Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104, 112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
111
6. Қорытынды. Рефлексия (2минут).
- Бүгінгі сабақтан не білдің?
- Төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқару неге байланысты?
Өзіңді 112 қызметінің диспетчері деп ойла. Қорқып, көмек
сұраған балаға
қандай сұрақтар қояр едің?
Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-
IEuEG9KjOrJzvPM&index=5
№ 3 САБАҚ. «НЕ ЖӨНІНДЕ ҮНДЕМЕЙ ҚАЛУҒА ЖӘНЕ АТА-
АНАЛАРДАН ЖАСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ?»
Сабақтың мақсаты: балаларды буллингіге және психологиялық немесе
физикалық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға үйрету.
Сабақтың барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2.
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау
Бейнежазбаны қарау. Сабақ тақырыбын анықтау.
- Бейнежазбадан не білдіңдер? Не айтар едіңдер?
Сабақтың мақсаты: буллинг пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: