетінде 3 су тамшысының пайда болуы) қысымын белгілейді. Осы қысымдысуға қарсылықтың сипаттамасы ретінде қабылдайды.

Сынақтан кейін, 4- номерлі кранды жабады, ал воронкадағы және манометрдегі суды 5 кран арқылы түсіреді.

Есеп беру бойынша көрсеткіштері

Есеп беру арнайы терминдерді қамтуы қажет: су өткігіштік, су су өткізгіштік коэффициенті, суға қарсылық қасиеті;маталардың су өткізгіштік және суға қарсы қасиеттерін анықтау тәсілдерін сипаттау, сонымен қатар маталардың су өткізгіштік және суға қарсы қасиеттерін бағалау нәтижелерімен анализі.



Сипаттамасы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Әр түрлі маталар үшін сипаттамалар көрсеткіштері

1

2

3

4

Үлгі ауданы

F

M2













Жаңбарлау уақыты

T

c













Үлгімен өткізілген су көлемі

V

Дм2













Су өткізгіштік коэффициенті

Bq

Дм3/(м2с)
















Сыналатын мата түрі

Суға қарсы қасиеті

Мм.вод.ст

Па

8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС



Тақырып: Беймата жаймаларының сызықтық өлшемдерін, құрылымдық сипаттамаларын және беттік тығыздығын анықтау

Жұмыс мақсаты: беймата жаймаларының сызықтық өлшемдерін құрылымдық сипаттамаларын және беттік тығыздығын оқып үйрену

Тапсырма

  1. Беймата жаймаларының құрылымдық сипаттамаларын және сызықтық өлшемдерін есептеу және анықтау әдістерін үйрену

  2. Беймата жаймаларының жіктелуін, талдау тәсілдерін және оның құрылымын оқып үйрену

  3. Әртүрлі беймата жаймаларының құрылымына талдай жүргізу

Жалпы мағлұматтар

Беймата жаймаларын текстиль материалдарының (жайғақ, жіптер жүйесі, каркас және т.б.) бір немесе бірнеше қабаттары әртүрлі әдістермен (тоқу-тігу, инетесу, клейлеу және олардың қиылысу) бір-бірімен бекітілген қарапайым құрылымынан тұрады. Кездемелер өндіру әдісі бойынша тоқу-тігу, инетесу және желімдеу болып ерекшеленеді. Беймата жаймаларының құрылымын оны құрайтын текстиль материалдарының қабаттары және оларды біріктіру құрылымын анықтайды.



Беймата жамалары, түрлері және оларды өңдіру әдістері, құрылыс ерекшеліктері

Беймата бұйымдар көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа емес талшықтардан немесе жіптерден жасалынған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бір неше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасынмен, қабыршықпен қатырмалау арқылы да шығарылады. Беймата жаймалар мата ұқсас көрінеді, біраақ құрылымы және және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір – бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі.

Бекітудің 3 әдісі белгілі:


  • Махникалық

  • Физико-химиялық

  • Аралас

Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға

  • Іліп тоқылатын тігілген жайма;

  • Инетесімді жайма;

  • Киізбасылым жайма жатады.

Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады.

Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабатты төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді.

Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн басым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді.

Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғақтарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (пресстей) жасайды.

Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдерінің екі немесе одан көбін қолдану жатады.

Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру

Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ, жіптер жүйесі, мата, қабыршық және тағы басқа болады. Талшықты жайғақ мата талшықтарынан, мақата иіру өндірісінің иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар, жүн және химиялық талшықтарды, иіру өндірісінің қалдықтарықолданылады.

Беймата жайманы тоқу-тігу әдісімен қалыптастыру тару-тоқу агрегатында орындалады. Мұнда қалпақты немесе білікті тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған жіне тоқу-тігу машинасымен тіркестірілген.

Жайғақты қалыптастыру тарау машинасына қойылған эродинамикалық қосалқаның көмегімен немесе желімденген беймата өндірісінде қолданылатын гидродинамикалық әдіспен орындау мүмкін.

Тоқу үшін жалаң қабат немесе ширатпалы мақта жібі, капрон, хлорин, лавсан құрама жіптері қолданылады.

Жіптерді тоқуға дайындалуға төмендегі процесстер жатады:


  • Қайта орау (бір тікиіршікте ұзындығы үлкен жіп алу үшін);

  • Тазарту (қоқыстардан, түбіттен, жуан жерлерін алып тасау үшін);

  • Парафиндеу немесе эмульсиялау (жіпті тегістеу үшін).

Жайғақтарды біріктіріп тоқу көбіне желіжіптік өрімдермен (трико-тізбекті, шұға-тізбекті) орындалады.

Мұндай жағдайда тоқу-тігу машинасы көзді инелері бар екі тарақтан және тігу жіптерімен екі тізбеорауыштан тұрады.

Іліп тоқыла тігілген жайманың қасиеттері тек қана жайғақтың құрамы мен құрылымына ғана байланысты емес, сондай-ақ тесіп тігетін жіпке, өрімдер түрінде, жайманың ені мен ұзындығы бойынша тігу тығыздығына және шалу жібінің ұзындығына байланысты. Мұндай жаймалар көйлек, костюм, көрпе, сүлгілік бұйымдар шығаруға қолданылады.

Техникалық материал түрінде фильтр, конвейерлер таспасы, буып-түюге қолданылады.



Инетесімді беймата жайма өндіру

Талшықты жайғақты көбінесе аэродинамикалық тәсілмен қалыптастырады.

Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу машиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе, еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форматұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы байланыстырушы сұйықпен сіңдіріп, ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлерретінде қолданылады.

Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына байланысты болғанымен, көбіне професстің негізгі көрсеткіштеріне, әсіресе тесудің тереңдігіне және жиілігіне байланысты.



Желімді беймата жайма өндіру

Желімді беймата өндіру үшін әртүрлі шикізат қолданылады: қысқа талшықтар (мысалы, линт-мақтадан талшықты бөліп алғанда қысқа талшықтар, иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарының басқа қалдықтары), қалпына келтірілген талшықтар (тігін өндірісінің қалдықтарының, тұтынылған бұйымдарды қайтадан өңдеу нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар және тағы басқалары.

Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір бірімен біріктіру алғалды немесе тәсілмен орындалады. Ылғалды тәсілде СКН-40-1-ГН, СКН-40, БНК атекстер, термопластикалық полимерлердің судағы эмульсиялары, мысалы, полифиниспирттін эмульсиясы және басқа да химиялық заттар кеңінен колданылады.

Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен шашырату және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады.

Толық сіңдіру соңынан артық қалған байланыстырғышты жою үшін сығуда, кептіруді және термоөндеуді қажет етеді. Сығу – каландрлеу біліктерімен, кептіру – барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыс-тырысы жазылады да машинадан шығарылады. Кетіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңдеу мүмкін. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет.

Сұйық байланыстырғышты шашыратқанда сығу қажет емес. Мұндай жағдайда беймата жайманың құрылымы тұтас сіңдіруге қарағанда босату, өтгізгіштігі өте жақсы және қаттылығы төмен болады.

Желімделген беймата жаймаларының қасиеттері талшықтар түріне және олардың жайғақта орналасуына байланысты, сонымен қатар байланыстырғыштың түріне, оның жайғақта таратылуына, пайыздық құрамына және желімдеу тәсіліне де байланысты. Талшықтардың жайғақта хаосты түрінде орналасуы беймата жайманың бойлық және көлдеңнен бағыттарда бірдей қасиеттерінқамтамасыз етеді.

Желімді беймата жаймалар төсу, декоративті, фильтірлік, изоляциялық материалдар ретінде қолданылады.

Жайғақтағы талшықты түзету дәрежесі талшықтың нақты ұзыңдығынын LВ, бекіту нүктесі немесе талшықтың соңғы аралығының ара қашықтығына ɑ қатынасымен бағаланады:

С= LВ / ɑ

Тоқу –тігу жаймалары үшін (ГОСТ 15902.2-79) стандарты құрылымдық сипаттамасы ретінде қолданады:


  • Тігін жібінің сызықтық тығыздығы Т, текс

  • Жайманың ұзындығы және ені бойынша тігу тығыздығы:

  • 50 дегі шалу қатарының саны (Пд),

  • 50 мм дегі шалу бағаналарының саны (ПЩ).

Шалудағы жіптің ұзындығы бір шалуды құрауға кеткен жіп ұзындығы.

1 м2 кездемедегі тігетін жіптің ұзындығы Lп, мм

L = 0,4ПдПшlп

Беймата жаймаларын тоқу-тігу үшін қолданылатын тігу өрімдері құрылымдық сипаттамасы болып саналады. Ал, негізін бекіту үшін желі тоқудың әр түрлі тоқыма айқаспалары қолданылады: трико, сукно, шарме, филей, сонымен қатар әртүрлі олардан қиыстырылған айқаспалар.

Беймата жаймаларының инетесу құрылымын 1 см2 тесік жиілігі сипаттайды. Ал, беймата жаймаларын желімдеуді желім құрылымы бағалайды. Желімдеудің бірнеше түрі бар: контактылы, желімдік муфталар, ламельді, агрегатты.

Беймата жаймаларының сызықтық өлшемдерін ұзындығы L, мм; ені В, b, мм сипаттайды.

Беймата жаймаларының құрылымдық сипаттамасына мыналар жатады:


  • сызықтық тығыздығы МL, (г/м) 1 м кездеменің салмағы, оның фактылы енінде,

  • беттік тығыздығы МS, (г/м2), 1 м2аудандағы кездеме салмағы.

Тоқып-тігілген жаймаларда қосымша төменде көрсетілген көрсеткіштерді де айнықтайды:

  • жаймадағы тігілген жіптің беттік тығыздығы МН, г/м2

Біртекті айқаспалар үшін (трико-тізбек, сукно және т.б.)

МН = 4х10-4ПдПшlпТ

Қос айқаспалар үшін (трико-тізбек, трико сукно және т.б.)

МН 4х10-4ПдПш(l1+ l2

мұндағы, l1, l2 – бірінші және екінші айқаспаның шалудағы жіп ұзындығы.

Жаймадағы тігіс жібінің құрамы, %

СП = МН100/МS

Холстының құрамы немесе каркасты жайма, %

Сх(к) = 100- СП



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет