«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет45/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Болжалды жауап нұсқалары: 
Қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.
Сіріңкелермен ойнамаңыз. 
Тоқ көзінен ажыратарда сымынан тартпаңыз. 
Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз. 
Мұз үстінде жүрмеңіз. 
Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіңіз. 
Таныс емес саңырауқұлақтарды, жидектерді жеуге болмайды. 
Жолдың үстінде ойнамаңыз. 
Жолда жүру ережесін сақтаңыз.
Бейтаныс заттарды алып, үйге әкелмеңіз.
Досыңызға барғанда, ата-анаңызға хабарлаңыз.
Дәрі-дәрмектерден абай болыңыз. 
Терезеден шықпаңыз. 
Лифтіге бейтаныс адамдармен кірмеңіз. Даладағы тоқ сымдарын қолыңызбен 
ұстамаңыз.
4. Тақырыпқа кіріспе. Әңгіме 
Біздің ең маңызды міндетіміз – өзімізге және айналамыздағы адамдарға 
жауапкершілікпен қарау, қауіптерді болжай және тани білу, жеке қауіпсіздіктің 
қарапайым ережелерін сақтау. Қауіп бізді барлық жерде күтеді: жолда, аулада, 
үйдің кіреберісінде тіпті біз болатын кез келген жерде. Ата-анаңызбен бірге арнайы 
«құпия сөз» ойлап табыңыз. Бұл сөз құпия, оны ешкім білмеуі керек (тек қауіпті 
жағдайларда қолдану керек). «Қауіп», «қиындық» және т.б. деген сөздер болмау 
керек – шабуылдаушы сіздің ата-анаңызға сигнал жіберіп жатқаныңызды білмеуі 
керек. Егер бұл сөз тіркесі болса, өте қолайлы. Мысалы, «Жасыл шарф».
5. Білімді бастапқы игеру және түсінгендерін тексеру. Біздің сынып үшін 
«құпия сөз» ойлап табыңыз.
6.Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс 
«Әдеби викторина» байқауы. 


Жетекші: Сіз көптеген ертегілерді білесіз. Бірақ, қазір сіз өмір қауіпсіздігі 
негіздерін бұзу, қайғылы салдарға әкеп соқтырған ертегілерді еске түсіріп, 
себебін түсіндіруіңіз керек. 
1. «Бауырсақ», «Пиноккионың шытырман оқиғалары», «Қызыл телпек» 
– бейтаныс дамдарға шамадан тыс сенім 
2. «Қасқыр мен жеті бала» – бөтен адамдарға есікті ашпаңыз. 
3. «Ұр тоқпақ», «Қаздар-аққулар» – үлкендерге мойынсұныңыз. 
4. «Ұйқыдағы ару» – үшкір заттардан абай болыңыз. 
5. «Қар ханшайымы» – алда келе жатқан көлікке жабысуға болмайды. 
6. «Мысық үйі» – отпен ойнауға болмайды. 
7. Қорытынды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет