«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет41/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

4. 
Тақырыпқа кіріспе 
 «Дүкен. Дүкендегі тәртіп ережелері» ойыны 
- Қазір біз сіздермен дүкен ойынын ойнаймыз. 
- Кім сатушы болғысы келеді? 
- Біздің дүкен қалай аталады? 


- Міне, сіздерге ақша, дүкенге барамыз. 
- Дүкенге барғанда қандай ережелерді білу керек? 
1- ереже. Алдымен дүкеннен шыққан адамдарды өткізіп жіберіңіздер.
- Дүкенге кірмес бұрын, шығатын адамдарға жол беру керек. 
2- ереже. Сыпайы болыңыздар! 
- Дүкенге кірген соң, сәлемдесу керек. Сатушыға өтініш білдіре отырып, 
«кешіріңіз», «өтінемін», «сұрауға рұқсат етіңіз», «сұрауға бола ма», «ғафу 
етіңіз» деген сөздерді қолдана аласыздар. Сатып алушының сатушыларға 
жүгінуі сыпайы және сабырлы түрде болуы керек. Дөрекі және бұйыра 
сөйлеу әдепсіздік пен надандықтың белгісі.
3- ереже. Дүкенде жүргенде итермеңіз, жол беріңіз. 
4- ереже. Кезекке тұрыңыз, шыдамды болыңыз. 
5-ереже. Сауда жасап болған соң, «рақмет» айтуды ұмытпаңыз. 
Дүкенге барғанда өзін-өзі ұстау ережесі 
Дүкенге кірген кезде дүкеннен шығып келе жатқандарға жол беру керек, содан 
кейін өзіңіз кіріңіз. Егер сізбен бір уақытта дүкенге қарт адамдар, жүкті әйел, 
мүгедектер, кішкентай баласы бар ана кіргелі тұрса, онда алдымен оларға жол 
беруіңіз керек. 
➢ Дүкенге лас заттармен кіруге болмайды.
➢ Дүкенге кірген кезде есікті ұстаңыз. 
➢ Егер дүкен шағын болса және сіз тұрақты сатып алушы болсаңыз, қызмет 
көрсетушілермен амандасыңыз. Ал үлкен супермаркеттерде олай жасамауға да 
болады. 
➢ Қарсы ағынға тап болмас үшін қозғалыс бағыттарын сақтаңыз. Жақын жерде 
келе жатқан адамды итермеңіз. Егер сіз кездейсоқ біреуді итеріп жіберсеңіз 
немесе аяғын бассаңыз, кешірім сұраңыз. 
➢ Ұқыпты болыңыз, сөрелердегі тауарды шашпаңыз. Затты ұқыпты және 
абайлап ұстаңыз. 
➢ Арнайы қаптамасыз сатылатын өнімдерді сұрыптауға, қолмен ұстауға 
болмайды. 
➢ Тым қатты сөйлемеңіз. 
➢ Сатушы мен сатып алушылардың уақытын алмау үшін сатып алу тізімін 
алдын ала жазыңыз.
➢ Егер сізге өнім ұнамаса және оны сатып алғыңыз келмесе, кешірім сұраңыз 
және сыпайы түрде сатып алудан бас тартыңыз. 
➢ Сатушыға қызмет көрсеткені үшін «рақмет» айтуды ұмытпаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет