Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құрамы.
Күрескердің амалы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекесі бұл оның.
Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой-қиялы сыйып жатыр.
Жеңіс! Кім де болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды.
Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды, сенің жолыңда қаншама қаһармандар қалды. Сол обаларда отыздап, қырықтап жауынгерлер жатыр. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар – ер ұлдар мен қыздардың жүрек қандары емес пе!? Сол обалар етегінде оттай жанып тұрған гүлдер мәңгі өшпес ел махаббатының белгісі емес пе? Осы жеңіске біз қалай қол жеткіздік?
- Соғыс! Осы бір атау қаншама ананы зар еңіретті, өз өмірін құрбан етті. От пен жалынға оранған қаншама күндер мен түндер... Оның әр минуты, әр сағатты қауіп – қатерге толыболғанын сол жылдары қолына қару алып, Отан қорғауға аттанған майдангер ағаларымыз бен апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатқандардың ішінде қазақстандықтарда көп еді. Олардың арасында соғыс техникалары мен құралдарын ұршықтай үйіріп, жете меңгерген жандар да көптен шықты. Оған ұштыш, танкист, артиллерист, барлаушы, байланысшы, партизан, мерген сияқты сан түрлі мамандықтарды игеріп, жаудың бетін қайтарған ер-азаматтардың ерлігі куә бола алады.
Ерлік пен қаһармандықтың теңдсі жоқ үлгісін көрсеткендердің алдыңғы шебінде ұшқыштар жүреді. Жалпы бұл соғыста жаужүрек 2420 ұшқыш Кеңес одағының Батыры атағын алды. Тарихи ақиқатқа сүйенсек, 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 101 қазақ Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды. Солардың қатарында мұндай айрықша атақты екі рет алған ұшқыштар Талған Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда, бір мәрте ие болған Нұркен Әбдіров пен Михаил Янко араға ұзақ жылдар салып барып ұлы ерлігі мойындалған Бақтыораз Бейсекбаев пен Хиуаз Доспановалар бар. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ даласының батыры Қажымұқан Мұнайтпасов жеке қаржысына әскери ұшақ жасалып, ол ұшақ 701-авиаполктың ұшқышы Қажытай Шалабаеқа тапсырылғаның жұртшылық жақсы біледі. Қажытай сол ұшақпен екі жылда 217 рет оның ішінде 120 рет түнде ұшып, жау нысандарын бомбалап қайтқан. Соғыс өрті күйіп жанып тұрғанда, қиян-кескі шайқасқа кірісер алдында ұшқыштар ең қымбат жәдігер затын өздерімен бірге алып ұшатын болған. Қазақтар «сын сағатты жеңілдетеді» деп туған жердің бойтұмарын мойнына тағып немесе жан қалтасына салып ұшқан деседі. Бірақ оны ешқайсысы тіс жарып айтпаған. Қайталанбас қаһармандықтың мұзбалағы ұшқыштар да сенім деген қасиетке бас иген ғой. Қазақстандықтардың соғыста көрсеткен ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Қан майданға ерлермен бірге қару алып, елін қорғауға аттанған шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүктің еңбектері ерен. Олардың бейнесі бүгінгі ұрпаққа үлгі.
1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде барлаушылар Егоров пен Кантария тіккен Жеңіс жалауы желбіреді. Рейхстагқа шабуылға шыққандардың көпшілігінің өз жалаулары болатын. Солардың бірі қазақ халқының ұлы ерлік жолы сонау Есіл өңірінен Берлинге дейін әкелген Рақымжан Қошқарбаев еді.
1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры біздің елімізге Герман фашизмінің қан құйлы шабуыл бастаған күні мен оның күйреу жеңілген күні. Қанды майдан даласында қазақ қаламгерлері де қару мен қаламды қатар ұстап, сұрапыл жорық жолдарынан өтті. Амангелді секілді халық батыры атанған Бауыржан Момышұлы, ерлігі Алтын жұлдыз ьолып жарқыраған Мәлік Ғабдулин.
Жалында жанып өлген Абдолла Жұмағалиев, қамал бұзар қаһарлы сөзімен халық жадында қалған Баубек Бұлқышевтарда біз қадыр тұтып , әр уақыт рухтарына бас иеміз. Олардың рухы жеңіс салюттерінің оттарымен бірге жүзеді. Жерде гүл болып жайқалады.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Батырлар – естелігі соғыстың –
демекші, міне осынау қан майданы төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие отырып, ол кісілердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту болашақ мына біздің қолымызда. Еліміз үшін, жеріміз үшін құрбан болған батырларымызға мың тағзым!
Соғыс деген сөздің аты өшсін. Егемен еліміздің ынтымағы нығайып, аспанымызды бұлт торламасын.
С. Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейі
Шығарманың тақырыбы: «Жеңіс, естегілер, отаншылдық»
Орындаған: 10 Ә сынып оқушысы Баймұратова Айнұр
Достарыңызбен бөлісу: |