Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 477 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 9 маусым N 129-131
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 477 қаулысымен
бекiтiлген
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзудi ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Мыналар аккредиттеуге жатады:
республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi;
облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi республикалық бiрлестiктерiнiң филиалдары, облыстық бiрлестiктер, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiктердiң филиалдары, облыстық бiрлестiктер;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi республикалық бiрлестiктерiнiң филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктер, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi бiрлестiктердiң республикалық филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктер.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Егер, аккредиттеуге бiр өңiрдi, бiр саланы бiлдiретiн екi және одан да көп бiрлестiктер үмiткер болған жағдайда, онда осы бiрлестiктiң мүшелерi болып табылатын ұйымдардағы (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiндегi) қызметкерлердiң жиынтығында ауқымды саны бар бiрлестiк аккредиттеуге жатады.
4. Егер аккредиттеуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктi, қызметтiң бiр саласын бiлдiретiн екi немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн (бұдан әрi - бiрлестiктер) аккредиттеудi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
6. Аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хабарландыру жариялағаннан кейiн мемлекеттiк органы жүзеге асырады.
Аккредиттеудi республикалық деңгейде жүзеге асыру кезiнде хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында не мемлекеттiк органдардың ресми сайттарында жарияланады. Аккредиттеудi облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде жүзеге асыру туралы хабарландыру тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
7. Аккредиттеудi объективтi және бiлiктi түрде жүзеге асыру мақсатында әрбiр мемлекеттiк органда аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже мемлекеттiк орган басшысының шешiмiмен бекiтiледi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Аккредиттеу жүргiзудiң тәртiбi
8. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) салыстыру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi;
4) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
5) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
9. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi мынадай кезеңдердi қамтиды:
1) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
2) мемлекеттiк органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы;
3) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негiздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
10. Құжаттарды қарау комиссияның мәжiлiстерiнде жүзеге асырылады. Комиссия мыналарға:
1) бiрлестiктi аккредиттеудi;
2) бiрлестiктi аккредиттеуден бас тартуды;
3) аккредиттеу туралы куәлiктiң күшiн тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Мемлекеттiк орган комиссияның ұсынымы негiзiнде аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдайды.
Аккредиттеу туралы куәлiк немесе себебiн негiздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама мемлекеттiк орган тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бiрлестiкке берiледi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
12. Құжаттарды қарау (өтiнiштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдау мерзiмi он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
13. Егер:
1) берiлген құжаттар осы Ереженiң 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;
3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
14. Аккредиттеу туралы куәлiк осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 жыл мерзiмге берiледi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
15. Аккредиттеу туралы куәлiк иелiктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берiлмейдi.
16. Аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан кезде бiрлестiк тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде куәлiктi берген мемлекеттiк органнан оның телнұсқасын ала алады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
17. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын мемлекеттiк орган аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда тоқтата тұрады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
18. Куәлiктiң қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде мемлекеттiк орган комиссияның оң шешiмi негiзiнде оның қолданылуын жаңғыртады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
19. Аккредиттеу туралы куәлiк өз қолданылуын мынадай:
1) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2) куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бiр айдың iшiнде жойылмаған;
3) аккредиттелген бiрлестiк қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
4) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын ерiктi тоқтату туралы өтiнiш берген;
5) оның қолданылу мерзiмi өткен жағдайда тоқтатады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
20. Комиссия аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату мәселелерiн он жұмыс күнi iшiнде қарайды.
21. Мемлекеттiк орган бiрлестiктi аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күнi iшiнде (мемлекеттiк орган жолсыздықты тапқан сәттен бастап) хабардар етедi.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
бiрлестiктерiне аккредиттеу
жүргiзу ережесiне
N 1 қосымша
Кiмге ___________________________
(орталық мемлекеттiк және
_________________________________
жергiлiктi атқарушы орган басшысы-
_________________________________
ның лауазымы, Т.А.Ә.)
Кiмнен __________________________
(бiрлестiк басшысының
_________________________________
лауазымы Т.А.Ә.)
Деректемелер:
_________________________________
(заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)
Өтiнiш
______________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын
нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу
құқығын тану үшiн _______________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеудi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1. ________________________________________________________
2. ________________________________________________________
3. ________________________________________________________
4. ________________________________________________________
5. ________________________________________________________
М.О. _________ _________________________________
(қолы) (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
"___"______ 200__ жыл
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
бiрлестiктерiне аккредиттеу
жүргiзу ережесiне
N 2 қосымша
Елтаңба
____________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеу туралы
КУӘЛIК
______________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
______________________________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
______________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде _____________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық
кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын мойындайды.
(200 жылғы "___" ________ N ____ бұйрық)
Куәлiк 200 жылғы "___" ________ дейiн жарамды
Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының басшысы
(тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)
Сериясы:
Берiлген күнi:
Достарыңызбен бөлісу: |